Редакция таңдауы
Абай ұлт тарихында өзінің өшпес ізін қалдырды. Қазақтың жазба әдебиетінің негізін қалап, өміршең өлеңдерімен биікке көтерілді. Тағылымға толы қара сөздерін қалдырып, композиторлығымен қаншама сыршыл әндер тудырды. Қоғамды мәдени, рухани, білім жағынан өркендетті. Ғұлама, ойшыл ретінде де танылып, ұлттың ұпайын түгендеген дара да дана тұлғаға айналды. Сондай-ақ Крылов, Пушкин, Лермонтов шығармаларын қазақша сөйлетті. Сондықтан Абайды сан қырынан танимыз.
15 Тамыз, 2025
Қазақстан жалпы ішкі өнім өсімінен посткеңестік елдер арасында көш бастады
Халықаралық валюта қорының соңғы деректеріне сәйкес, осы жылы еліміздің тұрғын басына шаққандағы ішкі жалпы өнімі айтарлықтай өскен. Еліміздің бұл көрсеткіші 14,77 мың долларды құрап, Ресейдің 14,26 мың және Түрікменстанның 13,34 мың долларлық көрсеткіштерінен асып түсті. Сонымен қатар, ел бұл көрсеткішпен Қытайды да артта қалдырды, деп жазады Egemen.kz.
14 Тамыз, 2025
Түркістанда 8 баланың анасы дүниеге үшем әкелді
Түркістан облысы, Шардара ауданының тұрғыны 43 жастағы Орынкүл Нурабаева үшем босанды. Облыстық №1 перинаталдық орталығында өмірге келген ұлдардың салмағы – 2265, 2455 және 2405 грамм. Мезгілінен ерте босанған ана мен сәбилер дәрігерлердің қатаң бақылауында болып, перзентханадан үйіне шығарылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
14 Тамыз, 2025
Ата-аналар мектеп формасына қарсы петиция жариялады
Қазақстандық ата-аналар міндетті мектеп формасын алып тастау туралы петиция бастады, деп хабарлайды Egemen.kz КТК арнасына сілтеме жасап.
14 Тамыз, 2025
Аляска саммиті бейбітшілікке бастау болса игі
Жуырда АҚШ пен Ресей президенттерінің кездесуі 15 тамызда Аляска штатының Анкоридж қаласында өтетінін хабарлады. «Жұма күні таңертең президент Трамп Анкориджге ұшады, онда Ресей президенті Владимир Путинмен екіжақты кездесу өткізеді», деді Ақүйдің баспасөз хатшысы Кэролайн Левитт. Оның айтуынша, келіссөздер барысы әлі пысықталып жатыр, алайда Трамп алдымен Путиннің ұстанымын тыңдайды.
14 Тамыз, 2025
Шымкентте әкімдік ғимараты өртенді
Өткен түні Шымкент қаласы Абай ауданы әкімдігінің ғимаратынан өрт шыққан. Қалалық ТЖД хабарлауынша өрт туралы ақпарат «112» арнасына сағат 03: 16 шамасында түскен, деп жазады Egemen.kz.
14 Тамыз, 2025
Наркотизм – ұлт саулығына төнген қатер
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қауіпсіздік Кеңесінің кезекті отырысы өтті. Жиында нашақорлық күрделі әлеуметтік және құқықтық құбылыс ретінде қарастырылып, наркотизмге қарсы іс-қимыл мәселелері талқыланды.
14 Тамыз, 2025
Зангезур дәлізі геосаяси дауға нүкте қоя ала ма?
Өткен аптаның соңында әлем назары АҚШ-қа ауды. Ақүйде Президент Дональд Трамптың араағайындығымен Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев пен Армения Премьер-министрі Никол Пашинян бейбіт келісімге қол қойды. Осы келісім арқылы қос елдің арасындағы территория дауын шешудің қағидаттары бекітілді.
14 Тамыз, 2025
Сыртқы істер министрлігі Инвестициялар комитетінің төрағасы Ғабидолла Оспанқұлов «Dan Capital» компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы, «ValueLBH Fund» қорының басқарушы директоры және серіктесі Шимон Бен Хамомен кездесті. Тараптар еліміз үшін басым экономикалық секторларда инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту және бірлескен жобаларды жүзеге асыру келешегін егжей-тегжейлі талқылады.
