Күрес • 16 Қаңтар, 2026
Қазақстан күрес федерациясының президенті Еркін Оқасов Швейцарияда Біріккен күрес әлемі ұйымының (UWW) басшысы Ненад Лаловичпен кездесті. Жоспарлы кездесуде күресті дамыту, халықаралық серіктестікті нығайту жайы талқыланды.
Таным • 16 Қаңтар, 2026
Шанхайдағы Пушкин ескерткіші: Екі рет қиратылып, қайта тұрғызылған кешен туралы аз-кем әңгіме
Халқымызда «Жүргенге жөргем ілігеді» деген сөз бар. Бұл уақытпен санаспай, жолсапарларға жиі шығатын журналист қауымына қаратып айтылған ұғым секілді болып көрінеді бізге. Иә, расында да, ол солай. Неге десеңіз, жылдың қай мезгілінде де суыт жүрістен танбаған тілші, репортерлердің бармайтын жері, баспайтын тауы жоқ. Сондай кезде әріптестеріміз көптеген жайтты көреді. Неше түрлі нәрселерге кезігіп, қызық оқиғаларға куәгер болады. Бірақ ол тақырыптар сол уақыттағы іссапарлар бойынша редакция талап еткен мақалалардың мақсат-мүддесіне сәйкес келмей, қағаберісте қалып қойғанын да айта кетпеске болмайды. Десек те, кейін әйтеуір бір қажетке жарайды-ау деп ойлағанбыз. Сол интуиция бізді алдамапты. Олай дейтініміз, құрметті оқырман, өздеріңіздің алдарыңыздағы мына шағын штрих, фрагмент, миниатюралардан тұратын жазбаларымыз. Журналистің қойын дәптеріндегі әр жылдарғы дерек-дәйектерден түзіліп алынған бұлар сіздердің талап-талғамдарыңызға сай келіп жатса, бек қуаныштымыз. Сонымен...
Аймақтар • 16 Қаңтар, 2026
Қонаев қаласында Президенттің тапсырмасына сәйкес, жол-көлік инфрақұрылымы жыл сайын дамып келеді. Облыс орталығы болғалы барлық ескі автобус жаңартылып, қала мен ауылдар арасында қатынайтын бағыттар ашылып, жолаушыларға тиімді жағдай жасалып жатыр.
Қоғам • 16 Қаңтар, 2026
Бәсеке заманда кәсіп меңгергеннің бәсі жоғары
Былтыр «Skills Enbek» кәсіптік оқыту платформасында 570 мың азамат, оның ішінде 53,5 мың жұмыссыз онлайн-курстарды сәтті аяқтап, сертификат алған. Бүгінде платформада барлығы 1,5 миллионнан астам пайдаланушы тіркелсе, олардың 925,7 мыңы қатарға былтыр қосылыпты.
Ән • 16 Қаңтар, 2026
«Жаңбыр төкті» әні қалай туды?
Өнерде шекара жоқ дейміз. Әсіресе ауылы аралас, қойы қоралас жатқан қазақ пен қырғыз өнерінің кеңістігі тіптен жақын. Көрші ауылда ғажап бір ән туса, дабырасы мен даңғазасы қазақ топырағына жетпей қалмайды. «Жамгыр төктү эч басылбай, Биз келаттык көл-шал болуп. Жол кароого коз ачырбайт, Бет алдыдан шамал согуп». Әуезі аңызға айналған әйгілі «Жаңбыр төкті» де бізге осылай жеткен. Әні бірден елітіп, жазда төккен ақ жауындай жылы әсер етті. Тоңдырған жоқ. Қырғыз асып келген жауынды жыр талай жанды жұбатты. Өз тілімізде шырқалып, өз әніміздей құлаққа сіңді.