Пікірлер
Қашан көрсең де қиялына қанат бітіріп, қисайғаннан қисын іздеп, түзелгенге түйсік түзіп, жалғанның жұмбағын жалғыз шешкісі келіп жүретін бір пәлсапашы таныстың қарап жүрмей, лингвистикаға да әуестігі ауғаны бар еді. Бір күні жерден жеті қоян тапқандай қуанышты жүзбен «жүрек» пен «сүйек» сөздерінің түбірін тапқанын айтты.
05 Қараша, 2020
Күннен күнге қанатын кең жая түскен жаңа технологиялар негізінде әлемнің өзгеріп бара жатқанын көріп отырмыз. Ол жаңа технологияларды негізінен компаниялар мен корпорациялар енгізуде. Себебі қазіргі күні қаржының бәрі – солардың қолында. Олар бір-бірімен жанталасқан бәсекелестікке түсе отырып, жаңа идеялар мен соларды жүзеге асыратындай әдіс-тәсілдерді, ғылым жаңалықтарын іздестіреді. Содан кейін оны капиталдың күшімен көп қиналмастан бірден жүзеге асырады.
04 Қараша, 2020
Сіздің әлдебір отырыстарда немесе кезекті жиындардың бірінде қайсыбір замандасыңыз туралы немесе қоғамдағы өте өзекті мәселе төңірегінде елеусіз ғана айта салған ойыңызбен ол адамның өмірін немесе күн тәртібінде күйіп тұрған сол мәселені түбегейлі өзгертіп жіберуіңіз ғажап емес. Әрине, мәселенің мәнісі оң шешімін тауып, әлгі бейбақтың ғұмыры жақсы жағына өрістеп кетсе, нұр үстіне нұр ғой.
02 Қараша, 2020
Таяуда The Creative Assembly компаниясы кезекті компьютерлік ойынын жариялады. Total War Saga: Troy деп аталатын бұл ойынды бір тәуліктің ішінде 7,5 миллион рет көшіріп алған. Әрине, бұған ежелгі грек мифтері, әйгілі Троя қаласындағы соғыс туралы аңыз-әңгімелер әсер еткені анық.
30 Қазан, 2020
Қарапайым тұмша тағып жүрудің ел үшін соншалықты маңызы болатынын кім білген? Жұмысты да онлайн түрде үйде отырып атқаратын болғандықтан, сыртқа көп шықпайсың. Өткенде қала ішінде қоғамдық көлікке отырдым. Күндіз болған соң автобуста адам қарасы көп емес, отырғандардан басқа 6-7 адам ғана түрегеліп тұр. Иә, сырт көзге жолаушылардың бәрі бетперде таққан, бірақ қалай?
29 Қазан, 2020
Ізгілікке білте суарған қазақтың дара данасы Абай атамыз отыз тоғызыншы қарасөзінде «бұрынғы біздің ата-бабаларымыздың бұл замандағылардан білімі, күтімі, сыпайылығы, тазалығы төмен болса да, артық екі мінезі бар» деп алыстан сермей келіп, «Ол екі мінезі қайсы десең, әуелі – ол заманда ел басы, топ басы деген кісілер болған. Көш қоңды болса, дау жанжалды болса, билік соларда болады. Екінші мінезі – намысқорлық екен. Ат аталып, аруақ шақырылған жерде ағайынға өкпе-араздыққа қарамай, жанын салысады», деп сәулелі сөзінің түбіне шамшырағын түсіреді.
28 Қазан, 2020
Алты Алаштың мақтанышы Ахмет Байтұрсынұлы: «Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек. Газеті жоқ жұрт басқа газеті бар жұрттардың қасында құлағы жоқ керең, тілі жоқ мылқау, көзі жоқ соқыр секілді» деген еді. Рухани мәдениетіміз бен елдік мәртебеміздің деңгейін бағамдауға басты өлшем болып келе жатқан осы қағидаға сүйенсек, көпшіліктің не оқып жүргеніне қарап, ой-санамыздың, тұрмыс-тіршілігіміздің түр-тұрпатын аңғаруға болатын секілді.
27 Қазан, 2020
Қазір бұқаралық ақпарат құралдарында жол апаты туралы ақпарат өте көп. Бір қалада көлік адамды қағып кетсе, келесісінде көлік аударылып, пәленше адам бақиға аттанып кеткенін естіп жатамыз. Тіпті мұндай жаңалықты ести-ести назар аудармайтындай болып барамыз ба, қалай? Бірақ еліміздегі жол апаты азаяр емес.
26 Қазан, 2020
Кесапат індет келіп, қоғамның талай кертартпа кем-кетігін көрсетіп берді. Әсіресе карантин кезінде тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесінің зорайып бара жатқаны қатты байқалды. Бұл ретте жұбайына жұдырық жұмсаған жағдай ғана жұртқа жиі аян болып жатады. Ал күш қолданбай-ақ серігінің санасын сансыратып, күн бермейтіндер де көптеп кездеседі.
23 Қазан, 2020
Біз әдетте адамзаттың даму кезеңдерін айқындау үшін оның тарихын қауымдық, құл иеленушілік, феодалдық, капиталистік қоғамдарға бөлеміз. Бұл қоғамдарда адамзаттың алдына әртүрлі мақсаттар қойғаны, сол мақсаттар үшін күрескені байқалады.
21 Қазан, 2020
Демографиялық өсімге не кедергі?
