Пікірлер
Бұрын бізге мұғалімдер әп-сәтте күшіне еніп, ұласпалы сипат алып шыға келетін тізбекті реакция атом қуатында ғана болады деп түсіндіруші еді. Сөйтсек мұндай жойқын күшке қатерлі ақпарат көзі де ие екен. Қытайдан басталып, қазір дүниені шарпып отырған коронавирус дертіне шалдыққандар саны әзірге жүз мыңнан асып, қайтыс болған адамдар сан алты мыңның үстіне шыққанымен өз тарихында бұдан да зор құқайларды бастан өткерген жеті миллиард адам баласы бұрын-соңды болмаған дүрбелеңді бастан кешуде.
19 Наурыз, 2020
Елбасы және Ататүрік: 19 санының тылсымы
Терең тарихтан тағылым іздеп тін тартсақ, ар жағынан тұтас түркінің тұғыры биік толағай тұлғаларының сұлбасы сән-салтанатымен атойлап шыға келетіні белгілі. Әлде біздің тағдырымыз аталарымыз алып-алып басқан осынау абат аймақтан бір елі ажырамай, кіндігіміздің қара шаңырақта байланғанынан ба, кім білсін?
19 Наурыз, 2020
Тәрбиенің тоқырау себебі неде?
Осыдан бес жыл бұрын «Егемен Қазақстанда» Төрегелді Шарманов ағамыздың «Құндылықтардың құлдырауы» атты мақаласы шыққан еді. Сол мақала қарт ұстаз, сексенге жақындап қалған ана ретінде мені де қатты толғантып, күні бүгінге дейін көтерілген мәселені ұмыта алмай, тебіреніп жүремін.
17 Наурыз, 2020
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Үндеу жариялап, елде алғаш рет енгізіліп отырған төтенше жағдайдың жөнін егжей-тегжейлі түсіндіріп берді. Қазақстанда бір айға жуық мерзімде санитарлық-эпидемиялық шаралар күшейтіліп, қауіпсіздікке басымдық беріледі. Бұл – ең әуелі халықтың амандығы үшін қабылданған шешім екені анық.
17 Наурыз, 2020
Ұлт ұпайы ұраншылдықпен түгенделмейді
Табиғат толғатып, бусанып, тіршілік атаулы түлейтін кезең де келіп жетті. Жыл жылжып, бірлік пен берекенің бастауы – Амал мерекесі төрге озды. Қыс құрығы ажырап, жер аяғы босайтын, күн шуағын төгіп, шұғыласын шашатын бұл мезетте ағайын бір-бірімен сағыныса көрісіп, сақтағанын дастарханға салып, бір-біріне ақжарылқап тілегін айтқан. Жастар жағы сауапты істерге асығып, үлкендер мейірленіп бата берген. Осылайша сахарада келісім мен кешірім, татулық пен туыстық салтанат құрған. Бір қуанарлығы, еліміздің батыс аймақтарында ғана аталып өтіліп келген бұл игі мереке қазір жалпыұлттық мейрамға айналып барады.
16 Наурыз, 2020
Ақылмандар, адам мінезі-құлқының ұңғыл-шұңғылын зерттейтін психологтар, түрлі қиыншылықты жеңуге көмектесетін тренингтер қаптаған заманда кісі өзіне неге қол салады? Құдайым-ау, ғаламторды ашып қалсаң да өміріңді ғажап ететін кеңес атаулының қаншама түрі алдыңнан шығады.
13 Наурыз, 2020
Азаттық эйфориясын басқа халықтың қалай бастан кешкенін қайдам, ал қазақ топырағында «тәуелсіздік туралы толғау» ұзаққа созылып бара жатқан сыңайлы. Әлі күнге дейін «тәуелсіздікке дейін», «тәуелсіздіктен кейін» деген пафостық оданың таусылар түрі көрінбейді. Прагматизмнен гөрі сол «бабалар аңсаған азаттық» төңірегіндегі әңгіменің гөй-гөйі «Мың бір түн» хикаясынан кем түспей тұр.
12 Наурыз, 2020
Алтын көмбе, мол қазына тауып алуды армандамайтын адам жоқ шығар, сірә... Бала кезімізде біздің ауылда мынадай бір аңызға бергісіз әңгіме айтылатын. Бұл сірә, Екінші дүниежүзілік соғыстан әрі, Қазан төңкерісінен бері кез болса керек.
11 Наурыз, 2020
Қазақ қашанда қыз сыйлаған халық, қыздарын төрге отырғызған ел. Қыздарды ерекше еркелетуге тырысқан атамыз «қыз өссе – елдің көркі» деп, олардың сән-салтанатына ерекше мән беріп қараған. Сондықтан қазақ қыздары қадым заманнан бері ел алдына шығып ән айтқан, аламан айтысқа қатысқан.
11 Наурыз, 2020
Лингивист ғалым марқұм Рахманқұл Бердібаев «Кеңес дәуірінде қазақ тілінің 18 мың сөзі бұрмаланған, яғни мән-мағынасы өзгерген» депті. Осындағы мәні өзгеріп, мағынасы ауысқан атаудың бірі – қатын сөзі. Бұл термин ертедегі Түркі қағанаты кезінде билеушіден кейінгі екінші тұлға – оның сүйікті жарына берілетін құрметті атақ екен.
06 Наурыз, 2020
Биыл ел астанасы ерекше қарлы болды. Коммуналдық қызмет өкілдеріне техника құралдары жетпей, шаһарды қардан тазартып үлгере алмай әбігерге түсті. Әлбетте Арқаның ақша бұлттары кең далада кедергісіз соғатын желмен көсіле көшіп, жауын-шашынның бұл төңірекке түсуіне мүмкіндік бере бермейтіні белгілі.
