Университет • Бүгін, 07:45

ҚазҰУ-да іске қосылған төрт ірі жоба

10 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласына жұмыс сапары аясында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ғылыми әлеуетімен танысты.

ҚазҰУ-да іске қосылған төрт ірі жоба

Суретті түсіргендер – А.Дүйсенбаев, Е.ҮКІБАЕВ

ҚазҰУ ректоры – басқар­ма төр­ағасы Жансейіт Түймебаев Мем­лекет басшысына Инно­ва­ция­лық өнімдер орталығының және Farabi Hub-тың жоғары тех­но­логиялық жобаларын көрсетті.

Хаб экономиканың нақты секторына инновациялық әзірлемелер енгізуді көздейтін заманауи платформа ретінде құрылған. Оның базасында креа­тивті индустрия, жасанды интеллект пен стартап жобалары іске асырылады. Осы арқылы 300 жаңа жұмыс орны ашылып, 20,55 млн доллар инвестиция тартылды.

Орталықта ZTE, BASF, Binlin тех­нологиялық кор­порацияларының, сондай-ақ бас­қа да шетелдік жетекші ғылы­ми ұйымдардың зерттеу алаң­дары орналасқан. Бұған қоса, мұн­да ҚазҰУ-дың ғылыми-зерт­теу инс­титуттары жұмыс істейді.

Президентке университет жалпы құны 1 млрд 250 млн теңгені құрайтын төрт ірі жобаны жүзеге асырып жатқаны жөнінде мәлімет берілді.

Мемлекет басшысына Қытайдың Солтүстік-батыс политехникалық университетімен бірлесе әзірленген микроспутник макеті көрсетілді. Жоғары оқу орындарының ғалымдары NKSAT спутнигін жасап жатыр. Ол Жердің тартылыс аумағы мен радиация деңгейін өлшеуге, геологиялық барлау жұмысын жүргізуге арналған.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа «Қашықтан зондтау және оны қолдану технологиясы» зертханасының қызметі таныс­тырылды. Бұл кешен ҚХР Ғылым академиясымен бірлесе ашылды. Зертханада жасанды жер серіктерінің деректері негізінде Орталық Азиядағы климат және экология өзгерістері зерделенеді.

Мемлекет басшысы «Цифр­лық технологиялар мен роботты техника» халықаралық инс­титутын және Роботты техника орталығын, сондай-ақ Қазақстан-Сингапур кванттық технологиялар орталығын аралап көрді.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа университет базасында орна­ласқан суперкомпьютер клас­тері көрсетілді. Оны құруға 23 млн доллар инвестиция тартыл­ған. Кластер күрделі есеп­теу­лерді орындау мерзімін айтар­лықтай қысқартып, ғылыми зерттеулердің тиімділігін арттырады. Сондай-ақ ІТ және жасанды интеллект саласында маман даярлауға кеңінен жол ашады.

Соңғы жаңалықтар

ЖИ нарығы қалай дамып келеді?

Жасанды интеллект • Бүгін, 09:00

Аграрлы Арқа

Шаруашылық • Бүгін, 08:50

Көктем игілігі – көшет егу

Аймақтар • Бүгін, 08:40

Финтех дәуірі басталды

Digital • Бүгін, 08:35

Әсем киім жарасар...

Мәдениет • Бүгін, 08:30

Дәрігерге дән ризамын

Қоғам • Бүгін, 08:25

Олжасы мол ұлттық спорт

Ұлттық спорт • Бүгін, 08:20

Жүрек қылын тербеген әуен

Өнер • Бүгін, 08:15

«ӨзенЖылу»: Ауқымды істер арнасы

Экономика • Бүгін, 08:10

Татулық пен мейірім мерекесі

Мереке • Бүгін, 08:05