Пікірлер
Әмір Темір заманында ғұмыр кешкен әйгілі шығыс ойшылы Ибн Халдун деген оқымысты «Мұқаддима» атты еңбегінде өркениеттер мен мемлекеттердің де өмірге келгеннен кейін өсіп, өркендейтінін һәм уақыты келгенде өлетінін айта отырып, олардың өшуіне ынсапсыздық пен ысырапшылдықтың себеп болатынын жазған екен.
06 Ақпан, 2020
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жуықта жарияланған «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласында ұлы тұлғаның рухани мұрасын парасат биігінен бағамдай отырып, ақын барлық бастамашылдықта адалдықты жоғары қояды деген тұжырым жасапты.
04 Ақпан, 2020
Дәстүрлі қазақ қоғамында хандармен қатар халық арасынан шыққан билердің ықпалы да, рөлі де жоғары болғаны белгілі. Биге қатаң талаптар қойылған. Олар сайланған жоқ, халықтың арасынан іріктеліп шықты.
03 Ақпан, 2020
Біздің қазақ әлмисақтан байлықты малмен өлшегені мәлім. Оны бата-тілек, мақал-мәтел, жыр-дастандарға қарап-ақ аңғаруға болады.
31 Қаңтар, 2020
2011 жылы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ұялы телефонын пайдалану адам денсаулығына зиянсыз деген пәтуа айтқан еді. Қазір бұл ұйым жоғарыдағы айтқан сөзінен айнуға мәжбүр болып отыр. Өйткені, соңғы кезде қоғам өміріне дендеп енген «ақылды» телефондардың адам денсаулығына, соның ішінде балаларға зияны туралы педиатр-дәрігерлер дабыл қағуда.
30 Қаңтар, 2020
Мұның соңы шетелден келген қонақтардың елімізге деген сеніміне селкеу түсіретінін көріп жүрміз. Неге дейсіз ғой. Тарқатып айтайық.
29 Қаңтар, 2020
Ата-бабаларымыздың байырғы ырым-тыйымын ескерсек, қазақ түнде үйден күл шығармаған, себебі күл төгілген жерді басуға болмайды, түрлі жамандық атаулы күлмен бірге көшеді, күлден шыққан жамандық адамның өзімен бірге үйіне ілесіп барады деп сақтандырған.
28 Қаңтар, 2020
Негізі бизнес бастау қиын емес. Қаржысы бар адам жоспар құрып, түрлі жобалар бойынша кәсібін бастай береді. Бірақ бизнесті қарқынды дамыту қиын. Әрине, мемлекет шағын және орта кәсіпкерліктің дамуы үшін қаншама көмек жасап жатыр. Атап айтқанда, бизнеске қолдау көрсету мақсатымен түрлі тексерістер жүргізуге мораторий енгізілді. Шағын және микро бизнес салықтан босатылды. Осының нәтижесінде елімізде қолға алған кәсібін дөңгелетіп, қаншама адамды жұмыспен қамтып, сапалы өнім шығарып жатқан кәсіпкерлер көп. Қалай айтсақ та, бұл сала ауыл тұрғындарына тұрақты жұмыс беріп, жұмыссыздықты азайтуы тиіс.
27 Қаңтар, 2020
Соңғы жылдары әлем экономикасында «Халал стандарты» дейтін жүйе пайда болды. Тіпті Дүниежүзілік сауда ұйымының құрамында «Total Global Halal industries» атты құрылым өз жұмысын сәтті жүргізіп келеді. Құрылымның құрылтайшысы – Малайзия. Бұл елде шығарылатын өнімнің 95 пайызы халал стандартқа сай.
24 Қаңтар, 2020
Бала кезімізде біздің шап-шағын ауылдың әр жерінде «күнкөсем» тұратын. Контордың, қазіргіше әкімдік кеңсесінің – ауылдың ең көрікті жерінің алдында Ильичтің басына телпек киіп, оң қолымен жарқын болашақты нұсқап тұрған бейнесі болды.
23 Қаңтар, 2020
Интеллигент – интеллект иесі деген сөз. Абайша айтқанда «есті адам». «Интеллигенция» сөзін әлемдік әдебиетке алғаш 1860 жылдары енгізген журналист Боборыкин бұл ұғымды «шығармашылық жұмыспен һәм ой еңбегімен айналысатындар» деген мағынада қолданған.
