Заң мен Тәртіп • 16 Қаңтар, 2026
Есірткі қылмысын еңсеретін жоспар
Ұлттық құрылтай бастамалары аясында бірқатар маңызды тұжырымдамалық құжат әзірленді. Соның бірі – өткен жылдың аяғында Үкімет қаулысымен бекітілген Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі 2026–2028 жылдарға арналған кешенді жоспар. Бұған дейінгі 2023–2025 жылдарға арналған кешенді жоспардың жалғасы ретінде өмірге келген жаңа құжатта есірткіге қарсы күрес саласындағы кейінгі пайда болған сын-қатерлерді еңсерудің нақты қадамдары көрініс тапқан.
Энергетика • 16 Қаңтар, 2026
Энергетика қауіпсіздігі инфрақұрылымды жаңартудан басталады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Turkistan» газетіне берген сұхбатында энергетика саласындағы реформаны «Тәуелсіздік алғаннан бері жүргізілетін ең ауқымды әрі кешенді өзгеріс» деп бағалап, инфрақұрылымның тозуы мәселесін алғаш рет жоғары деңгейде ашық әрі нақты айтты.
Саясат • 16 Қаңтар, 2026
Премьер-министр Олжас Бектенов жұмыс сапарымен Алматы облысына барды. Сапар аясында Мемлекет басшысының халыққа Жолдауында қойылған Алатау қаласы базасында инвестицияларды, технологиялар мен іскерлік белсенділікті тартудың жаңа экономикалық полюсін қалыптастыру жөніндегі тапсырмалардың орындалу барысы қаралды.
Үкімет • 16 Қаңтар, 2026
Еліміздің жоғары оқу орындары берген дипломдар алдағы уақытта Азия-Тынық мұхиты аймағы елдерінде танылмақ. Сенат спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен өткен палата отырысында ЮНЕСКО шеңберінде әзірленген жоғары білім беру саласындағы біліктілікті тану туралы Токио конвенциясы ратификацияланды.
Алматы • 16 Қаңтар, 2026
Алматының ғылыми-өндірістік қуаты зор
Премьер-министр Олжас Бектенов жұмыс сапары барысында Алматыда Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің «Ядролық физика институтында» (ЯФИ) болып, негізгі қондырғылар мен өндірістік алаңдардың жұмысымен танысты.