Пікірлер
Соңғы күндері әлеуметтік желілерде көліктеріне «Вежливые люди» деген жазуы бар қағаз жапсырып алатын азаматтардың суреттері жиі шыға бастады. Көбі көліктерінің терезесіне жапсыратыны байқалады. Әрине, «әркімнің жеке меншік мүлкі ғой, өзі біледі емес пе?» деп уәж айтқыңыз келетін шығар. Бірақ «сыпайы адамдар-вежливые люди» деген атаудың қайдан шыққанына назар аударып көрдіңіз бе? Бұл жазу ел азаматтарының қандай ниетте жүргенін көрсететін белгі екенін білесіз бе?
22 Мамыр, 2019
Атақты «Жолбарыс тонды жиһангезді» жазған грузиннің ұлы ақыны Шота Руставелидің «Уақыттың уақыты жоқ» дейтін жыр жолдары бар көрінеді. Оны кезінде Мәскеудегі Останкино телестудиясында оқырмандармен кездесу кешін өткізген гүржінің гүрзі қаламды жазушысы, Лениндік сыйлықтың лауреаты Нодар Думбадзенің аузынан естіп білген едік.
21 Мамыр, 2019
«Шымкентке келін болып бара жатырсың. Ертең біздің солтүстікті масқаралап, ата-енеңе тоңқаңдап сәлем салып жүрме!» Министрлікте бірге жұмыс істейтін бірі оңтүстіктен, бірі солтүстіктен келген екі жас Астанада табысып, отау құрмақ ниетпен екі ара құдаласып, алдағы аптада Әсел Шымкентке ұзатылады дегенде әріптес құрбыларының осылай айтып жатқан ақылын естіген сол бөлмеде отыратын жасы үлкен кісі шыдап отыра алмаған.
20 Мамыр, 2019
Туристерді азайта алмай әлек. Ал бізде...
Венеция деген қала бар екенін білесіздер. Пәленбай ғасыр бұрын су үстіне салынған шаһар туристердің сүйікті мекеніне айналғалы қаша-а-ан!
17 Мамыр, 2019
Байқаймын, бізде қандай да бір нақты іс атқарудан гөрі уәде беру көп. Жоғары лауазымды шенеуніктер халық алдында есеп берсе де, жиналыста сөз сөйлесе де біз ана жұмысты қолға алғалы жатырмыз, мына жұмысты қолға алғалы жатырмыз деп уәдеге қарық қылады. Кейде тіпті ана шаруаны енді екі жылдан кейін, ал мына шаруаны үш жылдан кейін бастайтын боламыз дейтіндер де жоқ емес.
16 Мамыр, 2019
Саяси технология – сайлау құралы
Саяси технологтар сайлауға түсушінің жеңуіне қажетті қоғамдық пікірді, имиджді қалыптастыруға тиісті стратегия мен тактиканы айқындайды. Халықтың қалауын дәл басқан саяси технологтардың осындай сайлау стратегиялары мен технологиялары кейде ешкім сенуге тиісті емес адамдардың өзін мемлекет басқаруға сайлата алады.
15 Мамыр, 2019
Қоғамдық пікір һәм жалаң жарнама
Дулат Исабеков айтпақшы, «қиярды да пиармен жейтін» қазіргі қоғамда әркім атқарған жұмысын, аттап басқан қадамын жарнамалауға құмар. Бұл қалыпты құбылыс деуге болады. Дегенмен, пиар деген түсініктің өзі басқа елдерге қарағанда кешеуілдеп келген біздің қоғамда оған бертінге дейін қырын қарап, жасаған жұмысы жоқ, жарнамасы көп адамдарға теліп келген-ді.
14 Мамыр, 2019
Ұрлық та, ұлылық та – тәрбиеден
Қазақ атамыз біреудің ақ-адал малын ұрлап, жеке мүлкін рұқсатсыз жымқырған ұры-қарыны, баукеспе-қарақшыны қатты жазалап, қоғам дертін тамырымен жоюға тырысып отырған.
13 Мамыр, 2019
Өткенге тағзым етуден өзіндік жолымыз бар
Өткен шаққа, тарихымызға, ата-бабаларымыздың өмір жолына құрметпен қарау, олардың ерлікті істерімен мақтанып, оны үлгі тұту бүгінгі ұрпақтың басты міндеттерінің бірі болуы тиіс. Бұл қасиетті міндетті шама-шарқымызша орындап та жүргендейміз. Десек те, осы бағытта азды-көпті айтарымыз бар.
09 Мамыр, 2019
Таяуда Павлодар облысындағы Ақсу қаласының іргесінде басталған «алтын дүрбелеңі» саябырлаған сыңайлы. Ғайыптан тайып байып қалсам деген арманның жетегіне ерген жүздеген адам күрек-сүйменмен қаруланып, экскаватор сияқты ауыр техникалар әкеліп, тып-тыныш жатқан жердің астаң-кестеңін шығарып қазып, күл-топырақты жүк көліктерге тиеп әкетіп, әбден әбігерге түсіп жатқанына куә болған едік. Себебі топырақтың құрамында бағалы металл бар-мыс.
