• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Тағзым Бүгін, 10:33

Жазушы рухына тағзым: АҚШ-та Мұхтар Мағауинге көктас қойылды

50 рет
көрсетілді

АҚШ-та Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Мұхтар Мағауин қабіріне көктас қойылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұл туралы әлеуметтік желіде әдебиеттанушы Елдос Алаш жазды.

«АҚШ-тағы қазақ алыбының мазары. Бүгін көктасы қойылған екен. Рухы шат болсын», деп жазды ол.

Мағауин әлемі

Айта кетейік, Мұхтар Мұқанұлы Мағауин 1940 жылы 2 ақпанда Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданы Баршатас ауылында дүниеге келген. Жазушы 2025 жылдың қаңтар айында АҚШ-та өмірден өтті. Ол Мэриленд штатындағы Роквилл қаласында жерленген.

Нұрболат АМАНБЕК

Соңғы жаңалықтар