Әдебиет • 16 Қаңтар, 2026
Ұлттық болмысты айшықтаған ақын
Ақын Жанат Әскербекқызы есімімен оның өзін көрмей тұрып, марқұм Табылды Досымовтың «Қара гүл» әнін тыңдаған сәттен таныспын.
Ауыр атлетика • 16 Қаңтар, 2026
Осы аптаның басында Қызылорда облысы спорт басқармасының бастығы Бақтияр Артаевтың бұйрығымен Алмас Өтешовтің ауыр атлетикадан аталған өңірдің аға жаттықтырушысы болып тағайындалғанын естігенде, кәдімгідей қуанып қалдық.
Білім • 16 Қаңтар, 2026
Мұғалімдердің білім сапасы қай деңгейде?
Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы «Ел түзету ісін бала оқыту ісін түзетуден бастауымыз керек» деген еді. Бала оқыту ісіндегі басты мәселе – маман мәселесі. Кез келген саланың дамуы сондағы қызмет ететіндердің кәсіби әлеуетіне тікелей тәуелді. Ендеше, білім саласындағы мамандардың біліктілік деңгейі қандай?
Ән • 16 Қаңтар, 2026
«Құс едің ғой, кең далаға бауыр басқан...»
Адам жаны тыныштықтан жай табатыны бар. Төңіректе мүлгіген тыныштық орнағанда кісі санасында сан түрлі ой салтанат құрады. Терең ойдың түбін таба алмай тұңғиыққа батасың. Айналаға көз тастап, әудем жерде қанатын сермеп ұшқан құстарға қарайлайсың. Тіршілік қамытын олар да мойнына іліп алғандай көрінеді. Жанұшыра ұшқан құстардың даусы да, тізбегі де керемет көріністі көз алдыңа әкеледі. Көкжиек төсін шарлай ұшқан олардың әрбір қимылы сан түрлі суретке толы ма деп топшылайсың.
Руханият • 16 Қаңтар, 2026
Қырғыз халқының рухани әлемі туралы сөз болғанда «Манас» жырынан кейін міндетті түрде Шыңғыс Айтматовтың есімі аталатыны белгілі. Осы ретте өмірі мен шығармашылығын тұтастай «Манас» пен Шыңғыс Айтматов әлеміне арнап келе жатқан Абдылдажан Ақматалиев туралы сөз болғанда да осы ұлттың рухани қазынасына, жаңаруына тоқталмай кете алмайсыз.