Қоғам • 16 Қаңтар, 2026
Өнеркәсіп өрістеп, тұрмыс түзелген
Кереге таулы Кеген ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуында айтарлықтай оң өзгерістер бар. Тұрғындардың тұрмыс-тіршілігі жақсарып, әл-ауқаты арта түскен. Негізінен мал мен ауыл шаруашылығын кәсіп еткен өңірде кейінгі жылдары өндіріс өрісі де кеңейіп келеді. Тамылжыған табиғаты туризмнің қарқын алуына таптырмас негіз. Соның нәтижесінде экономикалық маңызы бар бірегей жобалар жоспарланып, жүзеге асырыла бастағаны өңір жұртшылығын қуантып отыр.
Қоғам • 16 Қаңтар, 2026
Балалар әдебиетінің бағбандары
Алматыдағы Ұлттық кітапханада Жазушылар одағы жанындағы Балалар мен жасөспірімдер әдебиеті жанрлық кеңесінің панельдік сессиясы өтті.
Өнер • 16 Қаңтар, 2026
Кейде адамның тағдырын бір ғана сәт шешеді. Бір қимыл, бір ишара, бір сәттік батылдық. Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Мәкіл Құланбаевтың өмірінде сондай шешуші мезет – «ұшып жүрген шыбынды ұстау» сәті еді. Сол бір көзге көрінбес қимыл қазақ театр өнеріне өлмейтін өмір, өшпейтін есім сыйлады.
Қоғам • 16 Қаңтар, 2026
«Deepfake» – дінбұзар технология
Қазір жасанды интеллект көмегімен жасалған фейк ақпарат кеңінен таралады. Әрине, ЖИ оны өзінен өзі жасап шығармайды, нейрожелінің бұл мүмкіндігін алаяқтар ұтымды пайдаланып отыр. Саясаткерлер, қоғам қайраткерлері, жалпы танымал тұлғалардың «егіздерін» жасап, дауысын келтіріп, атынан жалған ақпарат таратып, қоғам санасына сіңіріп жатыр. Ең сорақысы, бақиға озған адамдардың да бейнесін жасап, желіге таратқан соң, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы (ҚМДБ) бірден ресми мәлімдеме жасады.
Театр • 16 Қаңтар, 2026
«Еңлік–Кебек» спектаклінің мерейтойлық қойылымы
Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының 100 жылдығына орай Алматы қаласында «Еңлік–Кебек» спектаклінің мерейтойлық көрсетілімі өтті. Айтулы шара – ұлт руханиятының қалыптасу жолына, кәсіби қазақ театрының тарихына тағзым еткен маңызды мәдени оқиға болды.