Пікірлер
Жер тұтас болмай, ел тұтас болмайтыны белгілі ғой. Алаш жұртының бойындағы иммунитет Жерге кіндігімен біржола байланған. Басқа мәселеде осалдық танытқанымен, жер мәселесіне келгенде Мөденің ұрпағы бабасының аманатына адалдық танытып келеді.
15 Сәуір, 2021
Қай елдің телесериалын көресіз?
Кейінгі кезде ел телеарналарында отандық киноөнімдер жиірек көрсетіле бастағанымен, шетел фильмдері, әсіресе телесериалдары әлі де көп. Осыған орай, телекөрермендер тарапынан «Қай телеарнаны ашып қарасаң да, көбіне үнді, корей және түрік телесериалдары жүріп жатады. Оларды көрсетуді азайтып, қазақ тіліндегі телесериалдарды неге көбейтпейміз?» деген сұрақ жиі қойылады.
14 Сәуір, 2021
«Зор сүйінші айтайын, Мұсылман болып туғанға. Ислам дінін қуғанға...» деп Майлықожа бабамыз жырлағандай, исламды дінім, Мұхаммедті пайғамбарым деп таныған мүміндер үшін қасиетті Рамазан айы туды. Аллаға бойұсынушы қауым бұл айды «Айлардың сұлтаны» деп ерекше әспеттесе, үлкен сахаба Абдулла Аббас «күндердің қайырлысы – жұма, айлардың қайырлысы – Рамазан» деген екен.
13 Сәуір, 2021
Рухы биік ел ешқашан жеңілмейді
Жалпы, мемлекет құрудың негізі – экономика емес, руханият. Руханияты бай, рухы биік ел ешқашан жеңілмейді. Яғни ол өзінің тәуелсіздігін сақтайды. Өткенінен бейхабар халықтың рухани кемелдігін былай қойғанда, материалдық тұрғыдан да жарымайды. Сондықтан болашағының берік болуын ойлаған жұрт ұрпағын өткен тарихтың кемел үлгісімен суаруы тиіс. Осы орайда, Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақалалары – қазақ қоғамына сананы жаңғырудың жолын нұсқаған бағдаршам іспеттес құнды дүниелер.
12 Сәуір, 2021
Мемлекетті басқарудың жаңа моделі
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2021 жылғы 26 ақпандағы Жарлығымен Қазақстан Республикасында мемлекетті басқаруды дамытудың 2030 жылға дейінгі «Ең алдымен адамдар» – адамға бағдарланған моделін қалыптастыру Тұжырымдамасы қабылданды. Алты бөлімнен тұратын бұл құжатта ағымдағы жағдайды талдаудан бастап, халықаралық тәжірибеге шолу мен мемлекеттік басқарудың негізгі қағидаттары сараланған.
09 Сәуір, 2021
Осынша мөлшердегі кеңес ақшасы бала күнімнен жадымда ешқашан өшпестей сақталып қалды. Бұл – әкемнің ай сайын алатын зейнетақысының сомасы. Жасы қырықтан асқанында жаңадан құрылған ұжымшарға малшы болып кіргендіктен, зейнетке шығарда еңбек күні (қазіргі еңбек өтілі) аздық етіп, қарттық шағына мардымсыз нәпақа бұйырыпты. Ал сол кездегі жоғары оқу орнының тойып тамақ ішуге ақшасы жетпей, ашқұрсақ жүретін студентіне айына 40 сом стипендия төленгендігін ескерсек, бес жаннан құралған отбасының жалғыз асыраушысының табысының деңгейі қандай болғандығын бажайлауға болар.
08 Сәуір, 2021
Жылдан-жылға қарыштап дамып келе жатқан ақпараттық технологиялардың адам баласына беретін пайдасы көп. Тек соны ретімен сауатты түрде пайдалана білу керек. Ал егер оны қара басың ғана емес, қоғам мүддесі үшін пайдаланатын болсаң, пайдасы бірнеше қайтара еселеніп, қаншама адамға жағымды әсер ететін болады. Осының бір мысалын ортаға салғанды жөн көрдім.
