• RUB:
    6.35
  • USD:
    514.5
  • EUR:
    582.67
Басты сайтқа өту
Аймақтар Бүгін, 13:34

Оралдық ардагер параспортшы 80 шақырымды жаяу жүріп өтті

50 рет
көрсетілді

Ардагер параспортшы Құбайдолла Хасанов Ұлы Жеңістің құрметіне орай 80 шақырымдық жаяу жүрісті сәтті аяқтады деп хабарлайды Egemen.kz.

Батыс Қазақстан облысында мүгедектер спортының дамуына елеулі үлес қосқан ардагер параспортшы, Құбайдолла Хасанов Жеңістің 80 жылдығына орай 80 шақырым қашықтықты жаяу жүріп өтті. 79 жастағы спортшы марафонның соңғы бөлігінде күн сайын 10 шақырымнан жүруіне тура келген.

«Құбайдолла Хамзаұлының ІІІ топ мүгедегі, аяғынан алған жарақаты бар екенін ескерсек, бұл — шынайы ерлік пен рухтың айқын көрінісі болды» дейді БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Бақдәулет Сәбитов.

8 мамыр күні Бақдәулет Сәбитов ардагер спортшыны арнайы қабылдап, алғыс хат табыстады. Бұл бастама жастарға үлгі, ел спортына қосқан өлшеусіз еңбек екенін атап өтті.

Құбайдолла Хамзаұлы — пара пауэрлифтингтен 2 дүркін Азия чемпионы. Ол 2004 жылы — Үндістанда, 2006 жылы — Филиппинде жеңіс тұғырына көтерілген болатын. Сондай-ақ өңірдегі параспорт қозғалысының дамуына белсенді түрде үлес қосып келе жатқан ағамыз өзінің саналы ғұмырын ел спорты мен салауатты өмір салтын насихаттауға арнаған.