• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Спорт Кеше

Рахмонов титулдық жекпе-жекке қатысты шешім қабылдады

20 рет
көрсетілді

DAR Team командасының жаттықтырушысы Эдуард Базров қазақстандық UFC жекпе-жекшісі Шавкат Рахмоновтың (19-0) келесі жекпе-жегіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.

– Шавкаттың келесі жекпе-жегі туралы нақты ештеңе айта алмаймыз. Әрине, биыл-ақ шаршы алаңға шыққымыз келеді, бірақ қазір Шавкаттың жағдайы белгілі. Дәл уақытын айта алмаймын. Қазір жаттығуларды бір күнде бір рет өткізіп жүрміз. Дегенмен, жекпе-жекке қатысты нақты жауап жоқ, – деді Базров Betonmobile басылымына берген сұхбатында.

Сонымен қатар, ол Рахмоновтың ресейлік Ислам Махачев (27-1) пен дивизион чемпионы австралиялық Джек Делла Маддалена (18-2) арасындағы титулдық жекпе-жекте қосалқы боксшы ретінде қатысу мүмкіндігіне де тоқталды.

– Ислам Махачев пен Джек Маддалена арасындағы титулдық жекпе-жекте қосалқы боксшы болуымыз екіталай. Біз, бәлкім, бұл ұсынысқа келіспейміз. Тағы да қайталап айтамын, барлығына белгілі белгілі бір мәселелер бар. Қазір сол кезеңнен өтіп жатырмыз, – деп атап өтті ол.

Еске сала кетейік, биылғы 27 шілдеде Шавкат Рахмоновтың жұбайы мен ұлы Алматы – Екатеринбург тас жолында жол апатына түсті. Toyota Land Cruiser 200 жүргізушісі рөлге ие бола алмай, көлік аударылып кеткен. Оқиға салдарынан екі әйел қаза тапты.