Пікірлер
Бірде қазақ радиосын қосып қалып едік, сатира сардары Көпен аға күлдіріп әңгімесін аяқтап жатыр: «Күле білу – өмір, күлдіре білу – өнер, күлкі болу – өлім». Дәл айтылған диагноз деп қалдық. Көпекең бұл жерде жалпы адамзаттық күлкі турасында емес, қазақ әзілінің қазіргі әдебі тұрғысында ой түйіндегеніне еш күмәніміз жоқ. Сатирик сөзінен аңдағанымыздай, жымиып қана күлетін қазақ жүзіндегі әдемі күлкі бүгінде бос ыржыңға айналған.
06 Тамыз, 2020
«Атыңнан айналайын Қарқаралы, сенен бұлт, менен қайғы тарқамады», дейді Мәди. Жалпы, көркем әдебиетте мұң басқан көңіл, халық басындағы қайғылы жағдай көк жүзін тұтып алған қалың бұлтқа теңелетіні белгілі. Өйткені аспанды бұлт торлағаны адамның көңіл күйіне де әсер етеді. Жарқ етіп бұлт астынан күн шықса, көңіл де көтеріліп сала береді.
04 Тамыз, 2020
Қазақ халқы ежелден әділдікті өмір сүрудің өзегі деп білген. Яғни қай заманда, қай кезде болмасын қоғамды береке мен бірлікке бастайтын, елдің шаңырағын шайқалтпай, іргесін сөктірмей ұстап тұратын ұстыны – әділдік. Атақты қытай ғұламасы Күңзі қария «Әділдігі жоқ қоғам – ешқашан кемелденбейді» деген екен.
03 Тамыз, 2020
Интернет аштығы немесе ашаршылығы бола ма? Әрине, болады. Бірақ интернеттің, одан кейін өмірге келген цифрландырудың алғашқы даму сатысында біз мұны пәлендей сезінбеуіміз мүмкін. Өйткені бұл – өркениет жетістіктеріне сәйкес туындайтын кеселдердің бірі.
31 Шілде, 2020
«Бүлінген» блогерден өнеге алма!
Қазір әлеуметтік желіде мынадай қызық үрдіс бар. Кез келген даулы оқиғадан кейін кінәлі тарапты ақтаған жазбалар жаңбырдан кейінгі саңырауқұлақ секілді қаптап шыға келеді. «Қазаншының еркі бар қайдан құлақ шығарса». Әркім әлеуметтік желідегі парақшасына не жазатынын өзі біледі. Әйтсе де, кенеттен бір сарынды жазбалардың қаптап кетуі күмән тудыратыны бар.
30 Шілде, 2020
Аяғына тұсау, мойнына шалма салдырмай діңкелеткен асаудай көрінетін сыбайлас жемқорлық мемлекетіміздің абыройына нұқсан келтіріп қана қоймай, экономикалық тұрғыда дамуымызға да барынша кері әсерін тигізіп отырғанын қоғамымыздағы барлық тарап қымсынбай мойындайды.
29 Шілде, 2020
Елдік істі атқару кімге де болса сын. Сыннан сүрінбей өту – парыз. Парызға адалдық – азаматтық қарыз. Қарыз бен парызды қара басының қамына, құбырдай құлқынына икемдегендер, жұрт болғалы жұтудай жұтып, жыртығымызды жамай алмай келеміз.
28 Шілде, 2020
Құндылықтарынан айырылған қоғамның құбыласынан жаңылған жұртқа айналатыны белгілі. Қырық құбылған мына заманда қаймана қазақ та асыл қазынасын – рухани құндылықтарын жоғалтып жатқандай көрінеді. Сертке сенген, сөзге тоқтаған халық едік, сенімге селкеу түсті. Кез келген жайтқа күдікпен қарап, күмән келтіреміз. Сөздің астарына үңілмей, ақиқатына жүгінбей, айтары жоқ болса да, айқайы бардың айтағына ереміз. «Коронавирус жоқ, пандемия өтірік, бәрі қазаққа чип салу үшін жасалып жатыр екен» деген дақпыртқа да сендік. Ұлы Абайдың «қазақтың шын сөзге нанбай, құлаққа қоймай, тыңдауға да қолы тимей, пәлелі сөзге, өтірікке серттей ұйып, бар шаруасы судай ақса да, соны әбден естіп ұқпай кетпейтұғыны қалай?» деген сауалы тағы да алдымыздан шықты. Міне, «Абай деген адам болмаған екен» деген сөзге де ден қойып жатырмыз.
27 Шілде, 2020
«...Бола алмаймыз ешқашан ұлы халық!»
Қазір біздің қоғамда кім болсақ та әйтеуір қазақ болғымыз келмейтін бір жаман әдет қалыптасты. «Қазақ жалқау», «қазақ тойшыл», «қазақ мансапқор», «қазақ жемқор». Жаман қасиеттің барлығы байғұс қазақтың өн бойынан табылады екен. Басқасын қайдам, халқын жамандаушылар арасында жаһандық жарыс бола қалса, бас жүлдені қазақтар алатынына ойланбай-ақ бәс тіге беруге болады. Біз сияқты туған ұлтының жер-жебіріне жетіп ұрсатын халық жоқ шығар жер жүзінде?!
23 Шілде, 2020
Осыдан жиырма жылдай уақыт бұрын батыстың бір өнер қайраткерінің: «Мен жиырма бірінші ғасырда өмір сүрмейтініме қуанамын, өйткені ол ғасыр өте күрделі болады» деген сөзін оқыған едім. Ол – жиырмасыншы ғасырдың адамы. Кезінде жазып қоймаған соң аты-жөнін ұмыттым. Бірақ сөзі есімнен шыққан емес. Оның бұлай деуіне не себеп болды екен деп ойлаймын кейде.
