Театр • 13 Қаңтар, 2026
Былтыр Қызылорда қаласының ел астанасы атанғанына 100 жыл толды. Шағын шаһардан ел астанасына айналып, сол мәртебені төрт жыл иеленіп тұрған қалада ел дамуының негізі қаланды. Жұрт байтағы Сырдан Алатау баурайына көшкенге дейін уақыт аралығында Қызылордада денсаулық сақтау, білім беру орындары көбейді. Ең бастысы – 1926 жылы 13 қаңтарда мемлекеттік театр алғаш қойылым сахналап, театр мәдениетінің алғашқы парағы ашылды.
Медицина • 13 Қаңтар, 2026
Өмір мен өлім арбасқан алты сағат
Бір мезетте екі бірдей күрделі операция... Ұлттық нейрохирургия орталығында симультантты операция сәтті жүргізілді. Аталған науқасты қоса есептегенде, бұл – Нейрохирургия орталығында бүгінге дейін жасалған бесінші операция. Яғни осы күнге дейін төрт науқасқа босандыру кезінде басына күрделі операция қатар жасалған еді. Асқан жауапкершілік жүктелген операция қалай өтті?
Тұлға • 13 Қаңтар, 2026
Астанада Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Жалпы биология және геномика» кафедрасының профессоры, биология ғылымдарының докторы, Сардарбек Әбиұлының 80 жылдық мерейтойына арналған «Ғылымға және білімге ғұмыр арнаған тұлға» атты дөңгелек үстел өтті. Жиынға ғалымның әріптестері мен шәкірттері, бала күнінен бірге өскен дос-жарандары түгел жиналып, микология ғылымының майталманы туралы, оның ғылыми мектебі мен ұстаздық өнегесі турасында мазмұнды әңгіме өрбітті.
Құрылыс • 13 Қаңтар, 2026
Құрылыс кодексі: ең алдымен – халық мүддесі
Президент 9 қаңтар күні Құрылыс кодексіне қол қойды. Бұл – қоғам арасында өте белсенді талқыланған құжат болды: заң жобасына – 2 мыңнан астам, ал оған ілеспе заңдарға 260-тан аса түзету енгізіліпті. Осы түзетудің бәрі жұмыс тобының екі жыл ішінде өткен 80 отырысында жан-жақты сараланған. Сан мәрте сүзгіден өткен құжатта лоббистік мүддеден гөрі азаматтардың қауіпсіздігі мен құқы көбірек ескерілген, дейді сарапшылар. Кодекстегі жаңашылдықтар шын мәнінде жүзеге асса, онда ол халықтың өмір сүру сапасына оңынан әсер ететін бірден-бір маңызды құжат болмақ.
Әдебиет • 13 Қаңтар, 2026
Қазақ оқырманына бұл жазушының әйгілі кейіпкері 60-жылдардан таныс (қазақшаға орыс тілінен аударғандар – Т.Кәкішев пен Қ.Орманбаева). Сол ағылшын жазушысы Артур Конан Дойль 1893 жылы кенеттен күтпеген бір іс жасады. Ол сериалы детективті шығармасына кейіпкер болған Шерлок Холмсты «өлтірді». Сол тұста Холмс жай ғана кейіпкер емес, жұрт арасында нағыз құбылысқа айналған еді. «The Strand Magazine» журналында жарияланған оның детективтік оқиғалары Ұлыбритания мен өзге елдердің оқырмандарын бірден баурап алды. Әр жаңа сан шыққан сайын оқырмандар теміржол дүңгіршектерінде кезекке тұрып, журналдың кезекті санын алуға асығатын.