04 Наурыз, 2020
Биыл туғанына 175 жыл толып отырған жарықтық Абай атамыздың кейіске толы: «Көзінен басқа ойы жоқ, Адамның надан әуресі. Сонда да көңілі тым-ақ тоқ, Жайқаң-қайқаң әр несі», деп басталатын алты шумақ жыры бар. Осында айтылғандай, рухани ілім-білімнен, қарапайым өмірде шаһадат пен ғибраттан хабары жоқ пенделер жайлы үлкен ғалым Мағаз ар-Рази: «Кімнің уайымы жоқ, тоқшылығы көп болса, денесі майлы болады. Денесінің майы көп адамда желік пайда болады. Желігі бар адам жамандыққа ұрынғыш келеді. Жамандыққа бойы үйренген адамның жүрегі қатыгезденеді. Жүрегі қатыгезденіп өлі күйге түскен пенде пәнидің қызықтарына батып кетеді» депті.
03 Наурыз, 2020
Музыкалық мәдениет – мектептен
Қазір отандық баспасөзде «орыс мектебі» деп жазатын тілшілерді байқаймын. Әлбетте, елімізде білім беру нысанына қатысты «орыс мектебі» деген паспорт берілмейтінін есте ұстаған абзал.
21 Ақпан, 2020
Аманат – адамның бойындағы ең асыл қасиеті. Атамыз қазақ «Аманат– молшылық әкеледі, қиянат– кедейлік әкеледі» деген. Яғни, аманат бұзылған жерде қиянат қанат жаяды. Ондай ортада ынтымақтың іргесі сөгіледі, берекенің қамалы бұзылады. Аманаттың түрі көп. Ең үлкен аманат адамның – жаны. Бұрынғы абыз-жырау аталарымыз: «Алланың аманатқа берген жанын, кезегі келген кезде қайтарамын» деп бекер айтпаса керек.
20 Ақпан, 2020
Абай және оның дүниетанымы туралы айтқанда ой-танымының, әсіресе шығыстық-діни терең толғамдарының қалыптасуына ықпал еткен тұлғалар туралы тоқталмай кету әсте мүмкін емес. Дала дәстүрі мен халық философиясын бала жастан бойына сіңіріп, кейін медреседе оқып, тіл үйреніп, өздігінше ізденген данышпанның Шығыс пен Батысты тел еміп, адамзаттық өреге көтерілуіне, әрине оқыған кітаптары мен тәлім алған ұстаздарының тигізген әсері орасан зор болғаны анық. Абайға әсер еткен сондай тұлғаның бірі де бірегейі татар халқының ұлы перзенті Шихабеддин Маржани (1818-1889) екені белгілі.
19 Ақпан, 2020
Жұрт көңілі билікке қайтсе толады?
Ұлы ойшыл Абай атамыздың елге барынша танымал «Біріңді қазақ, бірің дос, көрмесең – істің бәрі бос» деген өсиет сөзінің мәнісіне ой жүгіртсек, одан ұлт болып ұйысуда, халқымыздың мүддесі үшін күресте достық, татулық, бірлік ауадай қажет екендігі айқын көрінеді. Ал еліміздің бірлік пен ынтымақты ту етіп, алға басуы үшін бірінші кезекте атқарушы билік өзіне жүктелген міндетті абыроймен атқаруы тиіс.
18 Ақпан, 2020
Қордайдағы жанжал тез тұтанып, соңы қақтығысқа айналды. Бейбіт күнде оқ атылып, жазықсыз жандар опат болды. Әрине, қайғылы жағдай. Қайтыс болған отандастарымыздың отбасыларына көңіл айтамыз. Жаралылардың да тез сауығып кетуін тілейміз.
17 Ақпан, 2020
Жалпы алғанда, республикада жыл сайын 38 мың тонна қой жүні өндіріледі. Оның ішінде 7 мың тоннасы биязы, 4,4 мың тоннасы жартылай биязы және 20,6 мың тоннасы қылшықты жүн. Яғни, Қазақстанда негізінен жартылай қылшықты және қылшықты жүн өндіріледі деген сөз. Ал биязы және жартылай биязы жүнді импорттауға тура келеді.
13 Ақпан, 2020
Еліміздің Қордай ауданының Масаншы, Сортөбе ауылдарындағы болған оқиғалар жұртшылықты дүр сілкіндірді. Жеке адамдардың ортасында болған кикілжің халықтар достығына, қоғамдық келісім мәселесіне сына қаққандай болып отыр. Әрине, оның негізгі себептерін арнайы құрылған комиссия анықтай жатар. Дегенмен қолыма қалам ұстаған журналист болған соң осы оқиғаға орайлас ойыммен бөліскім келеді.
12 Ақпан, 2020
Дәл қазір сексеннің сеңгіріне болат тұяғын тіреп тоқтаған, ұлтшыл жазушы Мұхтар Мағауин ертеректегі бір сұхбатында: «Көшеде келе жатып қарсы ұшырасқан қазақтардың жүзіне қарап-ақ олардың тұла бойындағы ұлттық бояуы мен ана тілін қаншалықты білетінін бірден байқаймын» деген екен. Бұл рухани ой-өрісі кемелдеген тұлғаның бәріне тән құбылыс. Мұны қазақша – сұңғылалық десе, ғылым тілінде – энтелехия деп атайды.
07 Ақпан, 2020