21 Шілде, 2020
Жуықта Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық «Ана тілі» басылымына берген сұхбатында: «Қазір «Тойың тойға ұлассын» деп әндетіп, той тойлап жүретін уақыт емес. Бүгінгідей технологияның заманында той-томалақтың әңгімесін айтып, бір-бірін асыра мақтап, ас ішіп, аяқ босатқанға риза кейіпте жүру әдетінен арылу керек. Тіпті осындай қауіпті пандемия кезінде кейбір азаматтарымыз маған хат жазып, той өткізуге мүмкіндік беру керек деп талап қояды. Мемлекеттің өзі өлермендікпен өмір сүретін кезге келдік. Сондықтан еңбек ету – өмір сүру салтына айналып, басты міндет саналуға тиіс. Той қуалайтын емес, ой қуалайтын кезеңмен бетпе-бет келдік. Бұл дәуір – ақыл-ойдың, ғылым мен білімнің, еңбектің дәуірі!», деді.
16 Шілде, 2020
«Қолымда бір қамшы бар сәліңгірдей, Атандым елге тентек кәдімгідей. Бір тентек ел ішінде жүрмей ме екен, Соңыма неге түстің бәрің бірдей?» Кеңес билігімен бітісе алмай, банды атанған Аманғалидің әні осылай басталады. Қазақтың қара өлеңінде алғашқы жолдар кейінгі жолдарға ұйқас болуы үшін әшейін ұйқас үшін айта салғандай көрінуі мүмкін. Алайда мазмұны жағынан жанама қатысы болып, кейінгі жолдардағы айтылған ойды сүйемелдеп тұрады.
15 Шілде, 2020
Белгілі ғалым Рахманқұл Бердібайдың: «Егістік жерді жаздың ыстық айларында бірнеше рет суармаса, шыққан егін мүлде қурап кететіні секілді дер кезінде жалғастығын таппаған дәстүр де жоғалады», деген сөзі кейінгі ұрпақты ұлттық салт-дәстүр мен әдет-ғұрыпқа баулып тәрбиелейтін, байырғы ата-бабаларымыздың наным-сенімдерінен, тарихынан, тұрмыс-тіршілігінен, жақсы мен жаман туралы түсініктерінен тұратын жыр-толғау, терме жанрларынан көз жазып қала жаздап отырған қазіргі қалпымызға қаратып айтылғандай әсер қалдырады.
14 Шілде, 2020
Әр заманның берері мен алары бар
Адамзат үшін қай ғасыр жеңіл болған?! Әр ғасырдың өзінің арқалаған ауыр жүгі бар. Мәселен, өткен жиырмасыншы ғасырды, сол ғасырда өмір сүрген жандарды алайық.
10 Шілде, 2020
Табиғат-ананы бүлдірмес болар...
Қазір халықты мейлінше көбірек толғандыратын, тұрғындардың жанайқайына жиі түрткі болатын мәселелердің алдыңғы қатарында қоршаған ортаны қорғау саласындағы олқылықтар, көптен шешімін күткен, сондай-ақ жаңадан пайда болған экологиялық түйткілдер тұр. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президенттік қызметіне ресми кіріскен алғашқы күндері Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігін құруға жедел тапсырма беруі де аталған салада қолға алынуы тиіс қыруар шаруаның бар екенін айғақтайды.
08 Шілде, 2020
Ауа жайылып, үдеп бара жатқан індет қарқыны кісі шошырлықтай. Қай жағынан да оңай соқпай, құрбаны да аз болмай тұр. Күнделікті ақпаратты майдан даласынан келген мәлімет дерсің.
03 Шілде, 2020
Он адамның сегізі сенбеді. Неге?
Алматы арқылы Қазақстанға індет кірген күннен бастап, медицина тақырыбына қалам тербеуге ұмтылған бізден маза кеткен. 13 наурыздан бері бір күн де дамылдаған жоқпыз десек, әсіресөз емес.
01 Шілде, 2020
Кеше ұялы телефонымызға әлдебір спорт ғимаратына кереуеттерді қаптатып қойып жатқан бейнетаспа келіп түсті. Зер салсақ, Covid-19-ға қарсы стационарлық аурухана дайындап жатқан көрінеді. Дұрыс шешім екен дестік. Бастапқыда бұл Өскемен қаласындағы О.Рыпакова атындағы жеңіл атлетика манежі екен десті.
30 Маусым, 2020
Кірме сөздер һәм тіл үйлесімдігі
Тіл мамандары түркі тілдерінің бәрінің түбірі – ортақ тіл деген тұжырымға келіп жүр. Дыбысталуы әр түрлі болғанмен ортақ сөздер негізінде бірегей терминологиялық лексиканың іргетасы қаланып, қазақ тілінің сөздік қоры қалыптасқаны мәлім.
29 Маусым, 2020
Психиатрия ілімінде «анахорет» деген ұғым бар. Грек тілінен аударғанда «аулақ кету», қазақы танымға салсақ «арқасын беру» дегенді білдіреді. Әлбетте, психологиялық ауытқуға жақын саналатын бұл қалып көбіне табиғи қауымдасып тіршілік сүруден безініп, тұйықталуды, қоғамдық өмірден тыс, ешкіммен қатынаспағанды қалайтын адамның еркіндегі таңдау болса керек. Әсіресе көңілінде зор күйзеліс болған, тіршіліктің таяғынан есеңгірете соққы алған адамға тән күй.
26 Маусым, 2020