• RUB:
    6.62
  • USD:
    518.34
  • EUR:
    607.18
Басты сайтқа өту
Үкімет Бүгін, 09:06

Жезқазған қаласының жылу желілерін жаңғыртуға қаржы бөлінді

30 рет
көрсетілді

Қазақстан Үкіметі Жезқазған қаласындағы жылу желілерін реконструкциялау және жаңғырту жобасына қосымша 2,8 млрд теңгеден астам қаражат бөлді. Бұл қаржы жобаның үшінші іске қосу кешенінің екінші кезеңін жүзеге асыруға бағытталады. Тиісті қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жезқазған қаласында жалпы ұзындығы 398 шақырым болатын жылу желісі бар. Аталған инфрақұрылым 1951 жылы пайдалануға берілген, бүгінде тозу деңгейі 56,6%-ды құрайды. 1969 жылы іске қосылған 8 сорғы стансасы жұмыс істейді. Қазіргі таңда жылу желілеріндегі шығын 35–40%-ға дейін жетіп, жылумен қамту сапасына кері әсерін тигізіп жатыр. Бұл жаңа құрылыстарды жүйеге қосуға кедергі келтіріп отыр.

«Жезқазған қаласының кеңеюін және салынып жатқан жаңа Батыс ауданын жылумен қамтамасыз ету қажеттілігін ескере отырып, реконструкциялау мен жаңғырту бойынша бастапқы жоба түзетілді: құбырлардың диаметрі 800 мм-ден 1000 мм-ге дейін, ал реконструкциялауға жататын желілердің ұзындығы 11,4 шақырымнан 12,3 шақырымға дейін ұлғайтылды», делінген хабарламада.

Резервтен бөлінген қаржы 98 мыңнан астам тұрғыны бар Жезқазған қаласының жылу желілерін сапалы дайындауға және алдағы жылыту маусымында үздіксіз қызмет көрсетуге мүмкіндік береді.