Оқи отырыңыз
Бүгін елімізде ауа райы қандай болады?
Синоптиктер 19 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
19 Сәуір, 2024
Ақтөбе облысы наурыздың кейінгі онкүндігінен сәуірдің ортасына дейін су тасқынын бастан кешірді. Күннің күрт жылынуынан өзендер арнасынан шығып, елді мекендерді су басу қаупі төнді. Облыс орталығы мен алты ауданда төтенше жағдай жарияланып, мыңдаған адам су басу аймақтарынан шұғыл түрде көшірілді.
19 Сәуір, 2024
Қос балдырғанның өмірін сақтап қалған дәрігерлердің біліктілігіне жетісулықтар разы. Көпсалалы облыстық балалар ауруханасына үш жасар екі бала әртүрлі дене жарақатымен түскен. Бірі төртінші қабаттан құлап, ауыр жарақат алса, екіншісі септикке түсіп кеткен. Мамандар шұғыл әрекет етіп, дер кезінде бірлесе көмек көрсеткеннің нәтижесінде балаларды аман алып қалды.
19 Сәуір, 2024
Шығыс Қазақстан ғалымдары жасанды зерденің көмегімен агросаланы қазіргіден 60 пайызға өнімді етудің жобасын ұсынды.
19 Сәуір, 2024
10 миллион теңге кімге бұйырады?
Көктем шуағы төгіле үйдің айналасын тазалап, бұлақ көзін ашу – байырғы бабаларымыздан келе жатқан әдет. Осынау игі дәстүрдің жалғасы іспетті елімізде «Таза Қазақстан» атты экологиялық акция басталған. Бұрынғыдай сенбідегі сенбілік қана емес, жер-жерлерде тазалық жұмыстары күнделікті жүргізіліп жатыр.
19 Сәуір, 2024
Халықаралық спорттық ойындар Астанаға келді
Кеше Астанадағы Қ.Мұңайтпасов атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат колледжінде «Дети Азии» халықаралық спорттық ойындары ұйытқы болған «Путь к Олимпу» атты білім бағдарламасы өтті.
19 Сәуір, 2024
20-22 сәуір аралығында дзюдодан Гонконгта жалауы желбірейтін ерлер мен әйелдер арасындағы Азия чемпионатында Қазақстанның дзюдошылары қандай құрамда өнер көрсететіні белгілі. Аталған жарыста ел намысын 19 балуан қорғайды.
19 Сәуір, 2024
Ғалам ғажаптары: 60 жыл күттірген ақша
1960 жылы Дауид Латимер есімді азамат үлкен бөтелкеге өсімдіктің тұқымын егіп, 150 мл ғана су құйып, бөтелкенің аузын ауа кірмейтіндей етіп жауып тастапты. Сосын...
19 Сәуір, 2024
Үндінің Садхгуру деген данышпаны бар. Адамдар ағылып келіп ақыл сұрайды екен одан. Қарияның нақылдары әлеуметтік желіде де миллиондаған қаралымға жеткен. Кеше соның бірін көзім шалып қалды.
19 Сәуір, 2024
Ал махаббат – таусылмайтын әңгіме
Жастар арасында «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» күні дәстүрлі түрде тойланып келеді. Жырдағы қос ғашықтың кіршіксіз сезімі – отау құрар қыз-жігіттерге үлгі. Жетісуда осы мақсатта 15 жігіт өз сүйіктісіне ұсыныс айтып, отбасын құруға бел байлады.
19 Сәуір, 2024
Маған бүгінгі күн ғажап күн болып, бір хабарды естіп, «Әп бәрекелді, осы күнге жеткізгеніңе құлдық!» деп қуанғанымды жасыра алмаймын...
18 Сәуір, 2024
11 облыста қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасалды
Бұл туралы «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
18 Сәуір, 2024
+40°С. Мамыр айында ауа райы қандай болады?
«Қазгидромет» РМК 2024 жылдың мамыр айына арналған ауа райы болжамын бөлісті, деп хабарлайды Egemen.kz.
18 Сәуір, 2024
«Полиция қызметкері» хабарласқанда не айтуға болмайды?
Полиция қызметкерлері Қазақстан азаматтарына өздерін тәртіп сақшысымын деп таныстырған адамдармен сөйлескенде «иә» немесе «жоқ» деген сөздерді қолданбауды ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
18 Сәуір, 2024
Су тасқыны келтірген шығынды оңай есептейтін сервис әзірленді
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі eGov mobile мобильді қосымшасында су тасқыны салдарынан келтірілген материалдық шығынды оңай есептейтін жаңа сервис әзірледі. Өтемақы бойынша өтініштерді қабылдауға арналған сервис 17 сәуір күні іске қосылды, деп жазады Egemen.kz.
18 Сәуір, 2024
Бүгін ел аумағында жел күшейеді
«Қазгидромет» РМК мамандары 18 сәуірге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
18 Сәуір, 2024
15 сәуірде әлеуметтік желіде «Жасөркен аулын су басты» деген ақпарат тарап кетті. Бірнеше өңірді су басып жатқандықтан, ауыл тұрғындары үрейге бой алдырғандай көрінді. Ал, шын мәнінде, күні бойы жауған нөсер жауын салдарынан Жасөркен аулындағы отыз аулаға су кіріпті. Келген судың биіктігі қауіп төндірерліктей деңгейде емес.
18 Сәуір, 2024
3 мыңға жуық саяжайды су басты
Ресейдегі Ерікті (Иреклі) су қоймасынан құлаған мол су жолда Ор мен Орынборды жайпап өтіп, Қазақстан аумағына кірді. 17 сәуір күні Жайық өзенінің Бәйтерек ауданы Январцев аулы тұсындағы гидробекетінде соңғы тәулікте су деңгейі 16 см-ге көтерілгенін көрсетті. Қазір өзен арнасымен секундына 3 мың текше метр су өтіп жатыр.
18 Сәуір, 2024
Көлік-логистиканы дамытудың жаңа кезеңі
Қазақстан Еуразия кеңістігінде ең үлкен көлік-логистика хабын құрып, Қытайдан Еуропаға және Орталық Азиядан Батыс елдеріне әлемдік тауар тасымалын жеткізуді үйлестіріп, сонымен қатар құрғақ жол үстіндегі сауда ағынының бұйдасын ұстауға да ұмтылып отыр. «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның Инновациялық орталығы осы істі ілгерілетуде үлесін қосып келеді.
18 Сәуір, 2024
Жылуды сақтайтын оқшаулағыш: Табыс та, түйткіл де бар
«Макинск жылу оқшаулағыш зауыты» серіктестігі жылына 34 мың тонна өнім дайындайды. Бюджетке бір миллиард теңгеге жуық салық төлеп отыр. Серіктестік – еліміздегі базальт шикізатынан жылу оқшаулағыш дайындайтын бірден-бір ірі кәсіпорын. Өнімі де жан ұшырып жарнамалауды қажет етпейді. Қысы суық солтүстік өңірде сапалы жылу оқшаулағыш – қасқалдақтың қанындай қат дүние.
18 Сәуір, 2024