Редакция таңдауы
Жұмысшы мамандықтар жылы аясында Алматы облысында еңбек адамының мәртебесін арттыруға бағытталған маңызды іс-шара өтті. Іле ауданындағы «Бент» ЖШС өндіріс алаңында «Amanat» партиясы Алматы облыстық филиалы жанындағы «Жастар рухы» жастар қанатының ұйымдастыруымен «Чемпиондық рух» жобасы аясында зауыт жұмысшылары мен танымал спортшылар бірлесіп жаттығу өткізді. Жаттығуға 150-ге жуық адам қатысты.
31 Шілде, 2025
Бишімбаевтың інісіне жаза жеңілдетілді
Степногорск қалалық соты Бақытжан Байжанованың Қазақстан Конституциясының 30 жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы өтінішін қанағаттандырды, деп жазады Egemen.kz.
30 Шілде, 2025
Қазақстан көміріне кедергі жоқ
Еліміз Ресей арқылы Еуропа елдеріне қайта көмір тасымалдайды. Үкімет Еуропалық одақ жанындағы тұрақты өкілдігімен бірлесіп, еуропалық тараппен түрлі деңгейде келіссөздер жүргізді. Атап айтқанда, ЕО санкциялық режіміне тиісті өзгерістер енгізу туралы жолданған ресми өтінішті Еурокомиссия қабылдап, жерде қалдырмады.
30 Шілде, 2025
Ұлыбритания тұрғындары елдің Еуроодаққа қайта қосылуын қолдап отыр. Жалпы кез келген мемлекет экономикалық, әлеуметтік-саяси қатынастар бойынша туындайтын мәселелердің, міндеттердің шешімін табуда бірлесіп, халықарaлық күш жұмылдыруға ұмтылады. Мұның артықшылығын британдықтар мойындаған сыңайлы. Өйткені бес жыл бұрын қабылданған Brexit уәделері әлі де орындалмай келеді.
30 Шілде, 2025
Күздік бидай мен арпа жинау басталды
Осы күндері Батыс Қазақстан облысында күздік бидай мен арпа орағы басталды. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Берік Сейітқазиевтің айтуынша, әзірге егін шығымы жақсы, диқандар гектарына 30 центнерден өнім алып жатыр.
30 Шілде, 2025
Кешенді шаралардың келешегі зор
Елімізде еңбек нарығы түбегейлі жаңғырып,жаңа кезеңге қадам басты. Өнеркәсіптен бастап ауыл шаруашылығына, отын-энергетикадан геология мен құрылысқа дейінгі салаларда мыңдаған жаңа жұмыс орындары құрылып, 75-ке жуық заманауи мамандық енгізіліп жатыр. Үкімет цифрландыруды күшейтіп, кәсіби стандарттарды жаңартып, дуалды оқыту жүйесін кеңейту арқылы жастарды нақты секторға тарту мен еңбек адамының беделін арттыруға басымдық беріп отыр. Осы мәселелер Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында талқыланды.
30 Шілде, 2025
Қазақстан – Түркия: Сенім мен ықпалдастықтың байсалды белесі
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Түркия Республикасына ресми сапары осы елдің негізін қалаушы әрі тұңғыш Президенті Мұстафа Кемал Ататүріктің кесенесіне зиярат етуден басталды. Қазақстан Президенті Анытқабір кесенесіне жерленген ұлы қайраткердің рухына тағзым етіп, Құрметті қонақтар кітабына қолтаңба қалдырды. Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Түркияның достығы нығая беретініне сенім білдіріп, бауырлас түрік халқының өсіп-өркендеуіне тілектестігін жеткізді. Гүл шоғын қою рәсіміне Қазақстанның ресми делегациясының мүшелері де қатысты.
30 Шілде, 2025
Черногорияның Ұлттық кітапханасында (Подгорица) қазақтың ұлы ақыны, философ, ағартушы Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына орай Абай орталығы салтанатты түрде ашылды.
30 Шілде, 2025
Мемлекет басшысы YDA Holding басқарма төрағасын қабылдады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев YDA Holding басқарма төрағасы Хусейн Арсланды қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
29 Шілде, 2025
Жергілікті өнімге сұраныс жоғары
Өңірде өнімін алаулатып-жалаулатып жарнамаламай-ақ, байыпты жұмыс істеп жатқан кәсіпорындар баршылық. Өйткені мұндай өндіріс орындарынан шығатын өнімге деген сұраныс қашанда жоғары. Мысалы, Қостанай агромеханикалық зауыты топырақ өңдеу, тұқым, астық, шөп тасу жұмыстарында жүрген техникаға қажет аспалы және тіркемелі агрегаттар мен олардың ұсақ бөлшектерін шығарады.
29 Шілде, 2025
Жамбылдағы мұраны Жапонияда зерттейді
Жапон ғалымдары Жамбыл жеріне ат басын бұрып, археологиялық қазбаға кірісті. Еліміздің белгілі академиктерімен бірлесе жұмыс істеуге бекінген олар Бүйрекбастау-Бұлақ тұрағын зерттеуге ниеттеніп отыр екен. Біздің заманымызға дейінгі 16 мың жыл бұрынғы тарихты аршуға бел буған ғалымдар зерделеу жұмысын тұрақтың топырақ қабатын зерттеуден бастамақ.
