Бурабай баурайында қанен-қаперсіз демалып жатқан адамдардың мүлкін ұрлау жиілеп кетті, деп жазады Egemen.kz.
Демалушылар жеке заттары мен қаражаттарының қолды болғанын айтып шағымдануда. Суық қолдды сұғанақтардың іс-қимылдары бір-бірінен айнымайды. Олар ғимараттарға терезе арқылы кіріп, көзге ілігетін заттарды үптеп кетеді екен.
Полиция қызметкерлері бейнебақылау камераларына түскен оқиғаларды зерттеп, ондаған адамдарға сұрау салып, із кесті. Осындай мұқият жұмыстың нәтижесінде Астана қаласының 30 жасар тұрғыны күдікті болып көрінді. Ол да курортты аймаққа демалуға келіпті. Қас қарая демалыс үйшіктерінде қай терезенің ашық қалғандығын аңдып жүреді екен. Қазір ұрының өзге қылмыстық істерге қатысы бар-жоғы тексерілуде.
Ақмола облысы,
Бурабай ауданы.