• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Әлем 25 Шілде, 2025

Кипрдегі орман өртінен 2 адам қаза тапты

50 рет
көрсетілді

Кипрдің Лимассол мен Пафос аймақтарында болған орман өрті 124 шаршы шақырым аумақты жайлады. Табиғи апаттың салдарынан 29 ауыл электр жарығынсыз қалған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жергілікті биліктің мәліметінше, екі адам қаза тауып, отызға жуық адам түрлі жарақат алған. Қауіпті аумақтардан тұрғындар мектептерге, әкімшілік ғимараттарына, кітапханалар мен жеке үйлерге көшіріліп жатыр.

Өртті сөндіруге Иордания, Египет және Испания мамандары көмектескен.

Қатты жел мен аптап ыстық тілсіз жаумен күресті қиындатып отыр. Облыста ауа температурасы +44 градусқа дейін жылыды. Билік ауа райының қауіпті деңгейін «қызыл» деп жариялады.