• RUB:
    5.03
  • USD:
    488.26
  • EUR:
    530.54
Басты сайтқа өту
15 Маусым, 2010

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ЗАҢЫ

708 рет
көрсетілді

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КЕЙБІР КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ЗАҢДАРЫНА ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ – ЕЛБАСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ САЛАСЫНДА ЗАҢНАМАНЫ ЖЕТІЛДІРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ӨЗГЕРІСТЕР МЕН ТОЛЫҚТЫРУЛАР ЕНГІЗУ ТУРАЛЫ 1-бап. Қазақстан Республикасының мына конституциялық заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1. “Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы” 1995 жылғы 28 қыркүй­ектегі Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 17-18, 114-құжат; Қазақстан Республикасы Парламен­тінің Жаршысы, 1997 ж., № 12, 192-құжат; 1998 ж., № 7-8, 71-құжат; № 22, 290-құжат; 1999 ж., № 10, 340-құжат; № 15, 593-құжат; 2004 ж., № 7, 45-құжат; 2005 ж., № 7-8, 17-құжат; 2006 ж., № 23, 138-құжат; 2007 ж., № 12, 85-құжат; 2009 ж., № 2-3, 5-құжат): 53-баптың 3-тармағының екінші бөлігі “Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентіне” деген сөздерден кейін “– Елбасына” деген сөзбен толықтырылсын. 2. “Қазақстан Республикасының Прези­денті туралы” 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республи­касының Конституциялық заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 24, 172-құжат; Қазақстан Республикасы Парла­мен­тінің Жаршысы, 1999 ж., № 10, 343-құжат; 2006 ж., № 23, 137-құжат; 2007 ж., № 12, 82-құжат): 4-баптың 4-тармағының екінші сөйлемі “Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентіне” деген сөздерден кейін “– Елбасына” деген сөзбен толықтырылсын. 3. “Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті туралы” 2000 жылғы 20 шілдедегі Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына (Қазақстан Республикасы Парламен­тінің Жаршысы, 2000 ж., № 10, 232-құжат): 1) тақырып “Президенті” деген сөзден кейін “– Елбасы” деген сөзбен толықты­рылсын; 2) кіріспедегі “қалаушылардың бірі, Қа­зақстан халқының бірлігін, Конс­титуцияны, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау­ды қамтамасыз еткен Қазақстан хал­қының көшбасшысы ретінде респуб­лика” деген сөздер “қалаушы, Қа­зақстан халқының бірлігін, Конституцияны, адамның және азаматтың құқықтары мен бос­тандықтарын қорғауды қамтамасыз еткен Елбасы ретінде Қазақстан Рес­публикасы” деген сөздермен ауыстырылсын; 3) бұдан әрі бүкіл мәтін бойынша “Қа­зақстан Республикасы Тұңғыш Пре­зиден­тінің”, “Қазақстан Республика­сы­ның Тұң­ғыш Президентіне”, “Қазақстан Респуб­ликасының Тұңғыш Президенті”, “Қазақстан Республикасы Тұңғыш Пре­зиденті”, “Қа­зақстан Республикасының Тұңғыш Прези­дентін”, “Қазақстан Рес­публикасының Тұң­ғыш Прези­дентімен”, “Қазақстан Рес­пуб­ликасының Тұңғыш Президентінің” де­ген сөздерден кейін тиісінше “– Елба­сының”, “– Елба­сына”, “– Елбасы”, “– Елбасы”, “– Ел­­басын”, “– Елбасымен”, “– Ел­басы­ның” деген сөздермен толықтырылсын; 4) 1-бап мынадай редакцияда жа­зылсын: “1-бап. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының мәртебесі және өкілеттігі Осы Конституциялық заңда Қазақ­стан Республикасы Президентінің Қа­зақстан Рес­публикасының Конституция­сында, “Қазақ­стан Республикасының Президенті туралы” Конституциялық заңда және республиканың басқа заңдарында көзделген өкілеттіктерімен қатар Қазақстан Республикасы Тұңғыш Пре­зидентінің – Елбасының саяси-құқықтық мәртебесі, өзі Қазақстан Рес­публикасы Пре­зидентінің өкілеттіктерін тоқтатқаннан кейінгі де Қазақстан Рес­публикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының айрықша құзыреттері мен кепілдіктері айқындалады. Қазақстан мемлекеттілігін құрудың бас­тауында тұрған және демократиялық, зай­ырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде егемен Қазақстанды дамытуға аса зор үлес қосқан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Елбасы болып табылады. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентіне – Елбасына Қазақстан Республикасының Президенті болып сайлану құқығына шектеу қолданыл­майды. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентіне – Елбасына оның тарихи миссиясына байланысты өмір бойы: 1) Қазақстан халқына, мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдарға мем­ле­кеттік құрылыстың, елдің ішкі және сыртқы саясаты мен қауіпсіздігінің аса маңызды мәселелері бойынша тиісті мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар міндетті түрде қарауға жататын бастамалар жасау; 2) Қазақстан Республикасы Парла­менті мен оның палаталарының алдын­да, рес­публика Үкіметінің отырыста­рында ел үшін маңызды мәселелерді талқылау кезінде сөз сөйлеу; Қазақстан халқы Ассамблеясын басқару; Қазақстан Республикасы Консти­туциялық Кеңе­сінің, Қауіпсіздік Кеңесінің құрамына кіру құқығы тиесілі. Мемлекеттің ішкі және сыртқы сая­са­тының негізгі бағыттары бойынша әзірле­нетін бастамалар Қазақстан Рес­публика­сының Тұңғыш Президентімен – Елбасымен келісіледі. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Пре­зидентінің – Елбасының заңды қызметіне кедергі жасауға, Қазақстан Рес­публикасы Тұңғыш Президентін – Елбасын көпшілік алдында қорлауға не­месе оның абыройы мен қадір-қасиетіне өзгедей қол сұғуға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Тұңғыш Пре­зидентінің – Елбасының бейнесін бүлдіруге жол берілмейді және ондай әрекеттер заңмен қудаланады.”; 5) 2-баптың 1) тармақшасы “Пре­зиденті” деген сөзден кейін “– Елбасы” деген сөзбен толықтырылсын; 6) 3-бап мынадай редакцияда жазылсын: “3-бап. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентіне – Елбасына ешкімнің тиіспеушілігі Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентіне – Елбасына ешкімнің тиі­суіне болмайды. Ол өзі Қазақстан Республикасы Президентінің өкілеттігін орындау кезеңінде жасаған, сондай-ақ олар тоқтатылғаннан кейін – Қазақстан Республикасының Тұң­ғыш Президенті – Елбасы деген өз мәрте­бе­сін жүзеге асыруға байланысты іс-әрекет­тері үшін жауаптылыққа тартылмайды. Оны ұстауға, қамауға алуға, тінтуге, одан жауап алуға не оның жеке басын тексеруге болмайды. Тиіспеушілік Қазақстан Республи­ка­сының Тұңғыш Президентіне – Елба­сына және онымен бірге тұратын отбасы мүше­леріне жеке меншік құқығымен тиесілі бар­лық мүлікке, сондай-ақ олар пайдаланатын тұрғын және қызмет үй-жайларына; қыз­меттік көлігіне; байланыс құралдарына; хат-хабарларына; оларға тиесілі құжаттарға қолданылады. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентіне – Елбасына және онымен бірге тұратын отбасы мүшелеріне жеке меншік құқығымен тиесілі мүлікке қандай да бір шектеу қойылмайды. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Пре­зидентінің – Елбасының және оны­мен бірге тұратын отбасы мүшелерінің банктік шоттарының банктік құпиялығы мен оларға қол сұғылмауына кепілдік беріледі.”; 7) 4-баптың бірінші бөлігіндегі “Кеңсесі құрылады” деген сөздер “– Елбасының Кеңсесі құрылады, Кеңсе өз міндеттерін орындау үшін соның алдында ғана жауапты болады” деген сөздермен ауыстырылсын; 8) 9-бап мынадай редакцияда жазылсын: “9-бап. Қор, мұражайлар, бюстер, жеке мұрағат және жеке кітапхана Қазақстан Республикасының Тұңғыш Пре­зиденті – Елбасы Қазақстан Республи­касы Президентінің өкілеттігін орындаған кезеңде Қазақстан Республи­касы Тұңғыш Президентінің – Ел­басының қорын, жеке кітапханасы мен жеке мұрағатын құрады және қалып­тастырады. Қазақстан Республикасы Президен­тінің өкілеттігін тоқтатқаннан кейін жеке кітап­хана мен жеке мұрағат Қазақстан Респуб­ликасы Тұңғыш Президентінің – Елба­сының меншігіне өтеді. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Пре­зидентінің – Елбасының туған же­рінде және Қазақстан Республикасының астана­сында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының мұражайлары құрылады және оның бюстері орнатылады.”; 9) 10-баптағы “конституциялық өкілет­тігін” деген сөздер “Қазақстан Республикасы Президентінің өкілеттігін” деген сөздермен ауыстырылсын; 10) 12-бап мынадай редакцияда жа­зылсын: “12-бап. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының қызметін қамтамасыз етудің қаржы­ландыру көздері және өзге де мәселелері Осы Конституциялық заңда көз­дел­ген шығыстарды, оның ішінде Қазақстан Рес­пуб­ликасы Тұңғыш Президентінің – Елба­сының қорын толықтыру мен ұстауға және оның үй-жайларын күзе­туге, жеке кітап­ханасы мен жеке мұра­ғатын сақтауға көз­делген шығыстарды қаржыландыру рес­публикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады. Қазақстан Республи­касының Тұңғыш Президентіне – Елбасына және онымен бірге тұратын отбасы мүше­леріне тұрғын үй, медициналық, санаторий-курорттық, көліктік және өзге де қызмет көрсетуді уәкілетті мемлекеттік органдар қамта­масыз етеді.”. 2-бап. Осы Конституциялық заң алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қол­данысқа енгізіледі. Осы Конституциялық заң Парламент Сенатының Төрағасы Қ.К.Тоқаевтың, Парламент Мәжілісінің Төрағасы О.Б.Мұхамеджановтың, Премьер-Министр К.Қ.Мәсімовтің қолдары қойылып тиянақталғандықтан, ол осы Конституциялық заңның құқықтық әдептілігін және оның заңдылығына аталған лауазымды тұлғалардың заңдық жауапкершілігін айғақтайды. Астана, Ақорда, 2010 жылғы маусымның 14-і. № 289-ІV ҚРЗ