07 Сәуір, 2021
Тамыр туралы тағылымды әңгіме көп. Тамыр – дегеніміз әуелі тарих. Кез келген тұлға тұғырының беріктігі оның тереңге бойлаған алтын тамырында, көне тарихының бай қазынасында болса керек. Алтын тамыр дегенде біздің есімізге әуелі тарихшы, ғалым Қойшығара Салғара түседі. Этнограф, жазушы Ақселеу Сейдімбек екеуі бір-біріне серт беріп, бас басылымда қатар қызмет ете жүріп біреуі «Күмбір-күмбір күмбездерді», екіншісі «Алтын тамырды» жазушылықтарынан мақсатты түрде бас тарта отырып жазып шығыпты. Бұл жанқияр ерліктің, жазу деген қасиетті өнерді ұлт болашағы үшін құрбан қылудың ар жағында қос қаламгердің нағыз алашшыл тұлғалары айқын көрінеді.
06 Сәуір, 2021
Түркістан – түркі өркениетінің тұтқасы
Тамырлас, тағдырлас түркі халықтарының ынтымақтастығы тәуелсіздік алған тоқсаныншы жылдары басталғаны белгілі. Азаттықтың арайлы таңында бірін-бірі танып, қолдап, бауырластықтың берік негізін қалаған туыс елдер әуелі мәдени-гуманитарлық саладағы ықпалдастыққа мән берді.
05 Сәуір, 2021
Ғаламның болмысы жөнінде жиі талқыланатын тақырыптың бірі – параллель әлем. Бұл мәселе ежелгі гректерден бастап қазіргі ғалымдарды да әлі күнге мазалап келеді. Бір қызығы, оның мысалын күнделікті өмірден де байқауға болады.
05 Сәуір, 2021
Бір күні ерлі-зайыпты шымшықтардың ұясында ұрыс шығып шоқысып қалыпты деседі. Олардың күңкілдесіп жатқанын аң мен құстын тілін түсінетін Сүлеймен патша есітіп тұрды. Ұрғашы шымшық «күйеуінің» айтқанына көнбей, қашып жүрген көрінеді. Сонда кіжініп тұрған еркек шымшық жүндерін күдірейтіп: «Егер мен қаласам, Сүлеймен патшаның сәлдесін шешіп алып, теңізге лақтырып жіберем. Сен маған қарсы келетін кімсің?» деп айқайға салып жатыр дейді.
02 Сәуір, 2021
Алматыдан автобустар түнде аттанады...
Әлдеқандай шаруамен Алматыдан Шымкентке жол жүретін болдық. Жолаушы тасымалдайтын көліктердің күндіз де ағылып жататыны белгілі, алайда, «атар таңға жүрсең де, батар күнге жүрме» дейтін кешегі қисын бүгінге жүрмейді, автобустар Алматыдан түнде аттанады.
01 Сәуір, 2021
«Аңсаған сәби» тамаша-ау. Тек...
Қазақ – балажан халық. «Балалы үй – базар, баласыз үй – қу мазар» деп, қатты айтса да, текке айтпаған. Сәби сүю бақыты бұйырмаған ағайынын аяғандықтан, көп баласының біреуін оның бауырына салатын игі дәстүрі болған. Сол дәстүр көп бала туу «сәннен» шығыңқырап, өзімшілдік өктемдік құра бастаған қазіргі заманда ұмытылып та бара жатқанға ұқсайды. Әйткенмен, «Алпамыс батыр» жырындағы Байбөрі бай мен Аналық бәйбіше сынды бір перзентке зар болып, әулие-әнбилердің басына түнеп, бармаған жер, баспаған тауы қалмаған мұңлық отбасылар үшін жарық дүние есігін ашпай жатып, «көкек» аналары қатыгездікпен бас тартқандықтан, Сәбилер үйін паналауға мәжбүр болған бүлдіршіндерді асырап алу немесе экстракорпоральды ұрықтандыру (ЭКҰ) арқылы аңсаған арманға жету жолы табылды.
