• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Заң Бүгін, 10:25

Назарбаев университеті пәтеріндегі қару-жарақ дауы: Полиция тергеуді бастады

70 рет
көрсетілді

Астанада Назарбаев университетіне қарасты пәтерден қару табылуына байланысты сотқа дейінгі тергеу басталды, деп жазады Egemen.kz.

Бұған дейін депутат Мұрат Әбенов осы іске байланысты шетел азаматтары ұсталып, қару-жарақ арсеналы табылғанын мәлімдеген еді. Алайда полиция бұл ақпаратты ішінара жоққа шығарды. Полицияның хабарлауынша, іске қатысты ешкім ұсталмаған, бірақ атыс қаруының табылғаны дәлелденді. Сонымен қатар табылған қарулардың тарихи құндылығы бар антикварлық бұйымдар екені айтылды.

Депутаттың мәлімдемесі бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде резонанс тудырды. Дегенмен, құқық қорғау органдары да, Назарбаев университеті де Мұрат Әбеновті жауапкершілікке тартуға негіз жоқ екенін жеткізді. Ал Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек университетке қатысты тексеріс жүргізуге себеп жоқ екенін мәлімдеді. Оның айтуынша, оқу орнында оқытушыларға берілетін немесе жалға ұсынылатын қызметтік пәтерлер бар.

Сонымен қатар табылған заттар бойынша полиция сотқа дейінгі тергеуді жалғастырып жатыр. Іс 21 сәуір күні Сарайшық аудандық полиция басқармасында атыс қаруын, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды немесе құрылғыларды заңсыз иемдену, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру бабы бойынша тіркелген.

Аталған бапқа сәйкес, кінә дәлелденген жағдайда 19,6 миллион теңгеге дейін айыппұл салу немесе 5 жылға дейін бас бостандығын шектеу жазасы қарастырылған. Қазір тергеу нақты кімге қатысты жүргізіліп жатқаны жарияланбаған.

Соңғы жаңалықтар