Редакция таңдауы
Жасанды интеллект – стратегиялық басымдық
Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Қазақстан жаңғырудың жаңа кезеңіне қадам басты» атты бағдарламалық сұхбатында көтерілген басымдықтарды нақты іске асыруға арналды. Сондай-ақ күн тәртібіндегі цифрландыру мен жасанды интеллект саласын дамыту мәселесі қаралды.
07 Қаңтар, 2026
Елімізде жекеменшік мектептерді қаржыландыру мәселесі қайта қаралады
Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысының «Қазақстан жаңғырудың жаңа кезеңіне қадам басты» атты бағдарламалық сұхбатында берген тапсырмаларын орындау шеңберінде жекеменшік білім беру және медициналық ұйымдарды мемлекеттік қаржыландыру жүйесін реформалау жөнінде жиын өткізді, деп жазады Egemen.kz.
06 Қаңтар, 2026
2026 жыл Цифрландыру және ЖИ жылы деп жарияланды: Президент жарлыққа қол қойды
Мемлекет басшысы 2026 жылды Цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жариялау туралы Жарлыққа қол қойды, деп жазады Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
06 Қаңтар, 2026
Биыл 1900 елді мекенге жоғары жылдамдықты интернет қосылады
Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов экономиканың барлық саласына заманауи технологияларды енгізу мәселесін талқылады. Мемлекет басшысының тапсырмасымен 2026 жыл «Цифрландыру және жасанды интеллект жылы» болып жарияланды. Бұл бағыт Үкімет жұмысының негізгі басымдығына айналмақ, деп хабарлайды Egemen.kz.
06 Қаңтар, 2026
Жаңғырудың ғылыми өзегі: Президент сұхбаты және Ұлттық ғылым академиясының институционалдық рөлі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Turkistan» газетіне берген «Қазақстан жаңғырудың жаңа кезеңіне қадам басты» атты сұхбаты елдің қазіргі даму кезеңін сипаттайтын бағдарламалық саяси-қоғамдық құжат деуге толық негіз бар. Бұл сұхбатта Мемлекет басшысы ел дамуының жаңа сапалық сатысына өту логикасын, институционалдық реформалардың өзара байланысын және ұзақмерзімді стратегиялық басымдықтарды айқын, прагматикалық тұрғыда көрсетеді. Ең бастысы, жаңғыру ұран ретінде емес, басқару жүйесін, қоғамдық сананы және шешім қабылдау мәдениетін түбегейлі өзгертуге бағытталған ұзақмерзімді үдеріс ретінде қарастырылады.
06 Қаңтар, 2026
Елдік мақсаттың айқын межелері
Әр жаңа жыл Мемлекет басшысының бағдарламалық сұхбатымен басталады. Онда өткен жылдың негізгі нәтижелері қорытындыланып, болашақ бағыт-бағдарымыз айқындалады. Қалыптасқан бұл тәжірибе кейінгі жылдары еліміздің саяси өміріне нық орнығып, қоғамдық диалог пен мемлекеттік мақсат қоюдың маңызды құралына айналды.
06 Қаңтар, 2026
Стратегиялық дамудың бедерлі белесі
Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың жыл басында мерзімді баспасөзге сұхбат беруі саяси дәстүрге айналды. Осыған байланысты Мемлекет басшысы «Turkistan» газетінің бас редакторы Бауыржан Бабажанұлымен әңгімелесіп, еліміздің қазіргі ахуалына және алдағы даму бағдарына кеңінен тоқталды.
06 Қаңтар, 2026
Мемлекет басшысы әр жылдың басында танымал ұлттық басылымға сұхбат беріп, қоғамды толғандырған сұрақтарға тұшымды жауап қатуы – игі дәстүрдің жөні. Осыған дейін «Egemen Qazaqstan», «Ana tili» газеттеріндегі, биыл «Turkistan» басылымындағы Президент сұхбатының қай жағынан алсаңыз да мәні айрықша.
06 Қаңтар, 2026
Мұнай өңдеу зауытындағы жаңашылдық
Еліміздегі байырғы кәсіпорын – Атырау мұнай өңдеу зауытында жабдықтардың жұмысын бақылауға жасанды интеллект енгізілді. Бұл – цифрлық трансформация аясындағы қанатқақты жоба.
06 Қаңтар, 2026
Қазіргі заманда жаңалық көп, бірақ ой аз. Әлеуметтік желілер санаға жылдам әсер етеді, алайда терең пайымға жетелей алмайды. Осындай кезеңде баспасөздің, әсіресе сапалы газет-журналдардың миссиясы бұрынғыдан да айқындала түсті.
