Саясат • 27 Қаңтар, 2026
Азық-түлік бағасы тұрақты бақылауда
Үкіметте Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен жиында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының апта ішіндегі динамикасы қаралды. Талдау нәтижесі көрсеткендей, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы өскен жоқ.
Келешек мектептері • 27 Қаңтар, 2026
Салтанатты жиында өңір басшысы жиналған жұртшылықты ауыл балаларының жарқын болашағына жол ашатын жаңа мектептің ашылуымен құттықтап, білім – ел дамуының тұғыры екенін атап өтті. Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан азаматтар облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды. Осындай құрмет білім ұясын сапалы, өз уақытынан кешіктермей салып, ел игілігіне берген мердігер мекеме «Бақ-береке» серіктестігінің мамандарына да көрсетілді.
Келешек мектептері • 27 Қаңтар, 2026
Білім мен ғылымның орталығы саналатын Алматыда жаңа мектептер бой көтеріп, оқу орталықтарының саны артып келеді. Қазір мегаполисте 350-ден аса мектепте 300 мыңнан астам оқушы білім алып жатыр. Биыл «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында 11 700 орынға арналған 8 мектеп ашу жоспарланып отыр. Былтыр 12 мектеп пайдалануға берілді.
Мирас • 27 Қаңтар, 2026
Семей қаласында ұлттық ойындарды дәріптеуге бағытталған «Абайдың зияткерлік ізімен» тоғызқұмалақ үйірмесі өз жұмысын бастады. Үйірме Абай облысының Қоғамдық келісім орталығы мен өңірлік тоғызқұмалақ федерациясының бірлесуімен ашылды.
Білім • 27 Қаңтар, 2026
Батыс Қазақстан облысындағы Ақжайық ауданына қарасты Базаршолан ауылында орта мектеп ғимараты жаңғырту жұмысынан кейін су жаңа кейіпке енді.