Бүгінде халқымыздың саны 19 миллионға жуықтады. Алайда бұл көрсеткіш қарқынды өсімнің нәтижесі емес. Халық санының өсуінің қазіргі деңгейі қолда бар мүмкіндігімізге сәйкес келмейтінін мойындауымыз керек.
20 Қазан, 2020
Даланың жұпары сіңген ақжаулығында ақ бас шыңды Алатаудың асқақтығы бар. Зерлі алқа тағынған, шымқай көк жібек жамылған, дүрия көйлек киінген мейірімнің ең ұлы мекені. Жалғанның жарық сәулесі жауқазындай жанына үйір, жайлауы жасыл желекті жомарт жүрек иесі. Айтыңызшы, бұл дүниеде омырауына көктемнің гүл дестесін оранған анадан артық жан бар ма?!
19 Қазан, 2020
Түменбасының генералдан несі кем?
Егемен елдің қорғаны оның айбынды жауынгерлері мен қуатты да қабілетті армияға байланысты. Қазіргі таңда Қарулы Күштеріміз Қазақстанның берік қалқаны ретінде қалыптасып, жауынгерлік шеберлік пен асқақ рухтың озық үлгісін көрсетіп келеді. Әйтсе де, күштік құрылымдардағы кей атаулар әлі күнге дейін Кеңес өкіметінің сарқыншағынан арыла алмай жүр.
15 Қазан, 2020
Қарлығаш қадамымды басқанда да, топ-топ баламен түз тозаңын төбеге көтеріп, асыр салғанда да, қия кетіп қиыр шетте жүргенде де жүрекке ұлы есімдей ұялап, көңілден бір уақыт кеткен емес. Қуанышты сүйіншілеп, шаттықты еселеп жеткізетін, аңқа бір кеуіп алабұртқан шақта шөлді басатын сусар мекен. Кепиетін көкірегіме құйып, кесірден сақтаған, кең әлемге жол ашып, даналыққа баптаған кіндігімді кескен жұрт. Бұл – бабамның иісі сіңген топырақ, кіндік қаным тамған жер.
14 Қазан, 2020
Торғай геоглифтері – трактор табанында
Саяхаттап жер көру, ел тану – сонау ықылымнан бар дүние. Арада мыңжылдықтар, жүздеген ғасыр өтсе де есімдері ұмытылмаған көне карфагендік Ганнон, грек Геродот пен Страбон, марсельдік Пифей, араб саяхатшылары Ибн Батута, Сүлеймен, Идриси, францискалық Гильом де Рубрук, венециялық Марко Пололар ғылымда орта ғасырлардағы жағрапиялық жаңа ашуларға дейін-ақ табаны тиген жерлерден жазбалар қалдырып, таным көкжиегін кеңітіп, бұрын таныс емес әлемдер жайынан сыр ашқан-ды.
14 Қазан, 2020
Бізде осы күні не жымиғаны, не жылағаны белгісіз бір бет-бейнелер пайда болған. Былайша айтқанда эмоциясы екі бетінен ешқашан білінбейтін типтерді жиі кездестіреміз. Бірте-бірте күлмейтін кісілер көбейіп келе жатқандай. Жалпы, жалпылдап күле беру жақсы әдет емес. Қазақ оны «Әйелдің қары, еркектің қоры күлегеш» деп кесіп айтып қойыпты. Дегенмен, біздің бұл күлкіміз басқа күлкі. Тіпті, күлкі деуге келе ме? Күлкі дегеннен гөрі қоғамдағы, өнердегі, әдебиеттегі, мәдениеттегі көңіл күй дегенге көп келіңкірейтін сияқты.
13 Қазан, 2020
Аттандамай-ақ ұлтқа қызмет етуге болады
Қазір заманның, бүгінгі халықаралық қоғамдастықтың беталысына, ашық ақпараттық кеңістіктің үстемдігіне, кез келген елдің ішкі саяси-экономикалық жағдайы мен халқының көңіл күйінің ауанын басқа күштердің білу мүмкіндіктерінің көптігіне қарап отырып, біз үшін ең дұрыс жол «үндемей жүріп-ақ үлкен істер тындыру» қағидасын ұстану екенін айтқымыз келеді.
12 Қазан, 2020
Жазушы-драматург Сұлтанәлі Балғабаев соңғы жылдары жазған «Қазақтың қызыл кітабы» атты публицистикалық мақалалар жинағында: «Мен жасы жетпістен асып бара жатқан зиялы ақсақалды білемін. Дербес зейнеткер, оқыған-тоқыған адам. Әйтсе де, өзінің балалары мен немерелерінің біреуі бірауыз қазақша білмейді.
09 Қазан, 2020
Таяуда астрономдар ғаламдағы қызық құбылыстың бірін анықтады. Ғарыш түкпіріндегі алып «қара құрдымды» алты галактика айналып жүр екен. Ғалымдардың айтуынша, бұл ерекше аспан денесі «Үлкен жарылыстан» кейін пайда болған көрінеді.
08 Қазан, 2020
Алғашында Абель Тасман, одан кейін Джеймс Кук келіп, XVIII ғасырда Жаңа Зеландия деп ат қойылған аралға XIX ғасырда еуропалықтар ағылғанға дейін маори халқы дәстүрі, тілі, танымы, өзіне тән бай мәдениетімен жұмақ мекенінде жайбарақат өмір сүріп жатқан-ды.
07 Қазан, 2020