Спорт • 30 Шілде, 2025
«Самұрық-Қазына» қолдауымен алғаш рет Астанада жүзуден Әлем кубогі өтеді
Қазақстан су спорты саласындағы ірі жетістікке қол жеткізді – жүзуден Silk Road-2026 Әлем кубогінің финалдық кезеңі алғаш рет елімізде өтеді. Дүбірлі доданы бас қала – Астана қабылдайды. Бұл туралы Сингапурде өткен World Aquatics конгресінде белгілі болды. Биыл су спорты түрлерінен World Aquatics Championships 2025 чемпионаты Азияның осы елінде өтіп жатыр. Оған 200 елден 1000-нан астам спортшы қатысып, оның ішінде отандастарымыз да бақ сынауда.
Қоғам • 30 Шілде, 2025
Енді такси қызметін пайдаланғандарға кэшбек қайтарылады
Ел азаматтары такси қызметін пайдаланғаны үшін 2%-ға дейін кэшбэк алып, бағалы сыйлықтар ұтысына қатыса алады. Бұл туралы салық мәліметтері операторы «Бухта» хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 30 Шілде, 2025
Ел экономикасында серпін байқалды
Халықаралық валюта қоры Қазақстан экономикасына қатысты болжамын жақсартып отыр. Жаңа деректерге сәйкес, 2025 жылы елдің жалпы ішкі өнімі 5%-ға өседі. Бұған дейінгі шілде алдындағы болжам 4,9% еді – енді сәл де болса жоғары көрсеткіш тіркелді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 30 Шілде, 2025
Мемлекет басшысы Марокко Короліне құттықтау жеделхатын жолдады
Қасым-Жомарт Тоқаев VI Мұхаммед пен оның отандастарын Марокко Корольдігінің ұлттық мейрамы – Таққа отырған күнімен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Әлем • 30 Шілде, 2025
АҚШ пен Қытай сауда бітімін ұзарту мәселесінде келісімге келді
Стокгольмде АҚШ пен Қытай арасындағы сауда қатынастарында 90 күндік бітімді ұзарту жөніндегі келіссөздер өтті. Екі тарап келіссөздерді конструктивті деп бағалады, деп хабарлайды Egemen.kz Reuters агенттігіне сілтеме жасап.