Әлем • Кеше

АҚШ пен Қытай сауда бітімін ұзарту мәселесінде келісімге келді

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Стокгольмде АҚШ пен Қытай арасындағы сауда қатынастарында 90 күндік бітімді ұзарту жөніндегі келіссөздер  өтті. Екі тарап келіссөздерді конструктивті деп бағалады, деп хабарлайды Egemen.kz Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

АҚШ пен Қытай сауда бітімін ұзарту мәселесінде келісімге келді

Кездесудің басты мақсаты — әлемдік экономикалық өсімге қауіп төндіріп отырған АҚШ пен Қытай арасындағы сауда шиеленісін бәсеңдету болған.

Келіссөздер барысында нақты нәтижелер туралы хабарланбағанымен, тарифтік бітім мерзімін ұзарту туралы соңғы шешімді АҚШ президенті Дональд Трамп қабылдайтыны белгілі болды. Егер бітім ұзартылмаса, тарифтер қайтадан жоғары деңгейге көтерілуі мүмкін.

АҚШ қаржы министрі Скотт Бессент Трамптың бітімді ұзартуға қарсы шығуы екіталай екенін мәлімдеген.

«Келіссөздер өте пайдалы әрі оң бағытта өтті. Дегенмен, біз әлі нақты шешім қабылдаған жоқпыз», деді ол.

Трамп бұған дейін Еуропалық одақ, Жапония, Индонезия және басқа елдермен сауда келісімдеріне қол қойған болатын.

Бессент Трамппен сәрсенбі күні кездесіп, шешім соның негізінде қабылданатынын айтқан. Сондай-ақ келесі америкалық-қытайлық келіссөздердің 90 күннен кейін өтуі мүмкін екенін де атап өтті.

Мамыр айында тараптар өзара баж салығын едәуір төмендетуге келіскен: Қытайдан АҚШ-қа жеткізілетін тауарларға 115%-дық тариф 30%-ға дейін, ал АҚШ өнімдеріне Қытайдағы тариф 10%-ға дейін қысқарған.

 

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда күн суытады

Ауа райы • Кеше