Ал қысқаша талабы мен шарттары төмендегідей:
⠀
Байқауға қатысушы үміткер облысқа қарасты аудан-қала атынан қатыстырылады;
⠀
Әр аудан-қаланың мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі 2 үміткерге ұсыныс бере алады;
⠀
Жасына шек қойылмайды;
⠀
Қағида таратылған соң ғана түсірілген 3-5 минуттық бейнефильмдер қабылданады;
⠀
Түсірілім мен монтаждан бөлек, сюжеттік байланысы, сценарийіне де назар аударылады;
⠀
Заманауи техникалық әдістеріне мән беріледі;
⠀
FullHD, HD форматта жасалуы тиіс;
⠀
Бір үміткер 1 немесе 2 фильм ұсына алады.
⠀
Үміткер 1 қарашаға дейін түсірілім жұмыстарын жасап, 1-10 қараша аралығында ok_madeniet@mail.ru поштасына жолдау керек. 10-20 қараша аралығында @turkistanoblmadeniet парақшасына салынады. Жарияланған бейнефильмді тарату, бөлісу үміткердің өз құзырында.