• RUB:
    6.31
  • USD:
    512.34
  • EUR:
    582.07
Басты сайтқа өту
Құрылыс 27 Сәуір, 2025

«Сақалды» құрылыстың салмағы

60 рет
көрсетілді

Облыс орталығындағы бірнеше көпқабатты тұрғын үйлердің құрылысы дер кезінде аяқталмай, алаңдаушылық туғызып отыр.

11 қабатты тұрғын үйдің құрылысы 2023 жылы басталған болатын. Әзірге аяқталар түрі көрінбейді. Сарыарқа шағын ауданында А және Б позицияларындағы екі тұрғын үйдің құрылысы 2021 жылы басталған. Пайдалануға берілу мерзімі – биылғы жыл. Мердігер ұйымның өкілдері бірінші позициядағы көп қабатты тұрғын үйдің құрылыс жұмыстарының кешігуі жұмыс күшінің жетпеуіне байланысты деп түсіндіреді. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстарының 60 пайызы ғана орындалған. Екінші тұрғын үйдегі қолбайлау сыртқы инженерлік желілердің жоқтығы. Құрылыс материалдарын жеткізуге байланысты да бірқатар мәселелер туындап отыр. Осы екі сақалды құрылыстың салмағы елге түспей, уақытында тыңғылықты аяқталса, жүзден астам қала тұрғыны арзан баспана алып, қоныс тойын тойлар еді.

Қала әкімі Әнуар Күмпекеевтің мәлімдеуінше, Сарыарқа шағын ауданында бірқатар күрделі нысандар бар. Тұғын үйлердің жұмысының қожырауы мердігер ұйымдардың өзара үйлесімді жұмыс істемеуінен көрінеді. Әрі жоба құжаттары да толық емес. Инженерлік коммуникациялардың болмауы жұмыс қарқынына әсер етуде.

 

Көкшетау.