• RUB:
    6.65
  • USD:
    521.57
  • EUR:
    601.01
Басты сайтқа өту
Аймақтар 04 Ақпан, 2022

Атырауда 160-қа жуық сотталған азамат рақымшылыққа ілінді

328 рет
көрсетілді

Атырауда есептегі сотталғандардың 160-қа жуығы рақымшылыққа ілінді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Өткен жылы Тәуелсіздіктің 30 жылдығына байланысты Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне өзгерістер енгізілді, соның бірі – рақымшылық.

Polisia.kz сайты таратқан мәліметке сүйенсек, Атырау қалалық пробация қызметіндегі 740-қа жуық есепте тұрған қоғамнан оқшауланбай сотталғандардың 160-қа жуығына рақымшылық заңы қолданылған.

Қазіргі таңда оларға қатысты жадығаттар Атырау қалалық №2 сотына жолданып, онлайн режимінде оның 93-і қаралған. 33-і қылмыстық жазадан босатылып, 60-қа жуығының жазаны өтеу мерзімдері қысқартылды.