Редакция таңдауы
Премьер-министр Олжас Бектенов жұмыс сапарымен Алматы облысына барды. Сапар аясында Мемлекет басшысының халыққа Жолдауында қойылған Алатау қаласы базасында инвестицияларды, технологиялар мен іскерлік белсенділікті тартудың жаңа экономикалық полюсін қалыптастыру жөніндегі тапсырмалардың орындалу барысы қаралды.
16 Қаңтар, 2026
Еліміздің жоғары оқу орындары берген дипломдар алдағы уақытта Азия-Тынық мұхиты аймағы елдерінде танылмақ. Сенат спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен өткен палата отырысында ЮНЕСКО шеңберінде әзірленген жоғары білім беру саласындағы біліктілікті тану туралы Токио конвенциясы ратификацияланды.
16 Қаңтар, 2026
Алматының ғылыми-өндірістік қуаты зор
Премьер-министр Олжас Бектенов жұмыс сапары барысында Алматыда Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің «Ядролық физика институтында» (ЯФИ) болып, негізгі қондырғылар мен өндірістік алаңдардың жұмысымен танысты.
16 Қаңтар, 2026
Ақмола облысында ғылымды дамытуға бөлінген қаржы талан-таражға түскен
Ақмола облысының прокуратурасы ғылымды дамыту және отандық өндірісті қолдау мақсатында бөлінген мемлекеттік грант қаражатының қаншалықты тиімді жұмсалғанына тексеру жүргізді, деп жазады Egemen.kz.
15 Қаңтар, 2026
Түркияның Анталья қаласында өткен Яшар Доғу, Вехби Эмре, Хамит Каплан мемориалын еліміздің грек-рим күресі шеберлері төрт медальмен қорытындылады. Бағдат Сабаз (67 кг) бен Юсуф Ашрапов (72 кг) қарсылас шақ келтірмей, бас жүлдені олжалады. Еркебұлан Ардақов (63 кг) пен Рахат Бержанов (97 кг) қола медальды еншіледі.
15 Қаңтар, 2026
Қоғамның мейірімін арттырған қор
2022 жылы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен құрылған «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры – ел игілігіне жұмыс істейтін, әлеуметтік әділеттілік пен қоғамның әл-ауқатын арттыруға бағытталған маңызды институт. Басты мақсаты – халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарын қолдау, өмір сапасын жақсартуға атсалысу.
15 Қаңтар, 2026
Бұйырса, тарихи Қызылорда осы жылдың атаулы күнпарағын Ұлттық құрылтайдан бастағалы тұр. Қасиетті де киелі өңірдегі елдік жиын береке-бірлігімізді арттырып, келелі ой-пікірді ортаға салады деп сенемін.
15 Қаңтар, 2026
Жетісудың жетекші Панфилов, Қаратал аудандарының әлеуметтік-экономикалық әлеуеті – жоғары. Инвестиция, өндіріс, ауыл шаруашылығы, инфрақұрылым саласында үздіктер қатарында. Бірі жүгеріге қамбаны толтырса, бірі қант қызылшасына зәру зауыттардың сұранысын орындап отыр. Екі өңірдің тыныс-тіршілігі қашанда назардан тыс қалған емес.
15 Қаңтар, 2026
Балаларға қамқорлық: іргелі іс-шаралардың нәтижесі
Ел халқының 34 пайызы балалар әрі бұл көрсеткіш жыл сайын тұрақты өсіп келеді. Мұндай демографиялық серпін олардың құқығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуде мемлекеттің міндетін күшейте түседі. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев былтыр Бурабайда өткен Ұлттық құрылтайда бұл мәселені әлеуметтік тақырып аясынан ұлттық жауапкершілік деңгейіне көтерді. Мемлекет басшысы жергілікті билік өкілдері мен қоғам белсенділерінің бірлесіп, тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін «Қазақстан балалары» атты бірыңғай бағдарлама қабылдау қажеттігін айтты.
15 Қаңтар, 2026
ЕАЭО-да өнімді бақылау ережесінің өзгерістері ратификацияланды
Парламент Мәжілісінің биылғы жалпы отырысы оннан аса заң жобаларын жұмысқа қабылдаудан басталды. Олардың қатарында мемлекеттік қызмет, Алатау қаласының арнайы мәртебесі, инвестициялық қорлар, машина жасау саласын дамыту, жол қауіпсіздігін цифрландыру, сондай-ақ жүргізушілерді даярлау саласындағы кәсіпкерлік қызметке қатысты құжаттар бар. Одан бөлек, жиында депутаттар өңірлерге сапары барысында жұртшылықты алаңдатқан түйткілді мәселелерді ортаға салды.
