Редакция таңдауы
«Келешек мектептердің» қатары көбейеді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған «Келешек мектептері» ұлттық жобасы өңірлердегі үш ауысымда оқитын және апатты жағдайдағы білім ордаларының мәселесін түбегейлі шешуді көздейді. Президент аталған санаттағы білім нысандарының мәселесі 2025 жылы толықтай шешімін табуы тиіс екенін бірнеше жыл бұрын шегелеп тапсырғаны баршаға белгілі.
23 Мамыр, 2025
Ақпарат кеңістігіне енген күннен бастап ұлттық баспасөздің туын абыроймен арқалап келе жатқан республикалық «Ana tili» газеті ойлы оқырманның айнымас сырласына айналды. Ел тарихы мен ұрпақ тәрбиесіне қатысты өткір мәселелерді батыл көтеріп жүрген оның әр саны елдік мүдде мен ұлттық болмыстың үнпарағы десек, артық болмас. Алматыдағы бас кітапханада басылымның 35 жылдығына арналған «Егемендік пен елдіктің еңселі мінбері» атты дөңгелек үстел өтіп, газеттің ұлт руханиятындағы рөлі, егемендік жылдарындағы ақпараттық-рухани күрестегі орны мен болашақ бағдары байыпталды.
23 Мамыр, 2025
Көрші елмен сауда-экономикалық ынтымақтастық артады
Сенат спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен палата отырысы өтті. Онда сенаторлар инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы халықаралық келісімді ратификациялап, депутаттық сауалдарын жолдады.
23 Мамыр, 2025
Орасан ойдың Олжасы немесе бір дана кітап туралы
Халық жазушысы, Қазақстанның Еңбек Ері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, алдаспан ақын Олжас Сүлейменовтің өмірі мен шығармашылығына, қайраткерлігіне қатысты ертелі-кеш жазылған дүниелер, телерадио хабарлары шоғыр-шоғыр. Шетелдік белгілі ақын-жазушылардың, әдебиет зерттеушілерінің Олжастың түркі таңбалы шығармашылығына назар аудармағандары кемде-кем. Сол жазбаларда қарағайға қарсы біткен бұтақтай қайсар ақынның өнегелі өмірбаяны барынша жазылды, айтылды.
23 Мамыр, 2025
Астанадағы №109 орта мектепте «№109 мектепке – 109 күн!» атты мерекелік іс-шара өтті. Жаңа оқу ордасы осы жылдың қаңтар айында ашылған еді.
23 Мамыр, 2025
Көктем шыға еліміздің барлық аймағында жастар, еңбек ұжымдары бастап, қала, аудан тұрғындары қостап, «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы қарқын алды. Тұрғындар ағаш егіп, өз аулаларын абаттандырды, күл-қоқысын шығарды. Тазалаққа шақыратын жалпыхалықтық акциядан Астана қаласы «Байқоңыр» ауданының тұрғындары да шет қалмады.
23 Мамыр, 2025
Сыр бойынан солтүстікке көш келеді
Еліміздегі еңбек күшін реттеу мақсатында оңтүстіктен тұрғындарының қатары сиреген солтүстік пен шығыс өңірлерге қоныс аудару бағдарламасының жүзеге асып жатқанына да бірнеше жылдың жүзі ауды. Осы бағдарлама аясында жаңа қонысқа тұрақтап қалғандар қатары да аз емес. Биыл да Сырға солтүстіктен мамандар келіп, бос жұмыс орындарын ұсынып отыр.
22 Мамыр, 2025
Оқу жылы қалай қорытындыланды?
Оқу жылы қашан аяқталады? Қорытынды емтихандар қай кезде болады? Халықаралық сайыстардан қандай жетістігіміз бар? Осы сұрақтарға Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен жиында Оқу-ағарту министрлігі өкілдері жауап берді.
22 Мамыр, 2025
«Келешек мектептері» – озық білім мен тең мүмкіндік
Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Жайлы мектеп» ұлттық жобасының жүзеге асырылу барысы туралы баяндады.
22 Мамыр, 2025
Медициналық көмектің бірыңғай пакеті енгізілмек
Мәжіліс спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен палатаның жалпы отырысы өтіп, Мәжіліс комитеттері жаңа заң жобаларын жұмысқа қабылдады. Атап айтсақ, дамушы елдерді ерекше ескере отырып, ең төмен жалақыны белгілеу туралы конвенцияны, Қазақстан мен Халықаралық қайта құру және даму банкі арасындағы қарыз туралы келісімді ратификациялау туралы заң жобалары талқыланды. Сондай-ақ күн тәртібінде инновациялық қызмет саласын мемлекеттік қолдау мәселелерін қарастыратын заң жобасы екінші оқылымда қаралды.
22 Мамыр, 2025
Мұнай мен металлургия саласындағы ілкімді істер
Ел Үкіметі металлургия және мұнай химиясы салаларында ірі өндірістік жобаларды іске асыруға кірісті. Бәсі биік бастамалар жоғары технологиялы өңдеуді дамытуға әрі экспортты ұлғайтуға бағытталған. Жобалардың жалпы инвестициялық құны – 19,5 млрд доллар. Ел ішінде 8 мыңнан аса тұрақты жұмыс орны ашылады. Президент тапсырмасына сәйкес кезең-кезеңімен жүзеге асырылмақ.
