Пікірлер
Әкем мектепте тарих пен қоғамтану пәндерінен сабақ берді. Содан да болар, үйде дастарқан басында саясат, демократияға қатысты әңгімелер жиі айтылатын. Бірде батыстық демократияға қатысты сөз өрбігенде әпкем: «Демократия деген бетімен кету ме?» деп сауал қойғаны бар.
15 Наурыз, 2021
Арқа жайлы болса, арқар ауып несі бар...
«Бос жатқан жер жау шақырады». Осы нақыл ойға оралғанда халық сирек орналасқан шекаралық аймақтарымыз бірден еске түседі. Іле «Еділдің бойы ен тоғай, ел қондырсам деп едім! Жағалай жатқан сол елге, мал толтырсам деп едім!» деп аһ ұрып өткен Махамбеттің арманға толы үні құлаққа жеткендей болады.
12 Наурыз, 2021
Біз көбіне шығармашылықта шекара жоқ деп айтып жатамыз. Алайда қасиетті өнерде мәңгілік ұлы шекара барын көбіміз мойындағымыз келмейді. Ол шекара және сіз бен біз ерсілі-қарсылы кіріп-шығып жүре беретін иесіз есік я болмаса қараусыз қақпа емес, тек жанкешті нағыз дарын, өмірін өнерге көзсіз құрбан еткен тума талант ғана аттай алатын айрықша асу, биіктігіне кез келген адамның білім-парасаты жете бермейтін бөлек белес.
11 Наурыз, 2021
Қазіргі қазақ қоғамында еркек кіндіктілерден гөрі әйелдердің қоғамдық белсенділігі ерекше болып тұр. Осыдан екі жыл бұрын періште бес қыз қапияда қаза болғанда бас көтеріп, көшеге шыққан да әйелдер еді. Осы аналардың арқасында көп балалы отбасыларға берілетін жәрдемақы бірден төрт еселеп өскенін жұртшылық жақсы біледі. Бұдан кейін әйелдердің митингіге шығуы жиілеп кетті. Алдыңғы күні әртүрлі плакат ұстаған қыз-келіншектер Алматыда тағы бір шеру өткізді. Бірақ бұл жолы олардың талабы деген сұрапыл...
10 Наурыз, 2021
Адам өмірі аққан өзен секілді екен. Білінбей баяу жылыстай отырып, балалықтың көктемінен, жастықтың жайраңдаған жазынан өтіп, ақыры мәуелі қоңыр күзге де келіп жетеді. Оның ар жағында көп нәрсеге мойын бұрғызбайтын, сейіл-серуен құрғызбайтын, көбінесе үйде қамап ұстайтын қытымыр қыс тұр. Әрине, қысты дұрыстап қарсы алу үшін қоңыр күздің адам үшін жайлы, жағымды болғанына не жетсін! Сол үшін де адамдар өз өмірінің күзі жеткенде оған дайындалып, түрлі қарекеттер жасай бастайтын көрінеді.
04 Наурыз, 2021
Қоғамдық пәлсапалық һәм танымдық тұрғыдан қарағанда «адам» ұғымы аса күрделі. ХІ ғасырда өмір сүрген түрік ғұламасы Мәулана Руми: «Адамның болмысы – ішінде әртүрлі аңдар мекендейтін орманға ұқсас. Біздің бойымызда таза-лас, жаман-жақсы, имани-хайуани сияқты мыңдаған қасиет бар. Егер ішкі жан шаһарыңда қасқыр үстемдік ете бастаса, адамның қасқырға айналғаны. Жақсылықтар мен жамандықтар да жасырын жолдармен жүрекке құйылып тұрады. Сәт сайын адамның жүрегінде бір нәрсе бас көтереді. Сол себепті адам кейде періште, кейде шайтани сипатқа айналып отырады» деген екен.
03 Наурыз, 2021
Таяуда миллиардер Илон Маск көшбасшылыққа қатысты қызық пікір білдірді. Оның айтуынша, қазіргі таңда MBA (Іскерлік басқару магистрі) дәрежесін иеленгендерді басшылық қызметке қоюдың қажеті жоқ. Бұл пікір америкалық қоғамды дүр сілкіндірді десек, артық айтқандық емес.
