• RUB:
    6.58
  • USD:
    517.45
  • EUR:
    598.59
Басты сайтқа өту
Ғалам ғажаптары Бүгін, 08:20

Ақылды қала

20 рет
көрсетілді

Күзге қарай Жапониядағы әйгілі «Toyota» компаниясы әлемдегі алғашқы толықтай автономды ақылды қала – «Woven City» жобасын іске қоспақ.

Қала Токиодан 140 шақырым жерде орналасқан. Аумағы – 71 гектар. Алғашқы кезеңде онда 100 адам, «Toyota» инженерлері мен олардың отбасылары тұрады. Кейін тұрғындар саны 2000 адамға дейін көбейеді. Қаладағы адамдар екі топқа бөлінеді: бір тобы жаңа технологияларды ойлап табады, екіншісі оларды күнделікті өмірде қолданады. Қалада тек жүргізушісіз көліктер жүреді. Тұтынатын тауарлар жерасты жолы арқылы автоматты түрде жеткізіледі. Энергия сутек отыны мен күн панельдерінен алынады. Барлық үйде жасанды интеллект пен роботтар орнатылады. 2026 жылдан бастап қалаға туристердің келуіне рұқсат беріледі.