31 Наурыз, 2021
Тарихқа хайп емес, байып керек
Біз тарихы тоналған, жадысы жоғалған жұрттың біріміз. Бордай тоздырған бодандық пен алмағайып аласапыран жылдарда халқымыз санынан ғана айырылып қойған жоқ, санасы да сансырып, жадысы «жарақат» алды.
30 Наурыз, 2021
Адал мемлекеттік қызметшіге кім араша түседі?
Мемлекеттік басқару жүйесі ретке келтіріліп, оның күретамыры ретіндегі мемлекеттік қызметтің басты бағыт-бағдарлары айқындалған. Адал қызмет істеймін дегендерге барлық мүмкіндік жасалған.
30 Наурыз, 2021
Өткен ғасыр басында қазақ оқығандары, яғни алаш қайраткерлері ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсыновтың «Тұқымын адамдықтың шаштым, ектім, Көңілін көгертуге құл халықтың» дегеніндей, бәрі дерлік қазақтың жоқшысы болды. «Әр халықтың дәстүр-салты мен әдет-ғұрпы үкімет заңынан биік тұруы тиіс» деп қытай ойшылдары айтқаны сияқты, өткен ғасыр басында ұлтты сақтап қалудың ең нәзік иірімдері оның дәстүрі екенін қазақ оқығандары ерте аңғарды. Сөйтіп олар жұртты бірлікке, татулыққа, берекеге үндейтін, екінші жақтан жер емшегін емген дихан қауымын еңбекке ынталандыратын «Наурыз мейрамын» тірілтуге атсалысты.
29 Наурыз, 2021
Әр үйде әке патша болмаған соң...
Қазір әлеуметті әрі-сәрі әңгімелерге жетелеп, қоғам пікірін қырық пышақ қылып қойған мәселелер көп-ақ. Айтыса-айтыса, ешқашан ортақ мәмілеге келе алмайтындардың уәжіне құлақ салсаңыз, ананікі де дұрыс, мына кісінікі де жөн сияқты. Отбасындағы озбырлық, зорлық-зомбылық, әлімжеттік сияқты түрлі әділетсіздіктерден бөлек, жаратқанның ырқына, өз жынысына қарсы шыққандардың бастамасын кім тыймақ?
26 Наурыз, 2021
Жыл сайын осы күні тәуелсіз еліміздің тағдыршешті қадамы жасалған тарихи сәт көңіл төріне қайта қонақтайды. Бұдан дәл екі жыл бұрын, 2019 жылдың 19 наурызы Ұлыстың қарсаңындағы ұлы іс ретінде ел тарихына айтулы даталардың бірі болып енді.
19 Наурыз, 2021
«Жеті ата» дәстүрі – қоғам саулығы
Ертеде қазақ ханы әз Жәнібек елге аты шыққан емші Өтейбойдақ Тілеуқабылұлын шақырып: «Қандай дертке дауа жоқ?» деп сұраған екен. Сонда емші: «Тұқым қуалаған ауруға дауа жоқ» депті. «Оның алдын алуға бола ма?» дегенде, емші: «Жеті атаға дейін қыз алыспау», депті. Бұл пікірін әйгілі шипагер кейінгі ұрпақ білсін деп хаттап-шоттап жазып кеткен екен. «Жеті атадан асқаннан кейінгі аталардан қыз алыспақ керек. Жиенін алмақ – жиеніне бермек, емшек сүті араласпаса болды дейтіндерге: қандық, аңғақтық, уылымдық бейім көп болмақ. Алалық, шалажаралымдық, туылымдық, жаралыстық бітіс, милаулық туылғылар көз көргілігі бұтан дәлелімдік саналығы таппақ» дейді әйгілі дуагер.
17 Наурыз, 2021
Бүгінгі қоғамымызда мемлекеттік тіл мәртебесі бар ана тіліміздің болашағына елеулі алаңдаушылық бар. Бұл тақырыптың бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде қызу талқыға түсіп жатқандығы – соның айғағы.
16 Наурыз, 2021