02 Наурыз, 2021
Әл-Фараби бабамыздың 1150 жылдығын атап өттік. Жаһандық пандемия жағдайына тұспа-тұс келсе де, ел бар жерде ер есімі елеусіз қалған жоқ. Әртүрлі деңгейдегі ғылыми конференциялар, мәдени іс-шаралар ұйымдастырылды, газет-журналдарда фарабитанушылардан бастап, ғалымдар мен қаламгерлердің танымдық, зерттеу мақалалары жарық көрді. Көркем және деректі фильмдер түсірілді.
24 Ақпан, 2021
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған Жолдауы мен «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» бағдарламалық мақаласында ашық, әділ, әділетті қоғам мен тиімді мемлекет құру мәселесіне арнайы тоқталды. Президенттің ұғымында әділетті мемлекет орнату халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартумен қатар, барлық азаматтың мүддесін бірдей қорғауды аңғартады.
23 Ақпан, 2021
Бүгінде «екі қолға бір күрек» іздегендердің алдынан осындай хабарландыру көптеп кездесіп жатады. «Іздегенге – сұраған» дегендей, сұранысқа сай айналамыздан курьер болып күнелтіп жүргендерді жиі байқаймыз. Расында, ел басына індет қаупі төніп, емін-еркін жүріс-тұрысымыз шектелген шырғалаң шақта үйден шықпай, курьер қызметіне жүгінуді жөн көре бастадық.
19 Ақпан, 2021
«Айран ішкендер» тұтылып жүр ме? Әлде әлі де құтылып жүр ме?
Қоғамымызды іштен ірітіп, жегідей жеп жатқан жемқорлық індетімен күрес аяусыз екендігін айғақтайтын деректерді бұқаралық ақпарат құралдары күн сайын дерлік нағыз майданнан келген жақсы лепестей сүйіншілете жариялау үстінде. Атқарылған істің нәтижесі де жаман емес: Transparency Inernational халықаралық ұйымы анықтаған сыбайлас жемқорлықты қабылдау индексі бойынша Қазақстан былтырғы жылдың қорытындысына сәйкес алғаш рет 38 балл жинап, алдыңғы жылғымен салыстырғанда 19 саты жоғарылап, 94-орынға табан тірепті. Еліміздегі сыбайлас жемқорлық қылмыстарының саны 5 пайызға кеміген. Бұған бұрынғы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі екіге бөлініп, Антикор қызметі жеке ведомство болып құрылғандығы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың айтарлықтай қатайтылғаны оң ықпалын тигізгендігі анық.
18 Ақпан, 2021
Егер сіз үлкен шелектің ішіне ортасынан толтырып тірі шаяндарды салып қойған болсаңыз, жыбырлаған жәндіктер әлгі ыдыстан ешқашан шығып кете алмайтыны қызық. Былай қарасаңыз шамалары бар-ақ шаяндар. Тарбиған аяқтарын бір-біріне тіреп, балтырларын баспалдақ ете қойса ыдыстан ытқып шығардай-ақ әлеуеттері жетерлік. Бірақ өкінішке қарай, олар әлгі ыдыстан ешқашан шыға алмайды екен. Неге деп басында біз де таң қалдық. Сөйтсек еш құпиясы жоқ болып шықты. Сол өзімізге жақсы таныс баяғы бақастық, өмірі бітпейтін күндестік, іштарлықпен індес көреалмаушылық деген көлденең көк мінездер осы әрекетке әбден тосқауыл болатын тәрізді. Бейшара шаянның біреуі сыртқа шыққысы келіп талпынса, әлбетте басқалары оның аяғынан тартып, жармасып, жабылып жүріп міндетті түрде құлатып тынады екен. Яғни мен шықпадым, демек сенің де шықпауың керек деген жабайы тірлік.
17 Ақпан, 2021
Бүгінде халқы тығыз қоныстанған оңтүстік өңірде жұрт мал жаятын жер таба алмай жатқанда, елдің солтүстігіндегі жайылымы мен егістік жері мол ауылдарда тұрғындардың қатары сиреген. Қашанда қазақ «Бос жатқан жер жау шақырады» деп етек-жеңін қымтап отырған.
16 Ақпан, 2021
Мемлекеттік рәмізде мін болмауы керек
Мемлекеттік рәміздеріміз – еліміздің Тәуелсіздігін бейнелеп, халқымыздың рухын асқақтататын, Қазақстанды әлемге паш ететін қасиетті атрибуттар. Оларда еш мін болмауға тиістілігі – айдай ақиқат. Бұл ретте Мемлекеттік Туымыз бен Мемлекеттік Елтаңбамыз әу бастан көпшіліктің көңілінен шығып, көзайымына айналды.
