Редакция таңдауы
Президент: Cоңғы алты жылда электр энергиясын өндіру 16 миллиард киловатт-сағатқа артты
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев энергетика саласы қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтап, аталған сала бойынша атқарылып жатқан нақты жұмыстарға тоқталды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
17 Желтоқсан, 2025
Тәуелсіздік күнінде елімізде қанша мектеп пен балабақша ашылды?
Тәуелсіздік күні Астана, Алматы қалаларында, Қостанай, Шығыс Қазақстан, Маңғыстау және Ақтөбе облыстарында жаңа білім беру нысандары пайдалануға берілді. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
17 Желтоқсан, 2025
Қазақстан мен Франция арасындағы келісім: заң талаптарын бұзып жүрген азаматтар қайтарылатын болды
Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында Қазақстан мен Француз үкіметтері арасындағы адамдарды реадмиссиялау туралы келісім ратификацияланды. Бұл келісімнің негізгі мақсаты – ұлттық заңнамалар талаптарын бұзып екі елдің аумағында жүрген адамдарды реадмиссиялау мәселелері бойынша екіжақты ынтымақтастыққа құқықтық негіз қалау. Құжатта осы елдер аумағында болу шарттарын бұзған немесе қиын жағдайға тап болған, айталық құжатын жоғалтқан адамдарды өз еліне қайтару қарастырылған, деп хабарлайды Egemen.kz.
17 Желтоқсан, 2025
Тарихи Алаш автономиясы күні қарсаңында еліміздің солтүстік өңіріндегі Ақжар ауданы мен Көкшетау қаласында ұлт азаттығы мен теңдігі жолында аянбай күрескен біртуар саяси тұлға, жастар көшбасшысы, экономист, ғасырдан астам шежіресі бар «Egemen Qazaqstan» газеті мен «Aqiqat» журналының бастауында тұрған редактор, жазушы, әдебиет сыншысы, ұлт театрының негізін қалаушы Смағұл Садуақасұлының (1900–1933 жж.) туғанына 125 жыл толуына арналған елдік іс-шаралар өтті.
16 Желтоқсан, 2025
Қазақстан халқы Ассамблеясы үшін мерейтойлы жыл еліміздегі қоғамдық келісім мен бірлікті нығайтудың ерекше кезеңі болды. Мемлекет басшысы атап өткендей: «Бірлік пен ынтымақтастық, диалог, өзара сенім мен құрмет, азаматтық жауапкершілік – осы мызғымас қағидаттардың бәрі еліміздің ілгерілеуінің негізін құрайды». Бұл сөздер Ассамблеяның 30 жылдығындағы қызметінің мән-маңызын дәл айқындайды.
16 Желтоқсан, 2025
Әлемдік мәртебе: сенім мен серіктестік
Кез келген елдің тәуелсіздігі халықаралық деңгейде мойындалғаны аса маңызды. Өйткені әлемдік қоғамдастық трансшекаралық кепілдік бермей мемлекет құру, экономикалық реформа жүргізу, әлеуметтік даму мүмкін емес. Еліміз тәуелсіздігін жариялағаннан кейін оны дүние жүзіндегі көптеген мемлекет халықаралық қоғамдастықтың толыққанды мүшесі ретінде қабылдады. 120-дан аса ел Қазақстанның тәуелсіздігін ресми түрде мойындап, дипломатиялық қарым-қатынас орнатты.
16 Желтоқсан, 2025
Энергетика саласындағы жүйелі трансформация
«Astana Hub» алаңында Энергетика министрі Ерлан Ақкенженовтің бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен кеңейтілген кездесуі өтті. Ведомство басшысы отын-энергетика кешенінің есепті жылдағы қорытындыларын ұсынып, бұл кезеңді дағдарысқа қарсы басқаруды аяқтап, ауқымды стратегиялық міндеттерді іске асыруға көшу уақыты ретінде сипаттады. Үкімет брифингі жаңа «Town hall» форматында ұйымдастырылғанын атап өткен жөн. Алғашқысын Энергетика министрлігі бастады.
16 Желтоқсан, 2025
Шығыста жыл он екі ай бойы туризм саласы толастамайды. Ел ала жаздай тау-тас аралап, өзен жағаласа, қыс қызығы – сырғанақ. Кейінгі күндері қар молынан түсіп, Өскемен қаласының іргесіндегі демалыс базасында шаңғы тебу маусымы ашылды. Салтанатты жиынға Қытайдан да туристер келді.
16 Желтоқсан, 2025
Қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, майдангер, тосын мінезді ақын, прозашы Тоқаш Бердияровтың туғанына биыл 100 жыл толып отыр. Осы мерейтойға орай Ұлттық кітапханада ақтаңгер ақынның өмірі мен шығармашылығын дәріптеу мақсатында еске алу кеші өтті. Аталған іс-шара аясында «Тағдырлы дарын» атты естеліктер кітабының тұсауы кесілді.
13 Желтоқсан, 2025
Кино – жылт еткен көрініс емес, уақытпен бірге үздіксіз қозғалып тұратын күрделі құбылыс. Ол – қоғамның тынысын, адамның жан әлемін, өркениеттің өзгерісін бойына жинайтын рухани айна десек, кинотанушы, өнертану кандидаты, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нәзира Рахманқызының «Кино және уақыт» атты жаңа кітабы сол айнаға тереңнен зер салған сүбелі еңбек екендігіне көз жеткіземіз.
