Алтын күздің алғашқы күндері әдеттегідей қуанышпен басталды. Жаз бойы алаңсыз демалған оқушылар мектептерімен сағыныса қауышқан болса, мыңдаған бүлдіршіндер тұңғыш рет партаға отырып, білім мұхитына құлаш ұрды.
G M T Определить язык Азербайджанский Албанский Английский Арабский Армянский Африкаанс Баскский Белорусский Бенгальский Бирманский Болгарский Боснийский Валлийский Венгерский Вьетнамский Галисийский Греческий Грузинский Гуджарати Датский Зулу Иврит Игбо Идиш Индонезийский Ирландский Исландский Испанский Итальянский Йоруба Казахский Каннада Каталанский Китайский (Упр) Китайский (Трад) Корейский Креольский (Гаити) Кхмерский Лаосский Латинский Латышский Литовский Македонский Малагасийский Малайский Малайялам Мальтийский Маори Маратхи Монгольский Немецкий Непали Нидерландский Норвежский Панджаби Персидский Польский Португальский Румынский Русский Себуанский Сербский Сесото Сингальский Словацкий Словенский Сомали Суахили Суданский Тагальский Таджикский Тайский Тамильский Телугу Турецкий Узбекский Украинский Урду Финский Французский Хауса Хинди Хмонг Хорватский Чева Чешский Шведский Эсперанто Эстонский Яванский Японский Азербайджанский Албанский Английский Арабский Армянский Африкаанс Баскский Белорусский Бенгальский Бирманский Болгарский Боснийский Валлийский Венгерский Вьетнамский Галисийский Греческий Грузинский Гуджарати Датский Зулу Иврит Игбо Идиш Индонезийский Ирландский Исландский Испанский Итальянский Йоруба Казахский Каннада Каталанский Китайский (Упр) Китайский (Трад) Корейский Креольский (Гаити) Кхмерский Лаосский Латинский Латышский Литовский Македонский Малагасийский Малайский Малайялам Мальтийский Маори Маратхи Монгольский Немецкий Непали Нидерландский Норвежский Панджаби Персидский Польский Португальский Румынский Русский Себуанский Сербский Сесото Сингальский Словацкий Словенский Сомали Суахили Суданский Тагальский Таджикский Тайский Тамильский Телугу Турецкий Узбекский Украинский Урду Финский Французский Хауса Хинди Хмонг Хорватский Чева Чешский Шведский Эсперанто Эстонский Яванский Японский Звуковая функция ограничена 200 символами Настройки : История : Обратная связь : Donate Закрыть№4 Күршім орта мектебі аудандағы ең іргелі білім ошағы саналады. Мұнда өткен оқу жылын 489 оқушы аяқтап, олардың ішінде 96 үздік, 160 оқушы екпінді атанған болатын. Ал 11-сыныпты бітірген 35 түлектің 23-і ҰБТ-ға қатысып, 16 бала жоғары оқу орнына түсті, 15 түлек колледж студенттерінің қатарын толықтырды. Осы айтулы күні бұл мектепте тағы бір ғибратты шара өтіп, мұның өзі мектеп ұстаздары мен оқушыларының шынайы ризашылығына себепкер болған еді.
Қазақ КСР халық ағарту ісінің үздігі, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қызметкері, «Құрмет белгісі» орденінің иегері, Күршім ауданының құрметті азаматы, белгілі педагог Қуанышбай Сембаевтың есімі көпке әйгілі. Саналы ғұмырының 45 жылын ұстаздыққа арнаған ардагер тәлімгер осы өмір жолының 42 жылын білім саласының басшылығында өткізген-ді. Аудандағы бірнеше мектепке директор болып, кейіннен аудандық халық ағарту бөлімінің меңгерушілігіне тағайындалған Қ.Сембаев жауапты қызметті 17 жыл бойы мінсіз атқарды.