12 Ақпан, 2021
Дана халқымыз «көп қорқытады, терең батырады» деп тегін айтқан жоқ. Мұндағы «көп» сөзін бүгінгі күн тұрғысынан тәпсірлесек – демография, яғни қоғамдағы бұқараның салмағы. Әсіресе, ұлан-байтақ өлкені меншіктеп отырған қазақ сияқты этнос өз территориясына толық иелік ету үшін саны көп, салмағы мығым болмақ керек. Атақты Бұқар жырау бабамыздың «Желкілдеген ту келіп, Жер қайысқан қол келіп, Сонан сасып тұрмасқа...» деп болашақ ұрпағына бекер ескерткен жоқ. Баба сөзінен біз «көп болсаң жау шаппайды, туың жығылып, түтінің өшпейді» деген өзегі нәрлі, өлшемі кең, өлмес өсиетті аңғарамыз.
11 Ақпан, 2021
Нұр-Сұлтан қаласындағы гүл сататын дүкеннің алдында жиналған қарақұрым халық бірнеше күннен бері әлеуметтік желіде шу болып жатыр. Жайшылық күндері жұртшылықтың бір жерде осынша көп жиналуы − шынымен де сирек құбылыс. Күннің суығына, вирустың өршіп тұрғанына қарамастан, елді ала таңнан тұрғызып, кішкентай бір дүкеннің алдында алып келген не дейсіз ғой? Сөйтсек, мұнда ұтыс ойнатылатын көрінеді, жұртшылықтың көксегені – ұтыстан тегін көлік ұтып қалармыз деген дәме екен.
09 Ақпан, 2021
Халықты зиянды тағамнан қалай қорғаймыз?
«Денсаулық – зор байлық». Бірақ осы байлықтың қадірін саушылықта көбіміз біле бермейміз. Адамның тәні – Алланың аманаты. Бұл аманатқа адалдықпен қарау, яғни денсаулықты сақтау һәм қорғау – басты парыз.
08 Ақпан, 2021
Ауыл әкімін сайлармыз-ау... Тек кімді және қалай сайлаймыз?
Осыдан алты жыл бұрын Солтүстік Қазақстан облысының Шал ақын ауданына қарасты Қаратал ауылында болып, жергілікті тұрғындармен кездескенімде, олар бір келеңсіздік жайлы қынжыла айтқан еді. Көптің көкейіндегі сөзді бір ақсақал: «Ауылдың шетіндегі су толтыратын мұнараны көзіңіз шалған шығар? Оған алты шақырымдағы аудан орталығынан су құбыры тартылған. Бес-алты жылдан бері босқа тұр. Оған қазынаның миллиондаған теңгесі текке шығын болды. Неге дейсіз бе? Ауылымыздың бірде-бір тұрғыны оған келіп тұрған ауыз суды қалтасынан ақша шығарып, сатып алғысы келмейді. Себебі бәрі өз үйінің жанынан құдық қазып алған. Бізден осы су құбыры керек пе, онымен келетін ауыз суды сатып алуға қарсы емессіздер ме деп сұраған не ауылдың, не ауданның әкімі болған жоқ. Енді, міне, ол босқа шіріп тұр. Мемлекет қаржысын бұлай далаға шашуға бола ма?» деп күйіне жеткізген еді.
05 Ақпан, 2021
Интернетте бір автор: «Сіз» деп сөйлеу адамдардың арасын алшақтатып, бір-біріне деген сенімін азайтады. Ондай субординация ата-ана мен бала арасында болмауы керек. Бала ондай кезде бейсаналы түрде ата-анасын бөтен адам ретінде қабылдайды. Сондықтан бала ата-анасына «сіз» демей, «сен» деп сөйлеуі керек, «сіз» деп танымайтын бөтен адамға немесе аса құрметті үлкен адамдарға ғана айтылады» дейді. Мұны оқып, жыларымызды не күлерімізді білмедік.
04 Ақпан, 2021
Жастар денсаулығы туралы «шындық»
Дөңгелеген дүниенің келешегі жастардың қолында болса, ол болашақтың жарқын болуы желкілдеп өсіп келе жатқан ұрпақтың денсаулығы мен біліміне байланысты екенін білеміз. Ұлттың енді бір буын алмасқаннан кейінгі болмысы бүгінгі жасөспірімдердің тәрбиесі мен денсаулығына тәуелді болып қалатынын осы мәселемен тікелей айналысатын халықаралық ұйымдар ұдайы айтып келеді.
03 Ақпан, 2021