13 Желтоқсан, 2025
Инвестициялық жобаларды еселеген өңір
Жетісу облысы 2023–2024 жылдары жалпы өңірлік өнім көлемінің өсімі жөнінен өзге өңірлерден үздік шықты. Былтырғы қорытындыда өнім көлемі 2,2 трлн теңгеге жетіп, 14,8%-ға ұлғайды. Биылғы жылдың соңында жалпы өңірлік өнім 2,7 трлн теңгеге жетпекші. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыс әкімі Бейбіт Исабаев аймақтың ахуалын жан-жақты баяндады.
13 Желтоқсан, 2025
БҰҰ-ның үш талабы және Қазақстанның интеграциялық бастамалары
Бүгінде Ауған мәселесі әлі де әлем назарында тұр. Қуантарлығы, ақыры билікті қолына алған тәлібтер халқын қан қақсатқан қарулы қақтығыстарымен емес, бейбіт өмірге, тыныш заманға ұмтылған гуманитарлық қадамдарымен жаһанға ұнай бастады. Ашық дипломатиясыз, алыс-беріссіз алға жылжу екіталай екенін түсінген олар алыс-жақын көршілерімен араласуға кірісті. Бұл ретте БҰҰ бастамалары аясында Қазақстан да ауған елінің аяққа тұрып, экономикасының күш алуына барынша үлес қосып отыр.
13 Желтоқсан, 2025
Шымкент қаласында бүгінде тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуде ешқандай мәселе жоқ. Барлық емхана, ауруханалар мемлекеттен қажетті дәрілер мен медициналық бұйымдарды алып отыр. Бұл туралы №6 емханада өткен арнайы іс-шара барысында «СҚ-Фармация» ЖШС-нің Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің басшысы Ұлжан Нұғманова айтып берді.
13 Желтоқсан, 2025
Желтоқсан ерлеріне ерекше құрмет
Алматы шаһары үшін Тәуелсіздік мерекесінің орны қашан да ерекше. Елдігімізге бастау болған мереке қарсаңында жыл сайын қала жастары мен қонақтары Желтоқсан қаһармандарына тағзым етіп, еске алу іс-шаралары өтіп жатады.
13 Желтоқсан, 2025
Елдегі реформаларды таныстырды
Сенат төрағасы, Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезі Хатшылығының басшысы Мәулен Әшімбаев Ватиканға жұмыс сапары аясында Егеменді Мальта Орденінің Ұлы Магистрі Фра Джон Тимоти Данлаппен, сондай-ақ Ұлы Канцлері Риккардо ди Монтекупомен кездесті. Онда ынтымақтастықты нығайту мәселелері талқыланып, көпжақты байланыстарды кеңейту келешегі белгіленді. Бұған қоса, бірлескен жобаларды іске асыруға қатысты пікір алмасты.
13 Желтоқсан, 2025
Ұлт тарихы – халық рухын, тарихи зердені, қасиетті дәстүрді, отаншыл сезімді қалыптастыратын үлкен күш. Осы ретте тарихи құбылыстарды күрделілігімен, сан қырлы сипат-көріністерімен, қисапсыз қайшылықтарымен, ерекшеліктерімен сабақтастыра саралау, нақты деректерге жүгіне отырып, шынайылығы мен жаңалығын айқындау, логикалық мазмұнын, тарихи алғышарттарын, мәтін мәнісін, мұрағат құпиясын тексеріп-талдау – ғалымның ғылыми шығармашылық еңбегі деуге болады.
13 Желтоқсан, 2025
Нұртас Оңдасынұлы Түркістан ауданына қарасты Үшқайық ауылында дүниеге келген. Азан шақырып қойған аты – Нұрмұхаммед. Қазақ салтымен жеңгелері «Нұртас» деп атаған екен. Кейін төлқұжатқа да солай жазылып кеткен.
13 Желтоқсан, 2025
Әлем чемпионатынан – алты медаль
Дубайда (БАӘ) ерлер арасындағы әлем чемпионаты мәресіне таяды. Төрткүл дүниеден жиналған былғары қолғап шеберлері бәйгесі қомақты доданың жүлделері үшін тартысқа түсіп жатыр. Бүгін финалдық жекпе-жектер өтеді.
13 Желтоқсан, 2025
Қасым-Жомарт Тоқаев: Халықаралық Аралды құтқару қорының тиімділігін арттыруға болады
Қасым-Жомарт Тоқаев трансшекаралық суды пайдалану мәселелеріне, Арал және Каспий теңіздерінде қалыптасқан экологиялық проблемаларға назар аударды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
12 Желтоқсан, 2025
Рухани байланысты нығайту – ортақ ұстаным
Парламент Сенатының төрағасы, Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезі Хатшылығының басшысы Мәулен Әшімбаев бастаған бір топ депутат жұмыс сапарымен Ватиканға барды. Сапар аясында делегация мүшелері Рим Папасы XIV Леоның аудиенциясында болды. Сондай-ақ Қазақстанның конфессияаралық бастамалары мен Ватиканның рухани көшбасшылығына арналған халықаралық дөңгелек үстелге қатысты. Конференция алаңында Мәулен Әшімбаев Қасиетті Тақтың Дінаралық диалог жөніндегі дикастериясының префекті кардинал Джордж Кувакадпен, өзге де дін істері ұйымдарының өкілдерімен екіжақты кездесулер өткізді.
12 Желтоқсан, 2025