Фото: Астана қаласының әкімдігі
Тиісті шешім ауа температурасы мен жел жылдамдығын ескере отырып, жергілікті білім бөлімдері тарапынан қабылданды.
Қостанай қаласы
Ауа температурасы -28°C, желдің жылдамдығы секундына 6 метр болған жағдайда мектепалды даярлық сыныптарының (КПП) және 1-11 сынып оқушыларының бірінші ауысымы қашықтан оқытуға көшірілді.
Ұзынкөл ауданы
Ауа температурасы -30-дан -33°C-қа дейін жетті. Бірінші ауысымдағы мектепке даярлық сыныбы мен 1-11 сынып оқушылары қашықтан оқиды.
Меңдіқара ауданы
Температура -30…-31°C, жел секундына 3-5 метрге дейін соғады. 1-11 сынып оқушылары онлайн форматта оқуға ауыстырылды.
Арқалық қаласы
Ауа температурасы -25°C, жел секундына 10 метр. Бірінші ауысымда оқитын 1-9 сынып оқушылары қашықтан оқытуға көшірілді.
Рудный қаласы
Білім бөлімінің мәліметінше, қолайсыз метеожағдайларға (–25°C, жел 6 м/с) байланысты 0-9 сынып оқушылары қашықтан оқиды.
Әулиекөл ауданы
Температура -25°C, жел секундына 4 метр. 1-4 сынып оқушылары бірінші ауысымда қашықтан оқыту форматына көшірілді.
Лисаковск қаласы
Ауа температурасы -26°C, жел секундына 5 метр. Бірінші ауысымдағы 1-6 сынып оқушылары қашықтан білім алады.
Қарабалық ауданы
Температура -31°C, желдің жылдамдығы секундына 11 метр. 1-11 сынып оқушылары бірінші ауысымда қашықтан оқыту форматына ауыстырылды.
Сонымен қатар, Қарағанды қаласының білім бөлімі 2026 жылғы 16 қаңтарда қолайсыз ауа райына байланысты 0-11 сынып оқушыларының бірінші және екінші ауысымдағы сабақтары қашықтан оқыту форматына көшірілетінін хабарлады.
Көкшетау қаласында ауа температурасының -29°C-қа дейін төмендеуінен бірінші ауысымдағы 1-9 сынып оқушылары онлайн оқуға ауыстырылды.
Бұған дейін аязға байланысты елордадағы мектеп оқушылары мен студенттері де онлайн оқыту форматына көшірілген болатын.