Астана қаласындағы автобус аялдамаларында үш тілде электронды кітапхана орнатыла бастады. Бұл туралы қала әкімі Әсет Исекешев фэйсбук парақшасында хабарлады.
«Қаладағы аялдамаларда электронды кітапxана орната бастадық. 3 тілде. QR код терсеңіз болды. Астаналықтар көбірек кітап оқыса деген ойымыз бар. Мереке құтты болсын!» деп жазды Әсет Исекешев.