23 Қаңтар, 2020
Былтыр елімізде кедейлік шегіндегі көп балалы аналар мен отбасыларды қолдауға арналған іс-шаралар қабылданғаны белгілі. Биыл атаулы әлеуметтік көмек беру жүйесіне бірқатар өзгертулер енгізіліп, табысына қарамастан 4 және одан да көп баласы бар отбасыларға тұрақты жәрдемақы және табысы төмендеріне оған қоса атаулы көмек беріле бастады.
22 Қаңтар, 2020
1980-жылдардың ортасында «Комсомольская правда» газеті Мәскеу тұрғыны, Жуковский атындағы әуе-әскери академиясының түлегі, техника ғылымдарының докторы, профессор, полковник Раунақ Есенберлинге өз өміріне әсер еткен тұлға жайлы естелік жазып беруді өтініпті. Раунақ көкеміз әрі-бері ойланып «Мен үшін ерекше адам» деген тақырыппен жалғыз ағасы, тау тұлғалы жазушы Ілияс Есенберлин жайлы қалам тартқан екен.
21 Қаңтар, 2020
Қымбатқа алып, арзанға беретіні несі?!
Бүгінде «Импорттың бәрі керемет, бәрі сапалы» дейтін ұғым-түсінік санадан ысырыла бастағандай. Сондықтан өз елімізде өндірілетін, соның ішінде, әсіресе ауыл шаруашылығы саласында еңбек етіп жүрген жерлестеріміздің табиғи, құнары мол өнімдеріне деген ықыласымыз оянып келеді.
20 Қаңтар, 2020
Жастар жылы жемісін бере бастады. Кеше Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президенттік кадр резервіне іріктелген, електен өткен, жүзден жүйрік шыққан жігерлі жастарды Ақордаға арнайы шақырып, пікірлесті. Бұл жүздесуден болашақта ел билігіне араласатын жастардың қанаттанып әрі жауапкершілік жүгін арқалап шыққаны анық.
17 Қаңтар, 2020
Қазіргі таңда адамзатты алаңдатып отырған дүние азық-түлік өнімдерінің гендік модификацияға ұшырауы. Бұл дегеніміз – жасанды жолмен лаборатория жағдайында өндірілген, қазақша айтқанда будан өнімдер. Мысалы, АҚШ-та жеміс-жидекке жанды организмнің ДНК-сын қосып будан өнім шығару ісі әлдеқашан жолға қойылған. Бұл тәжірибе қазір Қытай экономикасының да жетістігі саналуда.
16 Қаңтар, 2020
Жаңа жыл Таяу Шығыстағы жан түршігерлік шиеленісті әскери оқиғалармен басталды. Зымыраған уақыт көшінде тағы да адам өмірін жойғыш зымырандар алға шықты. Алғашқы зымыран (АҚШ) Иранның әскери қайраткері генерал Касем Сулейманидің өмірін қиды. Үшінші дүниежүзілік соғыс басталды деген дабылдың қағылғаны тектен-тек емес еді, күллі Иран елі даңқты генералының кегін қайтару үшін атқа қонған.
15 Қаңтар, 2020
Лев Толстой атақты «Арылу» (Воскресение) романында кезінде жігіттік желіктің жетегінде кеткен жас бекзаданың күнәдан арылып, сол арқылы кісілік кемелдікке жетуінің кезеңдерін керемет суреттейді. Романда арына дақ түсірген Маслованың алдында ақталудан бастап, қоғамның шынайы кейпімен һәм өзінің ішкі жан дүниесімен бетпе-бет келіп, арпалысу арқылы арылған, тұлғалық толысудың сатыларынан сүрінбей өткен Нехлюдовтың талайлы тағдыры арқылы Абайша айтқанда «толық адамға» айналған Толстойдың өзін көргендейміз. Сондықтан бұл шығарма бізге ұлы жазушының басты туындысы болып көрінеді.
14 Қаңтар, 2020
«Өз басыңа тілемеген істі біреуге істеме»
Рухани-адамгершілік құндылықтар, ұлттық-халықтық дәстүрлер, ізгілік пен сұлулыққа табан тіреген ғибратты аталы сөздер – қоғамның өркендеп-гүлденуіне кең өріс, халықтың тарихи санасының жетілуіне орасан мүмкіндік тудырады.
14 Қаңтар, 2020