Жетісу облысында бұрынғы «G.» ЖШС директоры Ж. есімді азамат 2022-2023 жылдары аталған аймақ пен Алматы облысының ауыл шаруашылығы басқармаларына өңдеу үшін алынған шикі сүттің құнын асыра көрсетіп, жалған құжат ұсынған, деп жазады Egemen.kz.
Ұсынылған құжаттардың негізінде серіктестікке жалпы сомасы 333 917 107,5 теңге көлемінде субсидия аударылған. Десе де, серіктестік құжатта көрсетілген міндеттерді орындамай, бюджет қаражатын мақсатсыз жұмсаған.
3 млрд теңгеден астам залал: Қостанайда субсидияны заңсыз иемденген қылмыстық топ сотталды
«Сот Ж.-ны кінәлі деп танып, жаза тағайындау кезінде жасалған қылмыстың қоғамдық қауіптілік сипаты мен дәрежесін, сотталушының жеке басы туралы деректерді, сондай-ақ жеңілдететін мән-жайларды (шынайы өкінуі, кәмелетке толмаған балаларының болуы) және ауырлататын мән-жайлардың жоқтығын ескерді. Осыған байланысты айыпталушыға 5 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, 7 жыл мерзімге коммерциялық және өзге ұйымдарда материалдық жауапты лауазымдарды атқару құқығынан айырылды», делінген Жетісу облысы соты таратқан хабарламада.
Субсидияны заңсыз рәсімдеген: Түркістан облысында кооператив басшысы 4 жылға сотталды
Айта кетейік, 2025 жылы сот шешімімен зауыттың қызметіне тыйым салынған. Сол кезде күдіктінің заңсыз алынған субсидияның 110 млн теңгесін казиноға жұмсағаны хабарланған.