Оқи отырыңыз
Біз – қашанда басалқы ойға тоқтаған, бәтуалы сөзге жүгінген халықпыз. Қазақ: «Бетеге кетсе – бел қалар, бектер кетсе – ел қалар, берекең кетсе – нең қалар?» деп, өмір тағылымына иек артады. Берекесіздік – барлық кесапаттың бастауы. Сондықтан да халық болып сенім білдірген басшыға қолдау көрсету берекесіздікке жол бермейді деп сенеміз.
10 Қаңтар, 2025
Бұрқасын, көктайғақ, аяз: Бүгін ауа райы қандай болады
«Қазгидромет» синоптиктері 10 қаңтарға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
10 Қаңтар, 2025
Көлік министрлігі 2025 жылға арналған негізгі жоспарын таныстырып, басым бағыттарды жария етті. Министрліктің мәлімдеуінше, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, 2025 жылы Катонқарағай, Зайсан және Кендірлі курорттық аймақтарында жаңа әуежайлар салынады.Қазір бұл нысандардың жер учаскелерін рәсімдеу және жобалау жұмыстары жүргізіліп жатыр.
10 Қаңтар, 2025
Алматыға пойызбен аттанатын жолаушылар енді жайлы әрі кең вагондармен сапарлауға мүмкіндік алып отыр. Петропавл вагон жасау зауытында Тверь вагон жасау зауытының технологиясымен жасалған жаңа вагондар Павлодар – Алматы – Павлодар бағытында жүре бастады.
10 Қаңтар, 2025
Қоғам дамуын тежейтін қолайсыздық
Президент жауапты орындарға жемқорлықпен күрес мәселесін жүйелі жолға қоюды тапсырды. Қоғам дамуын тежейтін қолайсыздықты еңсеру үшін өңірлерде жемқорлық фактілеріне итермелейтін проблемаларды талдау ісі қолға алынған. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі былтырғы жұмыс нәтижелері туралы баяндап, заңды белшесінен басқан салалар мен тұлғаларды жіпке тізді.
10 Қаңтар, 2025
Шымкентте бұрынғы қорғасын зауытының орнында «Standard Steel KZ» серіктестігі мырыш оксидін өндіретін зауыттың екінші кезеңін іске қосты.
10 Қаңтар, 2025
Бүгінде жасанды интеллектінің қарқынды дамуы технологиялық дамудың жаңа сатысын қалыптастырып жатқаны анық. Осы мақсатта әлем елдері жасанды интеллект өнімдерін ұсыну, оны өндіріс пен күнделікті өмірімізде қолданатын заманауи технологиялармен байланыстыруда өзара бәсекеге түсе бастады.
10 Қаңтар, 2025
Хакім Абайдың 175 жылдық торқалы тойы қарсаңында еліміздің шығысында «Абай әлемі» атты кітаптар топтамасы шыға бастаған еді. Бұрынғы Семей облысы данышпан ақын атымен қайта ашылғанда, бастама жалғасын қайыра тапқан болатын. Аймақ басшысы Нұрлан Ұранхаевтың қолдауымен былтыр аталған серия бойынша жиырма кітап жарық көрген. Оның бәрі Астанадағы «Фолиант» баспасынан басылып, өңір кітапханаларына таратылды.
10 Қаңтар, 2025
Түркістан облысында құрылыс қарқыны бәсеңдеген емес. Өңірде инфрақұрылымды жақсарту, халықты баспанамен, әлеуметтік нысандармен қамту бағытында жүйелі жұмыс жүргізіліп келеді. Өткен жылы құрылыс жұмыстарының көлемі 379,1 млрд теңгеге жетіп, өсім 131 пайызды құрады. Жыл ішінде 1 035 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл алдыңғы жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 21,3%-ға артық.
10 Қаңтар, 2025
Анастасия Городко – әлем чемпионы
«Шымбұлақ» тау шаңғы курортында фристайл могул мен фристайл акробатикадан жасөспірімдер арасында әлем чемпионаты өтіп жатыр. Жерлесіміз Анастасия Городко параллель-могулдан жаһан жарысының чемпионы атанды.