29 Шілде, 2025
1969 жыл. ҚазМУ-дың журналистика факультетіне оқуға түскен сол бір күз әлі көз алдымда. Сонда біздің курсымызда қарағандылық қыз-жігіттердің қарасы өте көп болды. Олар Әбусаттар Тұрғанбеков, Аманжол Қанафин, Жүрсін Ерманов, Тілеуғабыл Байтұрсынов, Самат Жүнісов, Сәулебек Жәмкенов, Клара Хамзина еді. Ойлап отырып таңғаламын, сол кездегі республика астанасындағы басқа ұлттың басымдығынан ба, жоқ әлде бұрыннан қанымызда бар қазақы қасиетімізден бе, әйтеуір алғаш танысқаннан бастап-ақ бәріміз бір-бірімізді жатырқамай өте ұйымшыл, ынтымақшыл болып кеттік. Жоғарыдағы жандардың көбі әскерге барып, одан қалса өндіріс пен шаруашылықта жұмыс істеп келіп оқуға түскен азаматтар-тын. Сондықтан олардың университетке мектеп қабырғасынан кейін бірден топ ете түскен біз секілді 12 оқушыға үйретері аз болған жоқ.
29 Шілде, 2025
«Педагогикалық шеберхана» жобасы заманауи мектепті табысты басқарудың кілті
Білім саласы – ұлт болашағының діңгегі. Қазіргі таңда мектеп тек оқушыға білім мен тәрбие беретін мекеме ғана емес, мұғалімдердің кәсіби дамуын қамтамасыз ететін, шығармашыл идеяларды жүзеге асыратын орталыққа айналуға тиіс. Мектепті басқаруда жаңа көзқарас, жаңа формат пен жаңа көшбасшылық парадигма қажет.
29 Шілде, 2025
Біріккен Ұлттар Ұйымы еліміздің Орнықты даму мақсаттарын іске асыру жөніндегі үшінші Ерікті ұлттық шолуын жоғары бағалады. Халықаралық қауымдастықтың қолдауына ие болған құжатта талдау тереңдігі мен мүдделі тараптарды кеңінен тарту және орнықты даму саясатындағы ұлттық басымдықтар қарастырылған.
29 Шілде, 2025
Берденовке жасалған шабуылдың себебі белгілі болды
Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовке жасалған қастандық ісі бойынша алдын ала тыңдау өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
28 Шілде, 2025
2027 жылы жер тұрғындарын ерекше астрономиялық құбылыс күтіп тұр
Жер тұрғындарын әсерлі астрономиялық құбылыс күтіп тұр. Бұл соңғы жүз жыл ішіндегі ең ұзақ күн тұтылуы болмақ. Ғалымдар таңғажайып көріністің нақты қашан болатынын және оны қай елдердің тұрғындары бақылай алатынын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
28 Шілде, 2025
2025-2026 оқу жылы қашан басталады?
Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі 2025–2026 оқу жылына арналған оқудың басталу және аяқталу уақытын, сондай-ақ мектеп оқушыларына арналған демалыс күндерін жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
28 Шілде, 2025
Ұлттық банктің инвестициялық кірісі
Қаржы министрлігі мен Ұлттық банк ұсынған дерекке сүйенсек, 2024 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша Ұлттық қордағы активтердің көлемі шамамен 66,2 млрд долларды құрады. Оның 58,8 млрд доллары – валюталық портфель, 7,4 млрд доллары – теңгедегі активтер.
26 Шілде, 2025
Бүгінде елордада 481 мың жас өмір сүреді. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 30 мың адамға артқан. Оның үстіне қаладағы 16 жоғары оқу орнында 95 мыңнан аса студент білім алып жатыр. Осы санаттағы азаматтардың дамуы мен әлеуетін арттыруға бағытталған бастамалар, жобалар мен бағдарламалар олардың жұмыспен қамтылуына, әлеуметтік белсенділігіне және кәсіби өсуіне серпін беріп келеді.
26 Шілде, 2025
Отандық ғылымның беделін биіктеткен басқосу
Әлемдегі жаратылыстану, математика, физика ғылымдарының өкілдері үшін зор маңызға ие «ISAAC-2025» конгресі мәресіне жетті. Екі жылда бір рет болатын, талай мықтының баяндамасы тыңдалатын іргелі іс-шара биыл алғаш рет Орта Азияда, соның ішінде Қазақстанда ұйымдастырылды. Бұл – біздің елімізге, төл ғылымымыз бен жоғары білім саласына үлкен мәртебе, сонымен қатар мамандарға халықаралық тәжірибе алмасуға таптырмас алаң. Өйткені мұнда талқыланатын тақырыптар тек теориялық емес, қаржы математикасы, жасанды интеллект, биология, нейрондық желілер сияқты 20-дан аса түрлі ғылыми бағытты қамтиды.
26 Шілде, 2025