Фото: Ашық дереккөз
Жерасты дүмпуінің эпицентрі Жаркент қаласынан солтүстік-батысқа қарай 33 шақырым жерде орналасқан. Жер сілкінісінің магнитудасы – 4.4, ал энергетикалық класы K=9.3-ті құрады.
Зардап шеккендер немесе қираулар туралы мәлімет жарияланған жоқ.
Еске сала кетейік, Алматыда 2026 жылғы 17 ақпанда сағат шамамен 15:11-де жер сілкінген еді.