Қоғам • 05 Ақпан, 2025
Облыстық «Зерде» байқауында Мамлют ауданындағы Белое ауылының 7-сынып оқушысы Вероника Печенкина өзі ойлап тапқан «Android»-қа салатын «Magic Dictionary» қосымшасын ұсынып, жүлдегерлер қатарынан көрінді.
Форум • 05 Ақпан, 2025
«Industrial AI»: стартаптар серпілісі
Алматыда «Атакент» іскерлік орталығында Digital Almaty-2025 «Industrial AI: жаңа дәуірге арналған технологиялар» халықаралық форумы өтті. Еуразиялық экономикалық одақ және әлемнің өзге елдерінен жиналған сарапшылар жасанды интеллекттің заманауи жетістіктерімен танысты.
Ән • 05 Ақпан, 2025
Еріксіз байлап-матап қоятын нәрселер болады. Біреулер құбылыс, тылсым деп жатады. Өтіп бара жатып кілт тоқтайсың да, арбалып тұрып қаласың. Мәселен, «Менің атым – Қожа» немесе «Тақиялы періште» сынды фильмдерге әлі күнге «қадалып» қалатынымыз бар. Тура сол сияқты эфирде «Дариға-дәурен» әні қалықтаған жылдары да әлгіндей күйді талай кешкенбіз. Иә, ақын Несіпбек Айтұлының сөзіне жазылған Тұрсынжан Шапайдың әні «Дариға-дәуренді» Рамазан Стамғазиев орындағанда еріксіз мойын бұратынбыз. Ән баурап, өзіне байлап-матап алатын. Өнер деген осы да.
Қоғам • 05 Ақпан, 2025
«TikTok»-тағы тағылымды тартыс
Оқу-ағарту министрлігі мен Ғылым және жоғары білім министрлігі «TikTok» желісінде тағылымды контентті насихаттау мақсатында ұстаздарға арналған байқау өткізді. Желідегі жарысқа мектеп мұғалімдері, колледж және жоғары оқу орындарының оқытушылары қатысты. Олар өз пәндеріне сәйкес келетін қысқа танымдық бейнежазбаны платформада жариялап, жүлделерді сарапқа салды. Нәтижесінде, сайыс ұйымдастырушыларына 80 мыңнан астам бейнежазба жолданған.
Өнер • 05 Ақпан, 2025
Табиғаттың тылсым күйін жырламаған талант жоқ шығар, сірә. Әсіресе сан қырлы, сан түсті табиғаттың әр құбылысын тура сол деңгейде, шынайы беруге тырысқан, талпынған суретшілер жетерлік. Иә, қылқалам ұстаған қауым үшін табиғат – мәңгілік тақырып. Өзбек кәсіби бейнелеу өнерінің бастауында тұрған қандасымыз Орал Таңсықбаевтың да шығармашылықтағы таусылмас жыры, үзілмес әні осы тақырып болды.