Оқи отырыңыз
Сырдағы жасанды интеллект мектебі
Былтыр Сырдағы жоғары білім саласында айта қаларлықтай жаңалық болды. Аймақтағы білімнің қара шаңырағы – Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті мен Сеул Ұлттық ғылым және технологиялар университеті «Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі жетекші университет» жобасы аясында жасанды интеллект мектебін ашты. Жетіжылдық жоба шеңберіндегі оқу үдерісі үш бағыт бойынша жүреді.
29 Тамыз, 2024
Астанада «Digital Kazakhstan: заманауи білім беру» атты педагогикалық тамыз саммиті өтті. Онда еліміздегі орта білімнің сапасын көтеру жұмыстарына жан-жақты баға беріліп, осы бағытта жаңа технологияларды, соның ішінде жасанды интеллектіні пайдалану мәселесі сөз болды.
29 Тамыз, 2024
«Кәсіпкерлер» келтірген кедергі
Қызылорда облыстық прокуратурасы азаматтар қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, құқық бұзушылықтың алдын алатын «Қылмыссыз өңір – кемел келешек кепілі» жобасын бастап кетті. Мүдделі мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіріп, заңдылық пен құқықтық тәртіпті күшейтуге бағытталған бастаманың таныстырылуында прокурорлар жүргізілген талдау нәтижелерін жария етті.
29 Тамыз, 2024
Таза Қазақстан сенен басталады
Француз жазушысы Антуан де Сент-Экзюпери «Кішкентай ханзада» шығармасында «Бұлжытпай орындау керек бір ереже бар – таңертең ұйқыдан тұрып, жуынып, өзіңді ретке келтірген соң, дереу өз планетаңды да ретке келтіруге кіріс!» деп жазады. «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының жастар кеңестері бұл ережені берік ұстанады. Олар Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» республикалық акциясын өткізу жөніндегі идеясын бірауыздан қолдап, өздерінің бірегей жобасы «Таза Қазақстан сенен басталады» эко-плоггингті жүзеге асырды.
29 Тамыз, 2024
Сынақтан зардап шеккендерді қолдау маңызды
1992 жылы 18 желтоқсанда «Семей ядролық полигонынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» заң қабылданды. Кейін бірнеше бапқа өзгертулер енгізілген. Алайда ядролық сынақтардың зардабын тартып отырған жұрт мемлекеттен алуға тиіс әлеуметтік көмекке әлі де толық көлемде қол жеткізген жоқ.
29 Тамыз, 2024
Адам құқын қорғау – негізгі құндылық
Еліміздің ең басты құжатында баяндалғандай, адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары – мемлекеттің ең құнды қазынасы. Түп негізін Конституциядан алатын заңдардың барлығы халықтың өмір сүру сапасын арттырып, құқығы мен бостандығын сақтап, қалыпты жағдайда өмір сүруіне алғышарт болуға тиіс. Екі жыл бұрын 5 маусымда өткен республикалық референдум да адам құқының әділ қорғалуына жол ашқан маңызды шешім болды. Конституциядағы соңғы өзгерістер елді демократияландырып, азаматтардың саяси және қоғамдық өмірге белсенді араласуына жол ашты.
29 Тамыз, 2024
Абай облысында жол апатынан үш адам көз жұмды
Абай облысында екі жеңіл көлік соқтығысып, салдарынан үш адам көз жұмды, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
28 Тамыз, 2024
Паралимпиада ойындарының ашылу салтанаты тікелей эфирде көрсетіледі
Бүгін Парижде жазғы Паралимпиада ойындарының ашылу салтанаты өтеді, деп жазады Egemen.kz.
28 Тамыз, 2024
Жаздың соңғы күндері жаңбыр жауып, күн суытады
«Қазгидромет» РМК 29 тамыз бен 31 тамыз аралығындағы ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
28 Тамыз, 2024
Алматыда коронавирус жұқтырғандар саны артты
Соңғы жеті күнде қалада коронавирус жұқтырғандар саны едәуір артқан. Бұл туралы Алматы қаласы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
28 Тамыз, 2024
Африкада маймыл шешегін жұқтырғандар саны 22,8 мыңға жетті
2024 жылдың басынан бері африкалық елдерде mpox («эмпокс» — маймыл шешегінің жаңа атауы) ауруларының саны 22,8 мыңға жетті. Бұл туралы Африка Одағының медициналық қызметі – Африканың ауруларды бақылау және алдын алу орталықтары мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz ТАСС-қа сілтеме жасап.