06 Қаңтар, 2026
Күнтізбе парағы ауысқанда әркім жаңа жылды өз танымымен қарсы алады. Бірі жақындарына хабарласып алғыс айтады, бірі балалық шақтағы сәулелі сәттерін еске алады, енді бірі өткенге ой жүгіртіп, болашаққа жоспар құрады. Ал білім мен ғылым саласының өкілдері үшін жыл ауысуының мәні қандай, жаңа жыл қарсаңында олар кімге тілек айтып, жастарға қандай бағыт-бағдар ұсынады? Мереке кезінде ректор, университет деканы, ғылыми кеңесші және білім саласындағы кәсіпкердің жаңа жыл туралы ой-толғамы мен ақжарма тілегін ұсынып отырмыз.
06 Қаңтар, 2026
Қазақ ғылыми-фантастикалық әдебиетінің негізін салушылардың бірі, деректі прозаның дүлдүлі Медеу Сапаұлы 1936 жылы 2 қаңтар күні бұрынғы Семей облысы Абыралы ауданының Қайнар кеңшарында дүниеге келді. Орта мектепті 1953 жылы алтын медальмен бітіріп, Алматыдағы Кен-металлургия институтына түсіп, инженер-металлург мамандығын алып шығады. Әйткенмен, еңбек жолын «Лениншіл жас» газетінде жұмысшы жастар бөлімінің меңгерушісі қызметінен бастаған ол бұрынғы «Социалистік Қазақстан», бүгінгі «Egemen Qazaqstan» газетінің Шығыс Қазақстан облысындағы меншікті тілшісі қызметін атқарады.
06 Қаңтар, 2026
Президент БҰҰ-дағы жұмысына қайта оралуы туралы сыбысқа қатысты жауап берді
Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Turkistan» газетіне берген мазмұнды сұхбаты жарық көрді. Сұхбат барысында Президент 2025 жылдың екінші жартысы Қазақстанның сыртқы саясаты үшін аса маңызды кезең болғанын атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
05 Қаңтар, 2026
Мемлекет басшысы: Тарихи парадокстар бізде де аз емес
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Turkistan» газетіне берген сұхбатында тарихқа деген көзқарасы, саясаттағы әзілдің рөлі және өткен дәуір тұлғаларының тарихи парадокстары туралы ой бөлісті. Президент тарихты танып-білу маңызды болғанымен, оны қазіргі саяси мүдделерге құрал етпеу керектігін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz
05 Қаңтар, 2026
Тоқаев: Кейбір «кәсіпкерлер» қоғамдық пікірді өз мүддесіне қарай бұрмалауға тырысады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Turkistan» газетіне берген сұхбатында олигополияға қарсы күрес, заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару және инвесторлардың құқығын қорғау бағытындағы саясаттың мәнін ашып айтты. Президент бұл жұмыстың тоқтамағанын, керісінше жаңа кезеңге өткенін атап өтті, деп жазады Egemen.kz.
05 Қаңтар, 2026
Йогамен шұғылданамын, үстел теннисін ойнаймын. Президент денсаулығына қатысты сауалға жауап берді
«Turkistan» газетінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың басылымның бас редакторы Бауыржан Бабажанұлына берген кең көлемді сұхбаты жарық көрді. Сұхбат барысында Мемлекет басшысы ел арасында денсаулығына қатысты айтылатын түрлі әңгімелерге жауап берді, деп жазады Egemen.kz.
05 Қаңтар, 2026
Президент «тарихшысымақтар» деп кімдерді айтты?
Қасым-Жомарт Тоқаев «Turkistan» газетіне берген кең көлемді сұхбатында тарихи деректерді бұрмалап, халықты адастыратын топты қатаң сынға алды, деп жазады Egemen.kz.
05 Қаңтар, 2026
БҰҰ қауіпсіздік кеңесі Венесуэладағы жағдайға байланысты шұғыл отырыс өткізеді
Біріккен ұлттар ұйымының кауіпсіздік кеңесі АҚШ-тың Венесуэлаға қарсы жүргізген операциясына байланысты шұғыл отырыс өткізеді, деп жазады Egemen.kz.
04 Қаңтар, 2026
2026 жылы Қазақстанда 11 мың шақырымнан астам жол салынады
Мемлекет басшысының тапсырмаларын жүзеге асыру шеңберінде елімізде өңірлер арасындағы көлік байланысын нығайтуға, жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыруға және халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған автожол инфрақұрылымын жүйелі дамыту жұмыстары жалғасуда. 2026 жылға арналған жоспарлар туралы Көлік вице-министрі Мақсат Қалиақпаров баяндады, деп хабарлайды Egemen.kz.
04 Қаңтар, 2026
Фаббинг деген не және ол не үшін зиян?
Фаббинг – әңгімелесіп отырған адамды елемей, телефонға үңілу әдеті. Қарапайым көрінгенімен, бұл құбылыс тірі қарым-қатынасты әлсіретіп, психологиялық мәселелерге әкелуі мүмкін, деп жазады Egemen.kz.
04 Қаңтар, 2026