• RUB:
    6.3
  • USD:
    509.51
  • EUR:
    570.6
Басты сайтқа өту
Қоғам Кеше

Шалғай аудандағы балаларға арналған оңалту орталығы ашылды

70 рет
көрсетілді

Шалқар аудандық ауруханасының жанында  тірек-қозғалыс бұзылыстары бар балаларды оңалту орталығы ашылды. Бұл орталық «Қазақстан халқына» қорының «QH Аудандық оңалту орталықтары» қайырымдылық жобасы аясында іске асырылды, деп жазады Egemen.kz ақпарат агенттігі. 

Алдағы уақытта  Ақтөбе облысының Байғанин, Ырғыз, Шалқар аудандарында тұратын 600 мүгедектігі бар бала осы орталықта  тегін емделіп,  оңалту-сауықтыру шараларынан өтеді.

Ақтөбе облысы әкімдігінің қолдауымен  ғимарат беріліп,  балалардың жүріп-тұруына кедергі келтірмейтін жайлылық пен ыңғайлылық жағдайында, бірыңғай дизайн үлгісінде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.  Сондай-ақ «Қазақстан халқына» қоры   181,2 млн теңгеге  оңалтуға  арналған  құрал-жабдықтар сыйлады.

Емделуге келгендер үшін Ottobock вертикализаторлары, Rifton  жүйелері, велотренажерлер, Tyrostation жаттықтырғыштары, «Атлант» пневмокостюмдері және бірнеше жаттығу кешендері сатып алынды. Бұдан өзге  сенсорлық бөлме, тұз шахтасы, шунгит бөлмесі, сумен емдеуге лайықталған иммерсионды ванна да бар. Мүгедектігі бар балаларды емеду-сауықтырумен айналысатын  жүйке жүйесі ауруларын емдейтін дәрігерлер, оңалтушы, логопед-дефектолог, психолог және емдік денешынықтыру нұсқаушысы, эрготерапевт  арнайы біліктілік курстарынан өтті.

Ақтөбе облысы.