28 Тамыз, 2024
Астанада Конституция күні ХҚК орталықтары жұмыс істей ме
30 тамыз күні елімізде Конституция күні тойланады. Мемлекеттік мереке күні ел азаматтары демалады. Бұл күні халыққа қызмет көрсету орталықтары да жұмыс істемейді, деп жазады Egemen.kz.
28 Тамыз, 2024
Шайбалы хоккейден еліміздің ұлттық құрамасы Астанада өткен Президент кубогі жолындағы жарыс аяқталған бетте қысқы Олимпия ойындарының жолдамалары сарапқа салынатын турнирге дайындығын бірден бастап кетті.
28 Тамыз, 2024
Грузияның бас шаһары Тбилисиде ұйымдастырылған ФИДЕ-нің Гран-при турнирі әлемнің атақты шахматшыларының басын қосты. Солардың арасында Бибісара Асаубаева да бар.
28 Тамыз, 2024
Семейде ұлттық кәсіпкерлікті дамыту жобасы аясында «Бір ауыл – бір өнім» көрме-жәрмеңкесі өтті. Бұған ауылдық жерлерде өз ісін дөңгелетіп, өнім шығарып нәпақасын тауып отырған 21 жеке кәсіпкер қатысты. Көрме-жәрмеңкені тамашалаған қала тұрғындары киіз бен ағаштан жасалған бұйымдарды, ет, пен сүт және кондитерлік өнімдерді қолжетімді бағада сатып алуға мүмкіндік алды.
28 Тамыз, 2024
Академиктердің саны емес, сапасы маңызды
Алматыда Президент жанындағы Ұлттық ғылым академиясының жаңадан сайланған академиктерін ғылыми қоғамдастыққа ресми таныстыру салтанаты өтті. Іс-шараға еліміздің жоғары оқу орындарының ректорлары, ғылыми ұйымдардың басшылары, танымал жетекші ғалымдар, Ұлттық ғылым академиясының Жас ғалымдар кеңесінің мүшелері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
28 Тамыз, 2024
Жыл соңына дейін 20 мектеп ашылады
Тамыздың соңы қашан да қарбаласқа толы. Ата-ана мектепке баратын баласының керек-жарағын түгендесе, қала билігіне білім беру ұйымдарын жаңа оқу жылына дайындау, оқушыларды тасу, тамақтандыру, халықтың әлеуметтік осал топтарына (ХӘОТ) қарайласу сынды кешенді мәселелерді реттеуге тура келеді. Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Алматы әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпова жаңа оқу жылының басталуына қатысты жылдағыдай БАҚ тарапынан туындайтын барлық сауалға жауап берді.
28 Тамыз, 2024
Бүгін Францияның бас шаһары Парижде XVII жазғы Паралимпия ойындарының алауы тұтанады. 6 қыркүйекке дейін созылатын бәсекелер барысында әлемнің әр қиырынан жиналған 4 400 атлет спорттың 20 түрінен сайысқа түсіп, 549 жүлде жиынтығын сарапқа салады. Солардың қатарында Қазақстанның да параспортшылары бар.
28 Тамыз, 2024
Елімізде қала негізін құраушы ірі кәсіпорындар төңірегінде «Шағын және орта бизнес белдеуін» құру бойынша жұмыс басталды. Өнеркәсіп алпауыттарының өз өңірлерінен шыққан жеткізуші кәсіпорындармен серіктестігі бұған дейін де байқалатын, бірақ ерікті форматта еді. Енді бұл кәсіби түрде қолға алынғалы отыр. Елішілік құндылықтарды дамыту бағдарламасы, әсіресе моноқалаларда шағын және орта кәсіпкерліктің түтінін түзу ұшыруды көздейді.
28 Тамыз, 2024
Балалар басылымдары мен ұстаздардың байланысы артады
«Egemen Qazaqstan» газеті білім саласындағы көп игі істің ұйытқысы болып келеді. Бас басылымның белсенді авторлары мен жазылушыларының арасында да педагогтер қатары қалың екені атап өтуге тұрарлық. Осы ретте қоғамның қозғаушы күші саналатын ұстаздар қауымына және оқырмандарымызға сүйінші жаңалықты жеткізбекпіз.
28 Тамыз, 2024