15 Қаңтар, 2026
Қайтқан қаражат – халық игілігіне
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Turkistan» газетіне берген сұхбатында «заңсыз активтерді елге қайтару арқылы әлеуметтік әділдікті қалпына келтіру – конъюнктура не болмаса жұртқа жағу үшін жасалған саяси науқан емес, бұл мемлекеттің мызғымас ұстанымы» деп атап айтты. Заңсыз активтерді елге қайтару жөніндегі комитеттің жұмысына тоқталған Президент олигополия өкілдерінен 1,3 трлн теңгеден астам қаржы өндірілгенін, соның 1 трлн теңгеден астамы мемлекет қазынасына түскенін жеткізді.
15 Қаңтар, 2026
Әлеуметтік қызметтің сапасы маңызды
Қарағанды қаласында Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның төрағалығымен өңірдің әлеуметтік саласын дамыту мәселелері қаралды. Жиынға әлеуметтік бағыттағы салалық министрліктердің өкілдері мен Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев қатысты.
15 Қаңтар, 2026
Көлеңкелі экономикаға тосқауыл болатын платформа
Вице-премьер – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен Үкіметте «көлеңкелі» экономикаға қарсы іс-қимыл мәселесіне қатысты жиын өтті.
15 Қаңтар, 2026
Инфрақұрылымды жаңғырту міндеті
Премьер-министр Олжас Бектенов электр энергетикасы саласын дамытуға қатысты жиын өткізді. Онда саладағы бірқатар түйіткілді мәселе қаралды.
15 Қаңтар, 2026
1 ақпаннан бастап сыра өнімдері таңбаланады
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне қарасты Мемлекеттік кірістер комитеті сыра мен сыра өнімдерін цифрлық таңбалау жүйесін кезең-кезеңімен енгізу мерзімдері туралы хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
14 Қаңтар, 2026
ҚҚС өсімі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасына әсер етті ме?
Елімізде 5 қаңтардан бастап ҚҚС мөлшерлемесі 12%-дан 16%-ға дейін артқанына қарамастан, Алматы қаласының әкімдігі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасында күрт өзгерістер байқалмағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
14 Қаңтар, 2026
Зергерлер неге Қырғызстанға көшіп жатыр?
Кейінгі кезде зергерлік бұйымдармен айналысатын кәсіпкерлеріміз Алатау асып, айырқалпақ ағайынға бек жақындап жүр. Бәзбіреулері өндірістерін Бішкекке бір-ақ көшіруді бастап кеткен. Бұған себеп – Қырғызстанда зергерлік бұйымдарды өндіру мен экспорттауды қолдауға бағытталған жаңа заңның қабылдануы. Бұл заң кәсіпкерлерге тиімді болып тұр. Алайда мәселенің мәніне үңілсек, жағдай мүлде басқаша, деп жазады Egemen.kz.
14 Қаңтар, 2026
Ташкент базарларының бірінде жылдар бойы кітап сатып күн көрген әжей бір күні «заттарыңызды екі-үш күннің ішінде жинап, сауда орныңызды босатыңыз» деген ресми хабар алады. Күнделікті тірлігі кітаппен байланысты жан үшін бұл жаңалықтың қалай әсер еткені айтпаса да түсінікті. Осы сәтті жанашыр бір азамат бейнежазбаға түсіріп, әлеуметтік желіге жариялап жіберген екен.
14 Қаңтар, 2026
«Соңғы көштің» шынайы кейіпкері
Семей топырағында туып, Шығыс Түркістандағы ұлт-азаттық көтерілісте Тарбағатайда қол бастаған, ал өмірінің көп бөлігінде (туған жері Мақаншыға оралған соң) еліне қызмет еткен тұлға Сансызбай Иісұлы еді.
14 Қаңтар, 2026
Ақсу ауданына қарасты Көлтабан ауылындағы 25 орынды шағын орталығы бар 120 оқушыға арналған мектеп іске қосылды. Жаңа білім ошағы бейімделген мектептің орнына салынды. Бұрынғы ғимаратта асхана, спорт залы мен мәжіліс залы болмаған. Қаншама жылдан бері халықтың тілек-арызына айналған білім шаңырағы шағын ауылға қайта әр бере түскендей.
14 Қаңтар, 2026