22 Мамыр, 2025
Құқықтану – қоғамды өзгерту құралы
Бүгінде құқықтық жүйе жаңарып, қоғам алдында жаңа міндет қойылып отыр. Осы тұста заң ғылымының ұңғыл-шұңғылын жетік меңгеріп қана қоймай, оны жаңаша биікке көтеріп жүрген зерттеушілердің орны бөлек. Міне, солардың бірі – жас заңгер, ғалым және қоғам белсендісі Диана Көшенова.
22 Мамыр, 2025
Табиғат апаттарына қарсы күш жұмылдыру аса өзекті - Тоқаев
Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері саммитіндегі сөйлеген сөзінде айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
21 Мамыр, 2025
Келісімдерді бұлжытпай орындау басты талап – Президент
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының кезекті жиынында сөз сөйлеп, ұйым шеңберінде қабылданған келісімдер мен құжаттардағы ережелерді қатаң сақтау қажеттігін ерекше атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
21 Мамыр, 2025
Өндіріс – бір жақта, білім – бір жақта: Тарифтік анықтамалық неге жаңармай келеді?
Жуырда Мәжіліс қабырғасында еліміздегі жұмысшы мамандықтарына арналған Бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалықтың (БТБА) осы күнге дейін жаңартылмағаны туралы өткір мәселе көтерілді. Бұл құжаттың соңғы рет қайта қаралғанына 35 жыл болған. Содан бері өндірістік процестер, еңбек нарығы мен технологиялық жүйелер түбегейлі өзгерді, ал жұмысшыларды даярлау жүйесі сол ескі талаптармен жұмыс істеп отыр. Бүгінгі таңда көптеген мамандықтар цифрландырылып, автоматтандырылған. Жаңа өндірістік стандарттар, еңбек құралдары, технологиялық талаптар енгізілді. Бірақ білім беру жүйесі мен өндіріс арасындағы байланыстың әлсіздігі, сондай-ақ ескі тарифтік негіз кәсіби дайындықтың сапасына кері әсер етіп отыр. Бұл мәселе тек техникалық кадрлар дайындауға ғана емес, еңбек нарығының тиімділігіне, жалақыны әділ бағалауға, жұмыс сапасына тікелей әсер етеді. Мұндай жағдайда негізгі сұрақ туындайды: Ескі жүйеден арылып, кәсіби білім мен өндіріс арасындағы алшақтықты қалай жоямыз? Кәсіптік стандарттар заман талабына сай ма? Жұмысшы мәртебесін арттыру үшін қандай нақты шаралар керек? Осы және өзге де маңызды мәселелер төңірегінде Мәжіліс депутаты, «Amanat» партиясы фракциясының мүшесі Мұқаш Ескендіровке бірнеше сауал жолдаған едік.
21 Мамыр, 2025
Балалар мен жасөспірімдерге арналған республикалық «Ұлан» газетінің бала көңілдің бағбанына айналған айтулы басылымның жарық көргеніне биыл 95 жыл толып отыр. Атаулы дата аясында еліміздің бас кітапханасында өткен салтанатты іс-шара – ұлттық баспасөздің өскелең ұрпақ тәрбиесіндегі орны мен маңызын тағы бір мәрте дәлелдеген тағылымды кешке ұласты.
21 Мамыр, 2025
Әлеуметтік инженерия мен IT-технологиялардың заманауи әдістерін қолдану арқылы кредиттік алаяқтар банк, микроқаржы ұйымдары клиенттерінің дербес деректерін қолға түсіруге тырысады. Дегенмен түрлі айлакерлік схемадан қорғану үшін әрбір азамат несие алуға өз бетінше тыйым сала алатын арнайы механизм бар.
21 Мамыр, 2025
Білім мен тәжірибе тоғысқан форум
Елордада тау-кен металлургия саласындағы корпоративтік оқыту құрылымдарының қатысуымен халықаралық форум өтті. «Eurasian Resources Group» (ERG) компаниясы мұрындық болған бұл ауқымды жиын елімізде алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Форум Менеджментті дамыту жөніндегі еуропалық қор (EFMD) қауымдастығына мүше корпоративтік университеттер мен кадр даярлау ісімен айналысатын ұйымдардың кәсіби байланысын күшейтіп, тәжірибе алмасуға арналған ашық платформаға айналды.
21 Мамыр, 2025
Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Ақтөбе облысының жұртшылығымен, еңбек ұжымдарымен, мәслихат депутаттарымен, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелерімен және дарынды жастарымен кездесті. Онда Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру және өңірді дамыту мәселелері, сондай-ақ палатаның мәслихаттармен өзара іс-қимылының жаңа форматы аясындағы бірлескен жұмыстың басым міндеттері талқыланды.
21 Мамыр, 2025
Мәдени мұра: сақтау мен жаңғырту үрдісі
Мәдениет және өнер – ұлтымыздың санғасырлық бітім-болмысын айшықтайтын мәңгі өшпес ұғымдар. Соның ішінде өткенімізді тірілтіп, бағзы мұрамызды саф күйінде сақтауда ерен еңбек сіңіріп отырған музей саласының орны қандай оқшау болса, оған қанаттас кітапхана, архив, театрлар бір-бірін толықтырып, мәдениет атты айдынның ұлылығын әйгілейді.
21 Мамыр, 2025