• RUB:
    6.46
  • USD:
    510.19
  • EUR:
    582.79
Басты сайтқа өту
Қоғам 13 Қараша, 2020

Дәріханаларға мониторинг жұмыстары жалғасуда

164 рет
көрсетілді

Шығыс Қазақстан облысында ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ШҚО бойынша Департаментімен және "Шығыс - Адалдық алаңы" жобалық кеңсесі дәрі-дәрмектерге бағаның негізсіз көтерілуін анықтау және дәрі қорының жеткілікті болуын бақылауда ұстап отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Осы орайда "Шығыс – Адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің менеджерлері Өскемен қаласының шет аумақтарында орналасқан бірнеше дәріханаларды аралап, дәрі қорының жеткілікті болуын, сонымен қатар санитарлық талаптардың сақталуын қадағалады.

Жобалық кеңсе менеджерлері дәрі-дәрмектерге бағаның негізсіз көтерілуіне жол бермеу мақсатында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, дәріхана сатушыларына тұтынышуларға сапалы қызмет көрсетуге шақырды.