Қоғам • 12 Желтоқсан, 2025

Пробация қызметі есебінде тұрғандар назардан тыс қалмайды

10 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Астанадағы Е.Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармония ғимаратында пробация қызметі есебінде тұрған адамдарға арналған әлеуметтік акция өтті. Астана қаласы прокуратурасы, қала әкімдігі, қылмыстық-атқару жүйесі департаменті ұйымдастырған іс-шараға 200-ге жуық адам қатысты.

Пробация қызметі есебінде тұрғандар назардан тыс қалмайды

«Заң және тәртіп» тұжырым­дамасы аясында маңызды әлеуметтік акция өтті. Біздің ортақ мақсатымыз – есепте тұр­ған азаматтарға нақты қолдау көрсетіп, олардың заңға бағынатын әрі тұрақты өмірге қайта оралуына жағдай жасау. Біз қайта құқық бұзушылықтың алдын алуда еңбекпен қамту негізгі фактор екендігін түсінеміз. Сондықтан бір алаңда бизнес өкілдері мен жұмыспен қамту қызметі жиналып, жұмыс орындарын, тегін оқыту мүмкіндіктері мен кәсіби кеңестер ұсынды. Әрбір қатысушыға өз тағдырын өзгертуге мүмкіндік беріліп отыр», деді Астана қаласы прокуратурасы басқар­масының аға прокуроры Нұртас Дүйсембаев.

Мамандар пробация қызме­тінің есебінде тұрған адамдардың қаржылық мәселелері мен не­сиелік жүктемелерін назарға алды. Заңгерлер мен сот орындаушылар азаматтарға берешектерін реттеуге, күрделі жағдайларды заңды жолмен шешуге көмек берді. Сонымен қатар жиында медициналық блок жұмыс істеді. Мұнда қатысушылар дәрігерлердің кеңесін алды. Бұдан бөлек, қатысушылар электрондық үкімет порталында тіркелу, мемлекеттік қызметтерді, оның ішінде құжаттандыру мәселесі бойынша қызметтерді ХҚКО-ға бармай-ақ сол жерде ала алды.

«Бұл акция – прокуратурамен мемлекеттік органдар жүргізіп отырған жүйелі жұмыстың бір бөлігі. Біз «Заң және тәртіп» әр азаматтан басталатынына сенеміз. Ал біздің міндет – адамның жаңа болашаққа нық қадам жасауына мүмкіндік беретін жағдай жасау»,  деді аға прокурор.

Прокуратура өкілінің айтуынша, қазір Астанада 2500-ден астам адам пробация қызметінде есепте тұр. Олардың көпшілігі – 25-35 жас аралығындағы азаматтар.

«Осы әлеуметтік акцияға 25 жұмыс беруші қатысты. Олар 300-ге жуық бос жұмыс орнын ұсынды. Олардың қатарында сантехник, тігінші, электрик секілді бірнеше жұмыстар бар», деді Астана қаласы әкімдігі Еңбек мо­бильділігі орталығының директоры Олжас Омар.

Соңғы жаңалықтар

Робот ота жасады

Ғалам ғажаптары • Кеше

Ең ұзын туннель

Ғалам ғажаптары • Кеше

Отыз үйрек, бес қырғауыл

Аймақтар • Кеше

Қазақстанда мал ауруы 51%-ға төмендеді

Шаруашылық • 12 Желтоқсан, 2025