07 Мамыр, 2019
Мұсылман баласы үшін қасиетті Рамазан айы туды. Аллаға бойұсынушы қауым бұл айды «Айлардың сұлтаны» деп ерекше әспеттесе, үлкен ғалым сахаба Абдулла Аббас «күндердің қайырлысы – жұма, айлардың қайырлысы – Рамазан» деген екен.
06 Мамыр, 2019
Қазақ «ынсап сайын береке» деп тегін айтпайды. Өкінішке қарай, ынсапты жиып қойған қазіргі қоғамда менмен бай құдайға да ауыз саладының кері қалыптасты. Байлықтың да бір тоқтығы, бір жоқтығы болады. Кейде орта, кейде толы дүниеде дегдарлықты сақтай білу де дәулеттің дәмін келтірмей ме?! Ал өнер саф тазалықты сүйеді.
03 Мамыр, 2019
Қарашаңырақ деп отырғанымыз – Қазақстан. Қазақстанның түп иесі – қазақ халқы. Қазақ жерінің қасиетін біліп рахмет айтудан жалықпай келе жатқандарға қазақ та риза. Мекендеген жерінің, ішкен суының қадірін білгеннен олар да жаман болған жоқ.
30 Сәуір, 2019
Halyq birligi – basty qundylyq
Elimizde beıbit ómirdiń qalyptasýy, turaqtylyq pen ornyqty damýdyń qamtamasyz etilýi – qoǵamymyzdaǵy kelisim men tatýlyqtyń, rýhanı túsinistiktiń jemisi. Bul jetistikke memlekettik deńgeıde qolǵa alynǵan, ózindik oń yqpaly zor ıgi sharalardyń arqasynda qol jetkizilip otyr.
29 Сәуір, 2019
Áke kórgen jigittiń oq jonatynyn ata-balalarymyz aıtyp ketse de, qazir árbir úshinshi nekeniń sońy ajyrasýmen aıaqtalyp jatqanda, búgingi áleýmettiń ne oılaǵany bar? Jeti atasy túgili, kimnen jaratylǵanyn da bilmeıtin, jalǵyzbasty analarymyz tárbıelep otyrǵan uldardyń minez-qulqynan osy túptiń túbinde kórinetini daýsyz.
26 Сәуір, 2019
Sońǵy jyldary orys tilin qoldaı bermeıtinder qatary kóbeıdi. Biri ana tilimizdiń órisiniń tarylyp qalýyn osydan kórse, endi biri orys tilin mektepterde oqytýdy toqtatý kerek dep jatyr. Halyqaralyq til sanalatyn aǵylshyn tilin múıizdeýshiler de barshylyq.
25 Сәуір, 2019
Bar ómirin adam quqyǵy úshin kúreske arnaǵan Nelson Mandela: «Eger siz bir adammen ol túsinetin tilde sóılesseńiz, onyń oıymen bólisesiz. Al eger siz onyń tilinde sóılesseńiz, onda júregine jol tabasyz» depti. Bul ómirlik tájirıbeden alynǵan aqıqat. Biraq bul jalǵyz tilge ǵana qatysty oı emes. Onyń máni áldeqaıda tereńde jatqany ómir qaıshylyǵyn kórsetedi. Jáne mundaı jaǵdaıda ár adam jalpyǵa tán tilmen emes, naqty nátıje shyǵar izgilikti ispen júrekke jol salsa eken deıdi.
24 Сәуір, 2019
Qazaqta «kisilik bir basqa, kidilik bir basqa» degen sóz bar. Qazirgi qoǵamda osy eki uǵymdy jıi shatastyratyn sıaqtymyz. Kidilikti kisilik dep uǵatyndar bar. Sońynan topyraq shashatyndar «Kisi bolyp ketipti» dep jazǵyryp jatady. Iá, tilegin oryndamaǵany, ıá, jóndi qarym-qatynasqa beıil tanytpaýy, ıá, basqa da jaqtyra qoımaǵan minez-qulyqty «kisilikpen» jazǵyrý múlde durys emes sıaqty. Bul – eń áýeli kidilik. Al kisilik degenimiz joǵary adamı qasıet qoı! Aldymen kisilikke jetip alaıyq...
22 Сәуір, 2019
Qazirgi tańda adam balasy úshin asa zıandy nárseniń biri – alkogóldy ishimdikter. Bul pálekettiń qoǵamǵa zarary jaıly az aıtylyp jatqan joq. Dúnıejúzilik densaýlyq saqtaý uıymynyń normatıvi boıynsha jan basyna shaqqanda alkogóldik ishimdikterdi 8 lıtrden kóp paıdalanatyn eldiń genofondy degradasıaǵa ushyraıdy eken. Bizdiń eldegi jaǵdaı bul mejeden áldeqashan asyp ketken.
19 Сәуір, 2019
Álemdik ádebıettegi eń belgili esimderdiń biri, shyǵarmalary oqyǵan bette shyrmap alatyn Gı de Mopassannyń fransýzdar men prýsıalyqtardyń arasyndaǵy soǵys shyndyǵyn sýretteıtin shaǵyn ǵana «Mademýazel Fıfı» atty ǵajap áńgimesi bar. Fransýz qalasyn basyp alǵan Prýsıa áskeri jeńisine masattanyp, toı toılap, ofıserleri ishimdikke mas bolyp, saıran salý úshin saraıǵa jeńil júristi qyzdardy shaqyrady.
18 Сәуір, 2019