14 Тамыз, 2025
Ертіс бойындағы еңбек форумы: жұмысшы мамандықтардың жаңа тынысын ашты
Павлодарда Халықаралық жастар күні және Жұмысшы мамандықтары жылы аясында «Жастар болашағы – жарқын Қазақстан» атты республикалық жастар форумы өтті. Жиынға еліміздің барлық өңірінен 120-дан астам белсенді жас – инженерлер, өнеркәсіп кәсіпорындарының мамандары, IT-технологтер, дәрігерлер, кәсіпкерлер, қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты.
14 Тамыз, 2025
Технологиялық ізденіс терең өңдеуді дамытады
Өңір экономикасының алтын діңгегі – өңдеу өнеркәсібі. Аталған саланың үлесі облыста шығатын жалпы өнімнің 66%-ын құрайды. Оның жартысынан көбін машина жасау саласы (54%), тамақ өнеркәсібі (22%), металлургия (18%) алады. Ауыл шаруашылығына қолайлы, топырағы құнарлы 10 млн гектардан аса жері бар байтақ өлке бұған дейін жыл сайын 4 млн гектардан астам алқапқа дән егіп келген. Биыл көктемгі егістік көлемі 5 млн 121,9 гектарға жетті.
14 Тамыз, 2025
Биыл ел ырыздығының еселене түсуіне барлық жағдай жасалып отыр. Қажырлы еңбектің арқасында егістік алқаптарда ақық дән мол деп айтуға әбден болады. Бүгінде дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар егілген алқаптың 80 пайызы жақсы, 1 миллион гектар алқап қанағаттанарлық деңгейде.
14 Тамыз, 2025
«Балқашты жүзіп өтуге тәуекел еттім»
Астаналық параспортшы Ақназар Мүтәліп Балқаш көлін 20 шақырым ендікте жүзіп өтіп, әлемдік рекорд орнатты. Бір қол, бір аяғы кем спортшы 13 сағатта межелі қашықтықты жүзіп өтті. Енді Гиннестің рекордтар кітабына көрсеткішін жолдап, жаһанның таңғажайып нәтижелерін сүзгіден өткізе саралайтын ұжымның мақұлдауын күтіп жүр. Он екі мүшесі сау адамның өзі жүрегі дауалай бермейтін тәуекелді еңсерген саңлақпен аз-кем тілдесудің орайы туды.
14 Тамыз, 2025
Қазақстанда мемлекеттік наградаларға ұсыну ережелері өзгерді
Қазақстан Республикасы Президентінің өкіміне сәйкес 1999 жылғы 8 қарашадағы №90 «Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтауға ұсыну және оларды тапсыру тәртібі туралы нұсқаулықты, Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларына арналған құжаттардың үлгілерін және мемлекеттік наградалар белгілерінің сипаттамасын бекіту туралы» өкімге өзгерістер мен толықтырулар енгізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
13 Тамыз, 2025
Цифрлық штаб қызметін бастайды
Үкімет басшысы Олжас Бектенов Президент тапсырмасын орындауға орай жиын өткізді. Жиын қорытындысына орай цифрлық трансформация бойынша топ (цифрлық штаб) құру жөнінде шешім қабылданды.
13 Тамыз, 2025
Жаңа оқу жылына дайындық: нақты міндеттер айқындалды
Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында жаңа оқу жылының басталуына дайындық мәселесі қаралды. Отырыста тиісті сала басшылары жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары туралы баяндады.
13 Тамыз, 2025
Ел ертеңінің стратегиялық капиталы
Бүгінгі басты стратегиялық ресурсымыз – жастар. Ел халқының үштен бір бөлігін құрайтын бұл санат қазір қоғамдық, әлеуметтік-экономикалық және мәдени өзгерістердің қозғаушы күшіне айналып отыр.
13 Тамыз, 2025
Өңірде Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған мерекелік іс-шаралар көптеп өтіп жатыр. Соның бірі – Қостанайдағы Жастар сарайында болған «Абай аманаты» атты әдеби-сазды танымдық кеш.
13 Тамыз, 2025
Өткен айда Мемлекет басшысы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы заңға енгізілген өзгерістерді ресми бекітіп, құжатқа қол қойған еді.
13 Тамыз, 2025
EC-145 тікұшағында болған үшінші ұшқыштың денесі табылды
Қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, 12 тамызда су асты іздестіру жұмыстары барысында экипаждың үшінші мүшесінің денесі табылған, деп жазады Egemen.kz.
12 Тамыз, 2025