• RUB:
    6.63
  • USD:
    519.58
  • EUR:
    609.36
Басты сайтқа өту
Өнер Бүгін, 08:10

Қытайда өткен еларалық фестиваль

10 рет
көрсетілді

Қытайдың Циндао қаласында өткен ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің мәде­ниет министрлерінің ХХІІ кеңесі аясын­да­ өнер және жастар әні фестивалінің ­салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Іс-шараның мақсаты – Шығыс пен Батыс арасындағы мәдени байланыстарды дамыту, ұлттық дәстүрлерді насихаттау және ШЫҰ елдері арасындағы достықты нығайту.

Фестивальде Қазақстан атынан «Дарын» Мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаттары Садраддин Болат (Sadraddin) пен Рухия Байдүкенова қатысты.

Ашылу рәсімі жастар ән кеші форматында өтіп, ШЫҰ елдерінің мәдени әралуандығын ай­шық­тады. Сахнада әртістер поп, джаз, опера және аспаптық музыка жанрлары бойынша өнер көр­сетті.

2025 жылдың 7 шілдесінде Қытай Халық Республикасында ШЫҰ-ға мүше елдердің мәде­ниет министрлерінің ХХІІ кеңесі өтті. Қазақ­стан делегациясын бастаған Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева іс-шараның жо­ғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтіп, ШЫҰ-ның мәдени диалогті дамытуға және гу­ма­ни­тарлық ынтымақтастықты кеңейтуге арналған ма­­ңыз­ды халықаралық алаңға айналғанын айтты.