Парасатты педагогтардың отбасында тәрбиеленген ұрпағы математика пәнінің даусыз білгірі атанған әкелеріне арнап кабинет жабдықтап беруді мақсат тұтқан екен. Сол ниеттің орындалуы бүгінгі сәтті күнге дөп келіп, қарт ұстаздың өзі 15 жыл бойы жас буынға дәріс берген №14 математика кабинеті барынша ұқыпты жабдықталып, жаңарып-жаңғырып, есігін айқара ашты. Бұл бөлме бұдан былай «Ардагер ұстаз Қуанышбай Сембаев атындағы кабинет» деп аталады.
– Осы бір ой бізді көптен бері мазалап жүрген болатын, дейді қарияның үлкен ұлы, ҰҚК Шекара қызметінің ардагері, запастағы полковник Қайрат Сембаев. – Ақырында ағайынды бесеуіміз бір келісімге келдік. Бірлесе қаржы жинап, әкеміздің атына бір кабинет жабдықтап беруге шешім қабылдадық. Бәрі заңды да ресми болуы үшін алдымен осы №4 Күршім орта мектебі директорының атына өтініш жаздық. Бұл хатымыз мектептің педагогикалық кеңесінде талқыланып, бірауыздан қолдауға ие болды. Сонымен бірге әр оқу жылы аяқталған сайын осы мектептің математика пәнін үздік бітірген бір түлегіне 100 мың теңге көлемінде сыйақы беріп отырмақ болған едік. Бұл ұсыныс та қабылданды. Біз қажетті материалдарды жеткізіп беріп тұрдық, жөндеу-жаңғырту жұмыстарына да атсалыстық. Мектеп ұжымы барынша көмектесіп, кабинеттің көңілдегідей шығуы үшін аянбай күш жұмсады. Осындағы барша шаруаға тиянақты да табанды басшылық жасаған мектеп директоры Оралбек Сейітқазинге айтар алғысымыз зор.
Кабинеттің ашылу салтанатына ардагер ұстаздың өзі де зайыбымен бірге қатысып, осы шараға мұрындық болған ұлдарына, кезінде өзі басшылық жасап, тәрбиелеген мектеп ұжымына шын көңілден шыққан әкелік алғысын арнады. Осынау білім ордасының қашанда биіктен көрініп, табыстарға жете беруіне тебірене тұрып тілектестік білдірді.
Қарттың ұлдары, бұрынғы әскери қызметкерлер Қайрат пен Жанболат өз тілектерін ортаға сала келе, әкелері салып кеткен сара жолды жас ұрпақтың лайықты деңгейде жалғастырып, мектеп беделін биіктете берулеріне тілек білдірді. Еңбек ардагерлері М.Қасымбаева, С.Тәкенова, мектеп ұстаздары Т.Майқынова, Н.Пельц құттықтау тілектерін арнап, қарт тәлімгерге ұзақ ғұмыр, баянды бақыт тіледі.
– Президентіміздің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру», сондай-ақ өңірімізде жолға қойылған «Туған жерге – тағзым» бағдарламалары аясындағы көптеген акциялардың қатарына бүгінгі шара да қосылып отыр, – деді осы кездесуді тұжырымдаған мектеп директоры О.Сейітқазин. – Жас буынға өнеге боларлықтай мағыналы шара екендігі даусыз. Ағайынды Сембаевтардың бұл істерін қуана құптадық және осындай игі шаралар одан әрі жалғасын таба берсін деп тілейміз. Кабинет жабдықтау дәстүрі бұрыннан бар, ал үздік оқушыға сыйақы тағайындап отырғандарыңыз – бұл өңірдегі жаңа бастама, оның келешекте шәкірттерді жақсы оқуға ынталандыра түсері сөзсіз. Сондықтан да бәрімізге үлгі болған ардагер ағамызға, ол кісіге лайықты ұрпақ болып отырған сіздерге көп рахмет!
Сембаевтар әулеті кабинетті жыл сайын жөндеп, жаңартып отыруға уәде берді.
Хасен ЗӘКӘРИЯ, журналист Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданы