Қоғам • Бүгін, 08:00

Қолжазбаларды зерттеу жанданады

10 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Еуразия ғылыми-зерттеу базасы жүзеге асырып жатқан жоба аясында қазақ зерттеушілері АҚШ-тың Бостон қаласындағы Гарвард университетіне ғылыми іссапармен барды. Жоба «Қазақстанның қолжазба мұрасы: реестрлеу, реставрациялау, ғылыми каталогтау, цифр­ландыру және кешенді кодикологиялық зерттеу» деп аталады.

Қолжазбаларды зерттеу жанданады

Іссапар Ахмет Ясауи университеті, Ғылым ордасы, Astana IT University және Гарвард университетінің консорциумдық келісімі негізінде жүзеге асып отыр. Қазақстандық делегация құрамына Ахмет Ясауи университеті Ғылым департаментінің директоры, PhD Хайрулла Масадиков, Nazarbayev University Әлеуметтану және антропология кафедрасының профессоры, PhD Ұлан Биғожин кірді.

Негізгі мақсат – Қазақстанның тарихи қолжазбаларын реестрлеу, ғылыми каталогтау және цифрландыру бо­йынша әлемдік тәжірибені зерделеу, сондай-ақ Гарвард университетінің және Дэвис орталығы ғалымдарымен тығыз байланыс орнату, жетекші сарапшылармен пікір алмасу және ғылыми мәселелерді талқылау, ортақ ғылыми іс-шаралар ұйымдастыру мәселесіне тоқталу.

Ғалымдар Гарвардтың Дэвис орта­лығы мен Хоутон, Вайденер кітапха­наларының мамандарымен кездесіп, сирек қолжазбалар қорымен, каталогтау және цифрландырудың заманауи тәсілдерімен танысты. HOLLIS жүйесі арқылы Орталық Азияға қатысты ислам дереккөздерінің базасымен жұмыс жүргізді. Кездесулер барысында бірлес­кен семинарлар, воркшоптар, ғылыми жобалар және шағатай тілін оқыту бағытында жаңа серіктестік, Қазақстанға Гарвард ғалымдарының сапарын ұйым­дастыру мүмкіндіктері қаралды.

Сонымен қатар Гарвард ғалымдары ғылыми жоба аясында шағатай тілі­нің онлайн сөздігін әзірлеу туралы бас­тама ұсынды. Бұл халықаралық дең­гейдегі бірегей ғылыми өнім болмақ. Іссапар Қазақстан ғалымдарына сирек қолжазбалармен жұмыс істеудің заманауи әдістерін меңгеруге, халықара­лық ғылыми желіні кеңейтуге, жоба нәтижелерін жаңа деңгейде іске асыруға мүмкіндік береді.

Соңғы жаңалықтар

Шыршаны балталау тыйылмай тұр

Аймақтар • Бүгін, 15:46

Ерлан Қарин: 1300-ге жуық жұмысшы мемлекеттік марапат алды

Жұмысшы мамандықтар жылы • Бүгін, 15:37