• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Күрес 30 Қаңтар, 2022

Элмира Сыздықова Ресейдегі күрес турнирінде бас жүлде иеленді

620 рет
көрсетілді

Әйелдер күресінен Қазақстан командасының өкілі Элмира Сыздықова «Иван Ярыгин» беделді Гран-при турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Egemen.kz Ұлттық Олимпиада комитетіне сілтеме жасап.

Ол 76 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде алтын медаль жеңіп алды. Ақтық жарыста Сыздықова Беларусь спортшысы Ксения Дзибукты 15:4 есебімен ұтты.

Атап өтейік, жартылай финалда ол Мария Силинаны сенімді ұтқан. Жарыс Ресейдің Краснояр қаласында өтіп жатыр.