10 Қаңтар, 2025
56 жыл спорт саласында қызмет атқарған азамат ретінде мені ойландыратын мәселенің бірі – жауынгер дайындығы. Астана қаласынан әскерге шақырылған 10 азаматтың 5-еуі жарамсыз, бұл көрсеткіш Шымкентте – 7, Алматыда – 9. Мәліметтерді Астана қалалық әскери комиссариаты, Шымкент қаласынан майор Омар Айтқазин, Алматыдан әскерге шақыру комиссиясының төрағасы Бахадыр Нарымбетов жариялаған деректерге сүйеніп айтып отырмын.
10 Қаңтар, 2025
Бозайғыр ауылында диеталық, профилактикалық тағам өндіретін заманауи зауыт ашылды. Жаңа өндіріс орны «HealthInvest» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ұйымдастыруымен іске қосылды.
10 Қаңтар, 2025
Әр сәттің әдемі көрінісін қалт жібермей, мәңгілік тарихқа айналдыратын қырағы фототілші – кез келген басылымның бағы. «Жақсы таңдалған тақырып – жарты мақала» дегендей, кейде баспасөзде жарық көрген бір ғана сәтті сурет журналистің жазған дүниесін жарқыратып жіберетіні бар. Қазақ басылымдарын қалдырмай оқитын ойлы оқырман Самат Құсайыновтың есім-сойына қанық деп білеміз. Ширек ғасырдан бері қолынан фотоаппараты түспей келе жатқан әріптесіміз жақында бауырлас Түркия мемлекетінде жеке фотокөрмесін өткізіп қайтты.
10 Қаңтар, 2025
еGov-та жаңа қызмет пайда болды
Енді ел азаматтары бұрын алған колледж дипломдары мен мектеп аттестаттарын eGov.kz порталында цифрландыра алады, деп хабарлайды Egemen.kz «Ұлттық ақпараттық технологиялар» мәліметіне сілтеме жасап.
09 Қаңтар, 2025
Отандық кәсіпкер миллиардерлер тізіміне енді
Бүгін Bloomberg 500 миллиардерлер тізімі жаңартылды, деп хабарлайды Egemen.kz Bloomberg басылымына сілтеме жасап.
09 Қаңтар, 2025
Қарағандыда пәтер өртеніп, екі бала көз жұмды
Қайғылы оқиға Қарағанды қаласындағы тұрғын үйлердің бірінде болған. Салдарынан 2 және 4 жастағы екі бала көз жұмды, деп хабарлайды Egemen.kz.
09 Қаңтар, 2025
Анталияға бет алған ұшақ жедел түрде Ақтауға қонды
Алматыдан Анталияға ұшқан Air Astana компаниясының ұшағы жедел түрде Ақтауға қонған, деп хабарлайды Egemen.kz.
09 Қаңтар, 2025
БҚО-да полицей көлікпен адам қаққан
Батыс Қазақстан облысында полиция департаменті көші-қон қызметінің қызметкері жаяу жүргіншіні қағып, мерт қылды деген күдікке ілінген, деп хабарлайды Egemen.kz.
09 Қаңтар, 2025
Мексика президенті Солтүстік Америка құрлығын басқаша атауды ұсынды
АҚШ Президенті Дональд Трамп «Мексика шығанағын» «Америка шығанағы» деп атауға ниетті екенін мәлімдеп, өзiнiң әкiмшiлiгi тарапынан қайта атау шешімі жуырда жасалатынын мәлімдеген еді, деп жазады Egemen.kz.
09 Қаңтар, 2025
Спутниктік құрылғыларды сатып алу субсидияланады
Ұлттық телерадионы қоспағанда, спутниктік телерадио хабарларын тарату операторларының спутниктік қабылдау құрылғыларын іске асыруға жұмсалатын шығындарының бір бөлігін субсидиялау бағдарламасы басталды. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігі хабарлады.
09 Қаңтар, 2025