• RUB:
    6.46
  • USD:
    510.19
  • EUR:
    582.79
Басты сайтқа өту
Үкімет 05 Қараша, 2020

Асқар Мамин Қырғыз Республикасының Премьер-Министрімен телефон арқылы сөйлесті

204 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Асқар Мамин қырғыз тарапының бастамасымен Қырғыз Республикасының Премьер-Министрі, Президенті міндетін атқарушы  Садыр Жапаровпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Тараптар Қазақстан мен Қырғызстанның сауда-экономикалық, транзит-көлік және су-энергетика салаларындағы ынтымақтастығының жай-күйі мен келешегін талқылады.

ЕАЭО және ТМД аясындағы өзара іс-қимыл мәселелері, сондай-ақ COVID-19 таралуына қарсы күрестегі тәжірибе қаралды.